Метка: Басты оқиғалар

  • 21 наурызда ауа райы күрт бұзылады

    21 наурызда ауа райы күрт бұзылады

    Синоптиктер алдағы жұма, 2025 жылдың 21 наурызына арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды.

    «Қазгидромет» РМК деректері бойынша жауын-шашынсыз ауа райы еліміздің оңтүстік-шығысында ғана күтіледі.

    «Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады: жауын-шашын (жаңбыр мен қар) болады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстік өңірде көктайғақ түрінде ортақ табиғи құбылыстар көрінісі күтіледі», деп болжанады.

    Ал гидрологиялық болжамға келетін болсақ, алдағы тәулікте оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы өзендерінде температуралық фонның жоғарылауына байланысты су деңгейінің ауытқуы байқалады.

  • «Бишімбаевтың айтқандары шындық»: ашулы Байтасов Баталовқа шүйлікті

    «Бишімбаевтың айтқандары шындық»: ашулы Байтасов Баталовқа шүйлікті

    Арман Байтасов парақшасында досы Райымбек Баталовқа қатысты жазба жариялап көпшілікті ойға қалдырды.

    Белгілі кәсіпкер және медиа-магнат Арманжан Байтасов өзінің соңғы мәлімдемесінде қоғам назарын аударды. Ол эмоцияға беріліп Райымбек Баталов туралы желідегі парақшасына жазады. Алайда кейін мүмкің ашуы басылған болуы керек жазбасын алып тастаған.

     «Егер сен үшін ар-ұят жоқ болса, бәрі шындықты білсін» деп жазды.

    Осылай дей келе Байтасов Бишімбаев сотындағы әңгімені еске салады.

    “Бишімбаевтың сотта айтқандары жай ғана сөз емес. Бұл жасыруға келмейтін деректер”- деді Байтасов.

    Қос кәсіпкердің арасында қандай қара мысық жүгіріп өткен әзірге белгісіз.

    Арада бір күн өткеннен кейін Арманжан Байтасов Райымбек Баталовпен жанжалдасып, жазба жариялағаны туралы ақпаратты жалған деп атады. Ол Баталовпен 30 жылдан бері араласатынын, уақыт ішінде араларында ешқандай келіспеушілік те, оған себеп те болмағанын жазды.

  • Жалған полицейдің жарнамасы айыппұлмен аяқталды

    Жалған полицейдің жарнамасы айыппұлмен аяқталды

    Алайда оның бұл әрекетін клиенттер емес, нағыз полиция қызметкерлері бағалады.

    Тексеру нәтижесінде оның құқық қорғау органдарына ешқандай қатысы жоқ екені анықталды. Жарнамасы сәтсіз аяқталып, айыппұл арқалады, ал формалық киім тәркіленді.

  • Тоқаев «Қазатомпром» басшысының есебін тыңдады

    Тоқаев «Қазатомпром» басшысының есебін тыңдады

    Өндірілген уран көлемі – 23 мың тонна, сатылғаны – 16,6 мың тонна. Компания 1,8 трлн теңге табыс тауып (+26%), салық төлемдері 58%-ға өсіп, 720 млрд теңгеге жетті. «Үлбі-ТВС» зауыты жылына 200 тонна төмен байытылған уран өндіру қуатына шықты.

    Кездесуде жаңа келісімшарттар, әлемдік нарықтағы жағдай және 2034 жылға дейінгі даму стратегиясы талқыланды. 2024 жылы 170 мың тонна уранға барлау жүргізуге лицензия алынған. Мемлекет басшысы саланы дамыту және әлеуметтік жобаларды іске асыру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

  • Жыл басынан бері 37,7 мың қазақстандық бакнрот деп танылды

    Жыл басынан бері 37,7 мың қазақстандық бакнрот деп танылды

    Орталық коммуникациялар қызметінде жеке тұлғаларды банкрот деп тану қызметіне жүгінгендердің статистикасы мәлім болды. Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметовтің айтуынша, соттан тыс банкроттық рәсімдеу қызметіне сұраныс жоғары.

    – 2023 жылы банкроттыққа тапсырған азаматтардың өтініштер саны 77 380 болса, 2024 жылы – 83 057, ал 2025 жылдың 3 айында 37 746 болды. Азаматтар арасында соттан тыс банкроттық рәсімі ең көп сұранысқа ие болып қала бермек. Өйткені бұл тәсіл борышкерді банктер мен микроқаржы ұйымдарының, коллекторлық агенттіктердің алдындағы міндеттемеден босатады. Аталған рәсім шеңберінде 2023 жылы 8 255, 2024 жылы 11 533, 2025 жылдың 3 айында 2 366 азамат банкрот деп танылды, – деді Сейілжан Ахметов.

    Түрлі себептермен банкроттық рәсімнен орта жолда бас тартатындардың саны азайған. 2023 жылы бас тарту саны 62 738 болса, 2024 жылы – 59 792-ға түскен.

    – Сот арқылы банкрот деп танылғандардың саны да өсті. Мәселен, 2023 жылы тек 1 азамат банкрот деп танылса, 2024 жылы – 135, 2025 жылдың басынан 23 адам сот шешімімен банкрот деп танылды, – деді комитет басшысының орынбасары.

  • Вице-министр Қожағапанов 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

    Вице-министр Қожағапанов 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

    Мәдениет және спорт вице-министрі болған Ерлан Қожағапановтың үстінен қозғалған іс бойынша сот аяқталуға жақын.

    Бұл туралы Антикор төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев хабарлады.

    – Қожағапанов пен мердігерлік ұйымның басшысының ісі сотта қаралып жатыр. Әңгіме аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру туралы болған. Шығын бір миллиард теңгеден асады. Қазір сот процесі жүріп жатыр. Аяқталуға жақын. Баптың санкциясы бойынша 7-12 жылға дейінгі жаза тағайындалуы мүмкін, – дейді Құрақбаев.

    Еске салайық, бұған дейін былтыр Ерлан Қожағапановтың  ұсталғанын және оның үстінен тергеу қозғалғаны хабарланған болатын. Ресми ақпарат бойынша, ол коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасасуды қолдаған.

  • Бас архитектор 92 млн теңге пара алғаны үшін 7 жылға сотталып кетті

    Бас архитектор 92 млн теңге пара алғаны үшін 7 жылға сотталып кетті

    Ведомствоны басқарған 33 жастағы Мұратбек Тәшенбаев пара алу және қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оны жеті жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы  «Мой город» басылымы хабарлады.

    Дәл осы іс бойынша ведомствоның бас маманы 27 жастағы Нұрсұлтан Ғатау сотталды. Осыған ұқсас қылмыстары үшін ол 3 жыл 6 айға сотталды.

    Бұл істе үшінші айыпталушы да бар, пара алғаны үшін кінәлі деп танылған 41 жастағы Асылжан Купбаев болды. Ол да жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

    Тергеу деректері бойынша, Тәшенбаев пен Ғатаудың әрекетінен мемлекетке 92 млн теңгеге жуық залал келді.

    Сотталғандар үкіммен келіспей, аппеляциялық шағым түсірген. Шағымды қарау күні әлі белгіленген жоқ.

  • 1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады

    1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады

    Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыруға болады.

    Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Орта білім комитетіне сілтеме жасап.

    ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, 1-сыныпқа ата-анасының өтініші бойынша балалар 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрондық үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ қағаз нұсқада 1 сәуір-31 тамыз аралығында тапсыруға болады.

    Қазақстан азаматтары үшін Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:

    1) ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;

    2) №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;

    3) өлшемі 3х4 см сурет (2 дана)

    Шетел азаматтары үшін:

    Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек.

    Өтініш демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

    «Құрметті ата-аналар! Құжаттарды тапсыруды соңғы күндерге қалдырмай, балаңызды мектепке беруді алдын ала ойластыруға шақырамыз», – делінген министрлік хабарламасында.

  • «Манчестер Юнайтед» клубы жұлдызды ойыншысымен қош айтыспақ

    «Манчестер Юнайтед» клубы жұлдызды ойыншысымен қош айтыспақ

    Клуб басшылығы Санчоны 40 миллион фунт стерлингке бағалап отыр. Бұл шешім бас бапкердің кім болатынына қарамастан қабылданған.

    Санчо 2021 жылы «Манчестер Юнайтед» құрамына қосылып, алайда тұрақты ойын көрсете алмады. 2023-2024 маусымының екінші жартысын «Боруссия» Дортмунд клубында арендада өткізіп, 14 матчта 2 гол және 2 ассист жасады.

    Қазіргі уақытта «Боруссия» және басқа да клубтар Санчоны өз құрамына қосуға қызығушылық танытуда. «Манчестер Юнайтед» ойыншыны сатудан 40 миллион фунт стерлинг түсіруді көздейді.

  • Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қазақстандық Бакуден Алматыға экстрадицияланды

    Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қазақстандық Бакуден Алматыға экстрадицияланды

    Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Елшілігінің көмегімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған Қазақстан азаматын Әзірбайжаннан экстрадициялады.

    Аталған тұлға 2023 жылы Алматы қаласында адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, сол үшін аса ірі көлемде пайда тапты деген күдікке ілінген.

    Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздестіру жарияланды.

    Осы жылдың қаңтарында ол Баку қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша отанына экстрадицияланды.

    Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды.

    Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.