Метка: Басты оқиғалар

  • Келесі жылы Ұлттық қордан балалардың шотына 100 доллардан көп түседі

    Келесі жылы Ұлттық қордан балалардың шотына 100 доллардан көп түседі

    2025 жылдың басында «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында кәмелетке толмаған балалардың шотына 100 доллардан көп ақша түседі. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты.

    Осы жылдың он айы ішінде Ұлттық банк Ұлттық қорды басқарудан 5,3 млрд доллар пайда тапқан.

    «Естеріңізде болса, былтыр әр балаға шамамен 100 доллар аударған едік. Бірақ 2023 және 2024 жылдар инвестициялық кіріс тұрғысынан өте позитивті жыл болды. Сол себепті келесі жылдың қаңтарында балалар арасында бөлінетін сома 100 доллардан көп болуы мүмкін», — дейді Молдабекова Ұлтттық банкте өткен брифингте.

    Ол нақты сома балалар санына байланысты болатынын атап өтті. Балалардың шотына төлемдер қаңтар айының басында аударылады.

  • +7 телефон кодын Қазақстан мен Ресей қалай бөліспек?

    +7 телефон кодын Қазақстан мен Ресей қалай бөліспек?

    Қазақстан мен Ресей +7 телефон кодын бөлісу туралы келісімге қол қойып, әр тарапқа нақты диапазондар бекітілді.

    2021 жылдан бастап Қазақстан  өзінің +997 халықаралық кодына көшу мүмкіндігін қарастырады. Алайда жаңа халықаралық кодқа ауысу көптеген қиындыққа тап болды.

    Енді Қазақстан +7 0, +7 6 және +7 7 кодтары бар нөмірлерді пайдаланса,  ал +7 2, +7 3, +7 4, +7 5, +7 9 кодтары Ресей атына бекітілді.

    Жаңа кодқа қайта қосылу айтарлықтай қаржылық шығындарды, байланыс инфрақұрылымын өзгертуді және барлық пайдаланушылар үшін деректерді жаңартуды қажет етеді. Бұл мемлекеттік және банктік қызметтердің бұзылуына, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен қосымшаларға қол жеткізу мәселелеріне әкелуі мүмкін.

    Халықаралық телекоммуникация одағымен қосымша келіссөздерден кейін азаматтар мен байланыс операторлары үшін қиындық болдырмау үшін +7 халықаралық кодын өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды.

  • Димаш Құдайберген DIAFA жүлдесін Бибігүл Төлегеноваға арнады

    Димаш Құдайберген DIAFA жүлдесін Бибігүл Төлегеноваға арнады

    Дубайда өткен (БАӘ) Distinctive International Arab Festivals Awards фестивальде қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген DIAFA жүлдесіне ие болды.

    Әнші фестивальде Stranger концерттік турын таныстырды. Димаш Құдайберген жүлдесін рухани ұстазы Бибігүл Төлегеноваға арнады.

    Рухани ұстазымыз, ән әлемінде қызмет етіп жүрген млн-даған адамның анасы, әжесі – Бибігүл Төлегенова.  Бибігүл апайымыз 95 жасқа толды. Осы жеңісімді апайымыздың құрметіне арнасам деп шештім. Апайымыз менің әрбір сахнаға шығар сәтімде немесе басқа мемлекеттердегі халықаралық байқауға барар кезімде бата беруден аянбай, әрқашан болысып жүргенін білесіздер. Сондықтан тілеуімді тілеп отырған Бибігүл апайымызға осы сыйлықты арнағым келеді, — деді танымал әнші.

    Ол ұстазы жастайынан қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

    Жастайымнан сіздің жоғары дәрежедегі өнеріңізге сусындап өсіп, сіздің аналық, ұстаздық өсиеттеріңіз бен батаңыздың арқасында қазіргі күні азды-көпті жетістіктерге қол жеткізіп келемін, – деді Димаш Құдайберген.

  • Бүгін ауа райы қандай болады?

    Бүгін ауа райы қандай болады?

    «Қазгидромет» РМК бүгінге, 29 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

     Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. түнде температура -14°c…-16°C, күндіз -4°C…-6°C.

    Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. түнде температура + 1°C+ + 3°C, күндіз + 15°C+ + 17°C.

    Шымкентте бұлтты, жаңбыр, жел 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін. түнде температура + 8°C+ + 10°C, күндіз + 12°C…+14°C.

     Ақтауда бұлтты, жаңбыр, жел 9-14 м/с. түнде Температура + 3°C+ + 5°C, күндіз + 6°C…+8°C.

     Ақтөбеде күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 5 м/с дейін. түнде температура -8°C…-10°C, күндіз -1°C…-3°C.

     Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. түнде температура -2°C…-4°C, күндіз +2°C+ + 4°C.

    Жезқазғанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. түнде емпература -2°C—4°C, күндіз +2°C+ + 4°C.

    Қарағандыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. түнде температура -4°C—6°C, күндіз -1°C+ + 1°C.

    Көкшетауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. түнде температура -16°C…-18°C, күндіз -9°c…-11°C.

     Қонаевта күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м / с. түнде температура 0°C+ + 2°C, күндіз + 14°C…+16°C.

    Қостанайда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. түнде температура -14°c…-16°C, күндіз -5°C…-7°C.

    Қызылордада күн ала бұлтты, жаңбыр, жел 3-8 м/с. түнде температура 0°C+ + 2°C, күндіз + 7°C…+9°C.

    Павлодарда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. түнде температура -13°C…-15°C, күндіз -5°C…-7°C.

    Петропавлда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м / с. түнде температура -18°C—20°C, күндіз -10°C…-12°C.

    Семейде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м / с. түнде температура -6°C—8°C, күндіз 0°C—2°C.

    Талдықорғанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 1-6 м/с. түнде температура -5°C—7°C, күндіз + 10°C+ + 12°C.

     Таразда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. түнде температура + 2°C+ + 4°C, күндіз + 14°C+ + 16°C.

    Түркістанда күн ала бұлтты, жаңбыр, жел 8-13 м / с, екпіні 15-20 м/с дейін. түнде температура + 5°C+ + 7°C, күндіз + 10°C+ + 12°C.

    Оралда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. түнде температура -5°C—7°C, күндіз -1°C+ + 1°C.

    Өскеменде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 1-6 м/с. түнде температура -11°C…-13°C, күндіз -1°C…-3°C.

  • Павлодар облысында әкім мас күйде ұсталды

    Павлодар облысында әкім мас күйде ұсталды

    Павлодар облысында Қалқаман ауылдық округінің әкімі мас күйде ұсталды. 

    Қалқаман ауылдық округінің 31 жастағы әкімі қызметтік автокөлікті мас күйде басқанған. Мұны медициналық сараптама растады. Тілеуғали Кендебай 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар ол жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

    «Әдеп жөніндегі кеңестің шешіміне сәйкес Қалқаман ауылдық округінің әкімі Тілеуғали Кендебайды қызметінен босату ұсынылды», – әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Асхат Искендиров.

    Қалқаман ауылдық округінің әкімі бұл лауазымға өткен жылдың желтоқсан айында келген.

  • Келер жылы Қырғызстан ҰҚШҰ-ға төрағалық етеді

    Келер жылы Қырғызстан ҰҚШҰ-ға төрағалық етеді

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына жыл бойы өзекті сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселесіне ерекше ден қойылғанын айтты.

    – Қазақстан мен ҰҚШҰ-ға мүше басқа да елдер аумағында бір уақытта «Наемник», «Канал», «Нелегал» және «ПРОКСИ» секілді арнайы операциялардың түрлі кезеңдері өтті. Бұл іс-шаралар халықаралық терроризмге, есірткі саудасына, заңсыз көші-қонға және ақпараттық ортадағы сын-қатерлерге қатысты қауіптің алдын алуды көздейді. Биыл біздің бастамамызбен алғаш рет заңсыз қару-жарақ, оқ-дәрі айналымына және ұйымдасқан трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл жөнінде консультациялар өтті. ҰҚШҰ аясында арнаулы жұмыс тобын құру мәселесі пысықталып жатыр. Қазақстан төрағалығының үйлестіруімен Тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі ҰҚШҰ-ның мақсатты мемлекетаралық бағдарламасын дайындау жұмыстары аяқталды. Құжатты әзірлеу 2013 жылы басталған болатын. Бүгін біз Ұйымның оңтүстік шебіндегі қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған осы маңызды шешімге қол қоямыз, – деді Мемлекет басшысы.

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, ҰҚШҰ төрағасы ретінде Қазақстан айқындаған басымдықтар жүйелі әрі қарқынды түрде жүзеге асырылып келеді. Серіктестердің қолдауына сүйене отырып, ҰҚШҰ аясында аталған бастамаларды одан әрі ілгерілету ісі белсенді жалғасады.

    Мемлекет басшысы Ұйымның Бас хатшысына, ҰҚШҰ-ның Тұрақты кеңесі мен жұмыс органдарына атқарылған ауқымды жұмыс үшін ризашылығын жеткізді.

    ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы сессиясы барысында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров пен ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов сөз сөйледі.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровты 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҰҚШҰ-ға төрағалықтың Қырғыз Республикасына өтуі туралы шешімнің қабылдануымен құттықтап, қырғыз тарапының жауапты міндетті табысты атқаруына тілектестік білдірді.

  • LED-экрандағы Украина туы: ІІМ қылмыстық іс қозғады

    LED-экрандағы Украина туы: ІІМ қылмыстық іс қозғады

    Владимир Путиннің Астанаға сапары күні LED-экранда Украина туының пайда болуына қатысты полиция тергеу бастады. 

    27 қараша күні Ресей президенті Владимир Путиннің Астанаға мемлекеттік сапары барысында әлеуметтік желілерде «Астана Опера» театры жанындағы LED-экранда Ресей туының орнына Украина туының пайда болғаны туралы бейнематериалдар тарады.

    Желіде бұл жағдайға хакерлердің экран жүйесін бұзуы себеп болды деген болжамдар айтылған болатын. Алайда, «Керуен Медиа» компаниясының өкілдері Ресей туының Украина туының түстеріне «боялуын» кабельдің қысқа тұйықталуымен түсіндірді.

    Ішкі істер министрлігі oқиғаға қатысты тергеу басталғанын айтты.

    «Кеше «Керуен Медиа» ЖШС-не қатысты орын алған оқиға бойынша тергеу басталды. Қазіргі уақытта барлық мүмкін нұсқалар, соның ішінде техникалық ақаулар мен экранның жұмыс істеу процесіне сыртқы заңсыз араласу ықтималдығы қарастырылуда. Қылмыстық іс қозғалды», – деп жауап берді   баспасөз қызметі.

    Министрлік оқиғаның барлық мән-жайы анықталатынын және кінәлілер табылған жағдайда жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеді.

  • Қазақстандық жас боксшы Тимур Баситов Таиландта жеңіске жетті

    Қазақстандық жас боксшы Тимур Баситов Таиландта жеңіске жетті

    20 жастағы қазақстандық боксшы Тимур Баситов Таиландта өткен жекпе-жекте бұрынғы WBC Silver чемпионын жеңіп, жанкүйерлерін бір қуантып тастады.

    Тәжірибелі қарсылас 14 жекпе-жекте 11 нокаутпен ерекшеленген. Алайда жас спортшы еш мойымай, қарсыласын 6-шы раундта төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіп шықты.

    Тимурдың бұл жеңісі оның халықаралық аренадағы спорттық мәнсабын үлкен жетістіктерге бастайды. Жас боксшы алдағы уақытта Қазақстанның намысын қорғап, жаңа белестерді бағындыруға уәде берді.

  • Тараздың 58 жастағы тұрғыны 10 жылға сотталды

    Тараздың 58 жастағы тұрғыны 10 жылға сотталды

    Жамбыл облыстық сотында есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз тасымалдаған 58 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық істі қарады.  

    Жамбыл соттарының мәліметінше, 2023 жылы сотталушы Меркі ауданы Ақжол ауылының маңында жабайы өсіп тұрған есірткіні жинап, сатқан. Ер адам 2024 жылдың сәуірінде ұсталды. Тінту жүргізу кезінде сотталушының Фольксваген Туарег жеке көлігінен және тұрғылықты жері бойынша салмағы 19,4 кг аса гашиш пен 22 кг марихуана есірткі заттары табылды.

    58 жастағы ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

  • Ақша айырбастау пунктінде доллар 510 теңгеден саудаланды

    Ақша айырбастау пунктінде доллар 510 теңгеден саудаланды

    Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар қымбаттап, рубль арзандады.

    Ұлттық банктің 28 қарашаға арналған ресми бағамы – 1 долларға 499,51 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,62 теңге. Еуро – 525,83.

    Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 505,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 509,5 теңге. Еуро 528 – 532,5 теңге аралығында құбылып тұр.

    Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 503 теңге, сатып алу құны – 510 теңге. Еуро 525 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.

    Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 4,60-4,75 аралығында саудаланып жатыр.

    Айта кетейік, 27 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,84 теңгеге қымбаттап, 500,42 теңге болған.