Метка: Басты оқиғалар

  • Каспий деңгейі екі метрге төмендеді

    Каспий деңгейі екі метрге төмендеді

    2006 жылдан бері судың деңгейі 2 метрге төмендеген. Бұл құбылысты Ақтау тұрғындары да байқап, әлеуметтік желіге жүктеп жатыр.

    Халық бірнеше жыл бұрын түсірілген қала жағажайы мен оның бүгінгі көрінісін салыстырып, теңіздің тартылу себебін анықтау қажет деп дабыл қағып жатыр. Әуесқой фотограф Қанатбек Кенжеғұлов үш жыл бұрын теңізде тастың үстіне қонақтаған қос шағаланы түсіріпті.

    «Сол кезде жартастың екі ұшы су бетінде көрініп тұрды. Қазір су жағалаудан шегініп кеткен соң, басқа да ірілі-ұсақ тастармен бірге құрлыққа шығып қалды. Осыған қарап, Каспийдің қаншалықты тартылғанын байқауға болады», – дейді қала тұрғыны.

    Экологтардың мәліметінше, теңіздің таяздануынан су түбіндегі қысым азайып, улы газдар бөлінуі мүмкін. Бұдан оның флорасы мен фаунасына қауіп бар.

    «Мәселенің шешудің бір жолы –  Каспий маңындағы бес мемлекет өзара келісімге келіп, айдынға жүзден астам өзеннен келіп құйылатын судың мөлшерін көбейту қажет», – дейді мамандар.

  • Алматыда көлікке оқ атқандар іздестіріліп жатыр

    Алматыда көлікке оқ атқандар іздестіріліп жатыр

    Алматыда бейтаныс адамдар автотұрақта тұрған көлікке пневматикалық қарумен оқ атқан. Зақымдаған көліктің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

    Желідегі мәліметке сәйкес, көліктің ішінде адам болмаған. Күдіктілер қозғалыс құралының артқы терезесінен оқ атқан. Алматы қаласының Полиция департменті аталған дерек бойынша қылмыстық із қозғалғанын хабарлады.

    «Бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдіктілерді ұстауға және істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел шаралар жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады қалалық ПД баспасөз қызметі.

  • 1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекке айыппұл салынады

    1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекке айыппұл салынады

    Елімізде 1 желтоқсаннан бастап қыста жазғы доңғалақ пайдаланғаны үшін жүргізушілерге 18,4 мың теңге айыппұл салынады, – деп ескертеді Алматы полиция департаменті.

    «Қысқы уақыт кезеңінде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы дөңгелектермен жабдықталмаған көліктерді пайдалануға тыйым салынады. Автокөліктің барлық түрлерінде қысқы дөңгелектер болуы тиіс», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

    ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-тармағына сәйкес, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдарын басқару 5 АЕК (18,4 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Бұзушылық қайталанға жағдайда 20 АЕК (73,8 мың теңге) көлемінде айыппұл салынады.

  • Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

    Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ болады

    Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 2 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

    – Қазақстан аумақтарының басым бөлігі циклон мен атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Осыған байланысты солтүстікте қар, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек республиканың батысында, оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады, – делінген хабарламада.

    Синоптиктер болжамынша, Республика бойынша тұман, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында желдің күшеюі, батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында көктайғақ күтіледі.

  • Елімізде бір шоттан екінші шотқа ақша аудару қымбаттауы мүмкін

    Елімізде бір шоттан екінші шотқа ақша аудару қымбаттауы мүмкін

    Қазақстанда бір шоттан екінші шотқа ақша аудару қызметі шамамен 12%-ға қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов айтты. Оның айтуынша, бүгінде картадан басқа картаға ақша аудару қызметі 150 теңге тұрады.

    Алайда жаңа Салық кодексі жобасында ұсынылған норма қабылданса, мұндай аударымдар шамамен 12%-ға қымбаттауы мүмкін.  Бұл – Экономика министрлігінің төлем операциясын ҚҚС-қа (НДС) салуға қатысты жоспары. Пластикалық карталарды пайдалану, картадан картаға аударымдар, шоттан шотқа аударымдар, төлемдер мен банк қызметтері айтарлықтай қымбаттауы ықтимал, – деп жазды Асхат Аймағамбетов Telegram-дағы арнасында.

    Ол Экономика министрлігі бұл шығындарды банктер өздері жабады деп мәлімдегенін жеткізді.

    Бірақ ашығын айтсақ, бұл шындыққа жанаспайды. Банктер ешқашан шығындарды өз есебінен жауып қалмайды. Олар міндетті түрде бұл шығындарды клиенттердің мойнына артады. Өйткені банктер – қайырымдылық ұйымдары емес, — деді депутат.

    Бұл нормаға Ұлттық банк, Қаржыгерлер қауымдастығы, «Атамекен» ҰҚК мен сарапшылар қарсы шыққан. Осыған қарамастан министрлік бұл норманы жаңа Салық кодексі жобасына енгізген.

  • Оқушы қыз шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атанды

    Оқушы қыз шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атанды

    Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, елордадағы №91 мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Аланна Берікқызы шахматтан (U8-U12) Италияда өткен халықаралық жарыста екінші рет әлем чемпионы атанып отыр.

    Қаршадай қыз өткен жылы Грекияда 9 жасқа дейінгі шахматшылар арасында ұйымдастырылған әлем чемпионатында ел намысын абыроймен қорғап, жеңімпаз атанған еді.
    Осылайша, астаналық оқушы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы саналды.

    Айта кетейік, Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің жас шахматшылармен кездескені отандық БАҚ-та хабарланған болатын.

    Бұған дейін қаршадай қазақ қызының до

  • Telegram KZ компаниясы Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелді

    Telegram KZ компаниясы Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелді

    Telegram KZ Ltd. Компаниясы ресми түрде Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелді. Ақпарат орталықтың сайтында жарияланды.

    28 қарашада тіркелген компанияның жалғыз акционері Альмира Аманжолова есімді азамат. Ол туралы ашық дереккөздерде ақпарат жоқ. Ол компанияның акционері ғана емес, бас директоры қызметінде атқарады. Құрылтайшылар туралы ақпарат та жария етілмеген.

    «Telegram компаниялар тобының жергілікті жобаларын қолдау қызметі. Бағдарламалық өнімдерді, электрондық ақпараттық ресурстарды, мобильді және басқа қолданбаларды пайдалану үшін қамтамасыз ету және веб-порталдардың қызметі», – деп көрсетілген компанияның мақсаты туралы ақпаратты.

    Компания Астана қаласында Нұра ауданында тіркелген. Компания акцияларының құны 10доллар. Қазіргі таңда 100 акциясы орналастырылған.

  • Күдікті ретінде ұсталған 61 жастағы азамат қайтыс болды

    Күдікті ретінде ұсталған 61 жастағы азамат қайтыс болды

    Учаскелік полиция инспекторлары ұсақ ұрлық фактісі бойынша жүргізілген тергеу жұмыстары аясында күдіктіні анықтаған болатын.

    Оны полиция бөлімшесіне шығарып салар кезде қызын кездестіріп, сөйлеседі. Алайда, содан кейін кенет өзін нашар сезінген.

    Полиция қызметкерлері дереу жедел жәрдем шақырды. Жедел жәрдем қызметкерлері келгенше алғашқы медициналық көмек те көрсетілді. Алайда, ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды.

    Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдіктіні ұстау және алып жүру кезінде полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттері заң талаптарына толық сәйкес келгені де хабарланды.

  • Балалар спортына бөлінген 55 млн теңге жымқырылды

    Балалар спортына бөлінген 55 млн теңге жымқырылды

    Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысында балалар спортына қатысты заң бұзушылықтарды анықтады.

    Балалар шығармашылығы мен спорт саласында қызмет көрсететін 81 кәсіпкерлік субъектісінің қызметіне байланысты бірқатар заң бұзушылықтар тіркелді. Тергеу мәліметтері бойынша, күдіктілер кәсіпкерлерден өздерінің сенімді тұлғалары арқылы 55 миллион теңгеден астам қаражат алған.

    Сонымен қатар спорттық жабдықтардың талаптарға сәйкес келмеуі, балалардың келуін есепке алудың бұзылуы, бейнебақылау жүйелерінің толық сәйкес келмеуі және спорт секцияларына баратын балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жасалмаған.

    Аталған факт бойынша тергеу жүргізілуде. Сот күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындады.

  • Астанада полицей қыз зорлады деген күдікке ілінді

    Астанада полицей қыз зорлады деген күдікке ілінді

    Әлеуметтік желіде Бурабай аудандық полиция бөлімінің оперативтік қызметкері 21 жастағы қызды пәтерінде зорлады деген ақпарат тарады.

    Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, полиция формасын киген ер адам қыздың пәтерінің есігін қағып, өзін тәртіп сақшысымын деп таныстырған. Ол қызға жеке куәлігін көрсетіп, оған бірнеше сұрақ қойып, кетіп қалған. Біраз уақыттан соң қайтып келіп, телефонын әріптесі алып кеткенін айтқан. Сөйтіп жәбірленушінің телефонын сұраған. Сол кезде ол қызға тап беріп, өз пәтерінде зорлаған.

    Аталған іске қатысты Астана қаласының полиция департаменті пікір білдірді.

    “Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдікті – бұрынғы полиция қызметкері. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті теріс себептермен ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды.

    Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды”, – деді полиция.