Метка: Басты оқиғалар

  • Жетісуда 72 млн теңгенің газ құбырларын ұрлағандар ұсталды

    Жетісуда 72 млн теңгенің газ құбырларын ұрлағандар ұсталды

    Жетісу облысы Ақсу ауданында 72,5 млн теңгенің газ құбырларын ұрлағандар құрықталды.

    Polisia.kz мәліметінше, тәртіп сақшыларына «Транс Азия Констракшн» ЖШС директоры арызбен жүгінген. Оның айтуынша, белгісіз адамдар Алматы – Өскемен тас жолының Қызылағаш және Жансүгіров ауылдарының арасындағы учаскесінде орнатылып жатқан 27 бірлік газ құбырын ұрлап кеткен.

    Магистральдық газ құбырының құрылысы Талдықорған – Үшарал тас жолында жүргізіліп жатыр. Оның құны 131,7 млрд теңгеге бағаланады. Жоба 302 км газ құбырын салуды, алты автоматтандырылған газ тарату станциясын орнатуды әрі жалпы халқы 124 мыңға жуық 66 елді мекенді газбен қамтамасыз етуге бағытталған, – делінген ақпаратта.

    Жетісу облысының полиция қызметкерлерінің жедел іс-қимылдарының арқасында Алматы облысының тұрғындары болып шыққан үш күдікті анықталып, қолға түсті. Ұсталғандардың барлығы қамауға алынды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

    Сақшылар заңның орындалуын қамтамасыз етіп қана қоймай, әлеуметтік маңызы бар жобаны жүзеге асырылуына маңызды үлес қосты. Олардың жедел жұмысы өңірдің мыңдаған тұрғынына табиғи газға қол жеткізуді қамтамасыз ететін газ құбыры құрылысының бұзылуын болдырмауға мүмкіндік берді. Құқық қорғау органдары қызметінің арқасында адамдардың үйлеріне жылу мен жайлылық келеді, ал өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жоба мерзімінде іске асырылады.

  • Ақмола облысында пара алған командирлер сотталды

    Ақмола облысында пара алған командирлер сотталды

    Ақмола облысында ТЖМ  курсанттары оқытушыға пара берген.

    Курсанттар взвод командиріне қажетті баллды жинау үшін 5000 теңгеден берген. Аталған взвод командирі басқа әріптесімен бірігіп, «атақ» үшін тағы 267 мың теңге пара алғаны анықталды.

    Тағы бір командир ер адамнан ұлының академияға түсуі үшін 2,5 млн теңге талап еткен. Тергеу басталғаннан кейін ол бұл ақшаны қайтарды.

    Сот бірінші командирді үш жарым жылға бас бостандығынан айырды. Екінші командир параның 10 пайыз сомасында айыппұл арқалады. Олардың барлығы атақтарынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

    Пара берген кәмелетке толмаған курсанттарға да айыппұл салынды. Айыппұл сомасы сотта жарияланған жоқ.

  • Алматы-Шелек-Қорғас тас жолындағы жол апатынан бір адам көз жұмды

    Алматы-Шелек-Қорғас тас жолындағы жол апатынан бір адам көз жұмды

    2024 жылдың 2 желтоқсанында Алматы-Шелек-Қорғас автожолының 40-шақырымында ауыр жол-көлік оқиғасы болды.

    Алдын ала ақпарат бойынша, 32 жастағы Nissan Teana көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қашықтықты сақтамай, Beiben жүк көлігімен соқтығысқан.

    Оқиға салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

    «Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Құқық қорғау органдары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау, сондай-ақ қауіпсіз қашықтықты ескерудің маңыздылығын тағы да еске салады», – делінген хабарламада.

  • Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

    Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?

    Еліміздің көптеген аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар жауып, тұман түседі. Ал оңтүстік пен батыста ауа температурасы сәл жоғарылап, күн ашық болады деп күтілуде.

    Жетісу облысы

    Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.

    Батыс Қазақстан облысы

    Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 03 желтоқсан түнде және таңертең тұман күтіледі.

    Астана

    Астана қ.: 03 желтоқсанда тұман күтіледі.

    Қызылорда облысы

    Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 03 желтоқсанда кей уақытта тұман күтіледі.

    Түркістан облысы

    Түркістан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шымкент қ.: 03 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қ.: 03 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

    Абай облысы

    Абай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

    Ұлытау облысы

    Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жезқазған қ.: 03 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

    Қарағанды облысы

    Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қарағанды қ.: 03 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

    Атырау облысы

    Түнде және таңертең Атырау облысының шығысында тұман күтіледі.

    Маңғыстау облысы

    Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.
    Қостанай облысы

    Қостанай облысы

    Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

    Шығыс Қазақстан облысы

    Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

    Ақмола облысы

    Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысы

    Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

    Алматы облысы

    Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Алматы қ.: 03 желтоқсанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі. Конаев қ.: 03 желтоқсанда түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі.

  • Қонаевта алғаш рет тұрғындар арасында спартакиада өтті

    Қонаевта алғаш рет тұрғындар арасында спартакиада өтті

    Бұл шара халық арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттау мақсатында және «Нашақорлыққа жол жоқ!» ұранымен өтті.

    Спартакиаданың ашылу салтанатына қала әкімі Асхат Бердіханов пен облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Дастан Жексенбеков қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

    «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы. Сол себепті де Қонаевта турнирлар, біріншіліктер, спартакиадалар көптеп өтіп жатыр. Біздің мақсат – бұқаралық спорт түрімен айналысушылардың санын көбейту. Ол үшін ауқымды жұмыстар атқарылады деп жоспарлап отырмыз. Қатысушыларға сәттілік серік болсын дегім келеді», – деді Асхат Бердіханов өз сөзінде.

    Жарысқа қаладағы 8 шағынаудан мен Шеңгелді ауылының командалары қатысты. 100-ден астам спортшы 6 ойын түрі бойынша бақ сынасты. Оның қатарында гір тасын көтеру, арқан тарту, қол күресі секілді қазақтың ұлттық ойындары да болды.

    Қорытынды бойынша бірінші орынды 3-шағын ауданының «Тұлпар» командасы иеленсе, екінші орынға 4-шағын ауданының «Барыс» командасы табан тіреді. Ал жүлделі үшінші орынға Сарыбұлақ ауылының «Алаш» командасы ие болды. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

  • Ауа райына байланысты көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды

    Ауа райына байланысты көлік жүргізушілеріне ескерту жасалды

    2024 жылғы 2 желтоқсанда Абай, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар күтілуде.

    «Сол себепті жүргізушілерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз», — делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

  • Қазақстан шекарасында 40-тан аса шетелдік ұсталды

    Қазақстан шекарасында 40-тан аса шетелдік ұсталды

    ҰҚК Шекара қызметі қарашада мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізу әрекетінің 1313 дерегін тіркеді, – деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

    ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2024 жылғы қарашада құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып: шекара кеңістігінде 5 785 Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзушы ұсталды, соның ішінде:

    • 17 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды;
    • 19 шетел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.

    Мемлекеттік шекара арқылы 1 313 заңсыз алып өту деректерінің алды алынды, соның ішінде:

    • 26 – есірткі заттары;
    • 62 – қарулар мен оқ-дәрілер (30 дана атуға жарамсыз, 1 дана ату, 1 дана пневматикалық, 43 дана суық қарулары, 136 дана оқ-дәрілер, 18 дана электрошокерлер);
    • 35 – діни әдебиет (1 215 дана);
    • 414 – жалпы сомасы 50 миллион теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (55 литрден астам);
    • 644 – жалпы сомасы 3,5 миллиард теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
    • 132 – жалпы сомасы 3 миллиард теңгеден астам шетел валютасы.

    Каспий акваториясында 7 браконьерлік деректерінің алды алынды, сондай-ақ:

    • 1 дана жүзу құралдары;
    • жалпы ұзындығы 44,3 шақырым торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
    • 206 дана (1 633 келі) бекіре тұқымдас балықтар;
    • 46 дана (30 келі) таза тұқымдас балықтар;
    • 28 дана итбалығы;
    • алды алынған залал сомасы 620 миллион теңге болады.

    «Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», – делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.

  • Омбудсмен 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салуды ұсынды

    Омбудсмен 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салуды ұсынды

    Динара Зәкиева 12 жасқа толмаған балаларды ересектердің қарауынсыз үйде жалғыз қалдыруға заң жүзінде тыйым салуды ұсынды. Балалар омбудсмені Ақмола облысында өрттің салдарынан қаза тапқан балалардың жақындарына көңіл айтты.

    Сондай-ақ, оның айтуынша биыл Қазақстанда тіркелген 15 өрттің салдарынан балалар қаза тауып, осы жағдайлардың көпшілігінде олар үйде жалғыз болған.

    Осы фактілерді талдай отырып, 12 жасқа дейінгі балаларды кәмелетке толған адамдардың қарауынсыз қалдыруға тыйым салу бойынша заңнамалық шараларды пысықтау қажет деп санаймын. Бұл ретте көмекке мұқтаж отбасылар мемлекет тарапынан берілетін қолдау шараларымен қамтамасыз етілуі қажет, – деп жазды Динара Зәкиева Instagram парақшасына.

  • Талғар аудандық Полиция басқармасына жаңа басшы тағайындалды

    Талғар аудандық Полиция басқармасына жаңа басшы тағайындалды

     «ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Талғар ауданы Полиция басқармасының бастығы лауазымының міндетін атқарушы болып полиция подполковнигі Айдар Әбдікерімұлы Омаров тағайындалды», — делінген хабарламада.

    Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың қазан айында Талғар ауданында 16 жастағы Шерзат Болат бір топ бұзақының қолынан қаза тапты. Жасөспірімнің өлімінен кейін Алматы облысында бірқатар жоғары лауазымды полицейлер қызметінен босатылды.

    Олардың орнына полиция қызметі басқармасының бастығы лауазымына Абдунур Тасыбаев және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығына Байжан Сатылғанов тағайындалды. Мейрам Әбікеев Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы болды.

    Сондай-ақ, Алматы облысы мен Талғар ауданы әкімдігінің бірқатар қызметкері мен прокурорлары қызметінен кеткен болатын.

  • Кегенде Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст ашылды

    Кегенде Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст ашылды

    Бүгін Алматы облысы Кеген ауданының орталығында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюсттің ашылу салтанаты өтті. 

     Бұл шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Кеген ауылындағы балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтің есімі берілді.

    Ескерткіштің ашылу рәсімі Заманбек Нұрқаділов атындағы өнер мектебінің алаңында ұйымдастырылды. Салтанатты шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, танымал тұлғалар мен қайраткердің отбасы мүшелері қатысты. Ескерткіштің ашылуын облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов, қоғам қайраткерлері Тоққожа Естенов пен Болат Нұрғазиев ашып, Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов бюстің ашылу рәсімін орындады.

    Ескерткіштің авторлары – мүсінші Айдос Бүркітбаев пен Тимур Нұрмұхаметов.

    Салтанатты рәсімнен кейін қатысушыларға Заманбек Нұрқаділовтің өмірі мен қызметі туралы «Не только о себе» атты кітаптың 300 данасы таратылды.