Метка: Басты оқиғалар

  • Мүфтият энергетикалық сусындарға қатысты пәтуа шығарды

    Мүфтият энергетикалық сусындарға қатысты пәтуа шығарды

    Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы энергетик сусындарды ішу-ішпеуге қатысты пәтуа шығарды.  Мүфтият энергетикалық сусындар алкогольсіз және алкогольді болып екіге бөлінетінін атап өткен.

    «Энергетикалық сусындардың құрамында алкоголь аз мөлшерде болса да оны ішуге тыйым салынады», — деп хабарлады мүфтият.

    Ал, алкогольсіз энергетикалық сусындарға тоқталған ҚМБД «кез келген сусынның құрамында алкоголь, зиянды заттар, харам, нәжіс нәрселер болмаса оны қолдануға рұқсат» дейді.

    «Ал құрамында адам баласының денсаулығына зиян беретін заттар болса (алкоголь, қауіпті заттар, харам, нәжіс т.б.) қолдануға тыйым салынады. Энергетикалық сусындарды жиі қолдану ағзаға (жүрекке, жүйке жүйесіне, қан қысымының жоғарылауына, қант диабетіне, семіздікке, аяқ-қолдың діріліне, т.с.с.) қауіпті екені медицина тұрғысынан нақтыланған. Сондықтан мұсылман адамға мұндай сусындардан аулақ болғаны дұрыс», — деп атап өткен зерттеулерге сүйенген ҚМБД-ның баспасөз қызметі.

  • Алматыда кеден зертханасының басшысы сотталды

    Алматыда кеден зертханасының басшысы сотталды

    Алматы қаласының Алмалы аудандық соты Қалалық орталық кеден зертханасының басшысы А. Сатыбалдиев пен бас маман Әлібеков Б-ға қатысты үкім шығарды. 

    Антикор мәліметінше, олар қызметін пайдаланып, бірнеше рет пара алғаны үшін ұсталған. «Олар кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдерінен кеден сарапшыларының қорытындыларын жеделдетіп бергені үшін бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Сатыбалдиев пен Әлібековке мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелерде қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, әрқайсысына 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды» делінген хабарламада.

    Сонымен қатар сот үкімі бойынша, кеден брокерлері Николас В., Казанцева С. және Гаруни С-ға пара бергені үшін айыппұл салынды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

  • СҚО-да құны 1 млрд теңгеге жуық жер мемлекетке қайтарылды

    СҚО-да құны 1 млрд теңгеге жуық жер мемлекетке қайтарылды

    Бас прокуратураның мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері қадағалау органы кадастрлық құны 932 млн теңге болатын жалпы ауданы 49 мың гектардан асатын жерді мемлекетке қайтарды.

    Ақжар, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов аудандарында  ұзақ уақыт бойы 42 жер телімі пайдаланылмаған.

    «Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жоғарыда аталған жерлер мемлекетке қайтарылды, олар қазіргі уақытта заңды экономикалық айналымға тартылуда» делінген хабарламада.

  • Сенат үш жылдық бюджетті мәжіліске қайтарды

    Сенат үш жылдық бюджетті мәжіліске қайтарды

    Сенаттың жалпы отырысында жоғары палата депутаттары «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын мәжіліске қайтарып берді.
    Сенатор Сұлтанбек Мәкежанов депутаттардың кейбір ұсыныстары қолдау тапқанын айтты.

    «Сенат комитеттері мен депутаттарының барлық ескертуі мен ұсынысы салыстырма кестеге жинақталды. «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңын Сенат отырысының қарауына енгізеді және Конституцияның 61-бабының 4-тармағына сәйкес заңның жекелеген баптарын мақұлдамауды және заңның көрсетілген баптарының жаңа редакциясын ұсына отырып, оны Мәжіліске қайтаруды ұсынады»,- деді Мәкежанов.

    Бірақ, сенаторлар «Ұлттық қордан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасын мақұлдады.

    Қаржы министрі Мәди Тәкиев заң жобасы бюджет кодексінің ережелері негізінде әзірленгенін айтқан еді.

    «Кепілдендірілген трансферттің мөлшері бюджеттік қағидаларға сәйкес анықталған. Заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы 2025 жылы барреліне 42,3 доллары, 2026-2027 жылдары барреліне 41-39,4 доллары деңгейінде белгіленген. Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2025-2027 жылдарға жыл сайын 2 трлн теңге көлемінде айқындалды. Жоспарлы кезеңде Ұлттық қордың таза валюталық активтері болжам бойынша 2025 жылы 62,2 млрд  долларын, 2026-2027 жылдары 69,9-78,7 млрд долларын құрайды. Заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді министр сенат отырысында.

    2025 жылы шығыстарды ұлғайту бойынша ұсыныстарға 60,0 млрд теңге сомасына қолдау көрсетілді. Шығыстарды ұлғайту үкімет резервін қайта бөлу есебінен жүзеге асырылады.

    «Баяндалғанның негізінде қаржы және бюджет комитеті мыналарды ұсынады: »Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының заңы мақұлдансын», – деді Мәкежанов.

  • Қазақстанда қаңғыбас иттерге эвтаназия қолданылуы мүмкін

    Қазақстанда қаңғыбас иттерге эвтаназия қолданылуы мүмкін

    Қазақстанда бұралқы иттер мәселесін шешу үшін белгілі бір мерзімнен кейін эвтаназия арқылы санын азайту ұсынылды. Мұндай норма Мәжілісте қаралып жатқан «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілген.

    Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі осы заң жобасына бастамашы болғандардың бірі Еділ Жаңбыршин қаңғыбас иттерге 15 күннен кейін, ал қараусыз қалған иттерге 60 күннен кейін эвтаназия жасау ұсынылып отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, депутаттар өкілетті органдармен бірлесіп, халықаралық тәжірибені зерттеген.

    «Мәселен, Норвегияда 2004 жылы ит асырау туралы заң қабылдаған. Бұл елде полиция бір аптадан кейін ауланған итті біреуге сата алады немесе басқа жерге орналастырады, не ұйықтатып тастайды. Исландияда 2015 жылы қабылданған жануарларды қорғау туралы заңға сәйкес, бір апта ішінде үй жануарының иесі табылмаса, ол жартылай жабайы деп танылып, утилизацияланады. Ұлыбританияда ит ауланғаннан кейін жеті күннен соң иесі табылмаса, кері алмаса және ақшасын төлемесе, оны сатып, не жансыздандыра алады. Бұлар жеті күндік мерзімді қолданатын елдер. Ал Латвия мен Эстонияда қаңғыған ит-мысыққа эвтаназия 15 күннен кейін жасалады. Біз осы тәжірибелерді зерттеп, 15 күн деп алдық», — деп түсіндірді Жаңбыршин Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде.

    Депутаттың айтуынша, он бес күн ішінде зооқорғаушылар немесе басқа да адамдар қаңғыбас итті асырап ала алады. Оған ешкім тыйым салмайды.

    «Егер ауланған итті ешкім алып кетпесе, ол жануар ауырса, не агрессивті болса, оған 15 күннен кейін эвтаназия қолданылады. Бұл біз ұсынған норма», — деді Жаңбыршин.

  • «Шайн мускат» жүзімінде ағзаға зиянды заттар жоқ – АШМ

    «Шайн мускат» жүзімінде ағзаға зиянды заттар жоқ – АШМ

    Ауыл шаруашылығы министрлігі «Шайн мускат» жүзімінде ағзаға кері әсері бар зиянкес анықталмағанын мәлімдеді.

    Республикалық өсімдіктер карантині орталығының қызметкерлері карантиндік фитосанитариялық бақылау кезінде жүзім үлгілеріне зертханалық сараптама жүргізді. Оның қорытындысына сәйкес, жүзімде карантиндік зиянкестер табылмаған.

    Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» РМК-ның Абай ауданы бойынша филиалы (Қытай Халық Республикасымен шекарада) «Shine Muscat» нитратының құрамы бойынша зерттеу жүргізді. Оның қорытындысы бойынша өнімдегі нитрат мөлшері 13,7 мг/кг құрады, бұл – осы өнім үшін рұқсат етілген көрсеткіш, – делінген министрлік хабарламасында.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров елімізде үлкен сұранысқа ие Shine Muscat корей жүзімінің сапасы тексерілетінін айтқан болатын.

  • Шавкат Рахмонов UFC-дегі жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады

    Шавкат Рахмонов UFC-дегі жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) ирландиялық спортшы Иэн Гэрримен (15-0) UFC 310 турнирінде өтетін жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады.

    Бұл туралы қазақстандық спортшы Instagram-дағы ресми парақшасында жазды.

    Шавкат келесі жеңіске бет алды, — деп жазып, жаттығу барысынан бірнеше суретін жариялады.

    Сондай-ақ DAR PRO TEAM командасының Instagram желісіндегі ресми парақшасында қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов пен Иэн Мачадо Гэрридің бір жаттығу залында дайындалып жатқан видеосы жарияланған болатын.

    Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда Лас-Вегаста UFC 310 турнирінде ирландиялық файтер Иэн Мачадо Гэрримен жекпе-жек өткізеді.

    Шавкат Рахмонов – Иэн Гарри жекпе-жегінің жеңімпазы UFC чемпионы Белал Мухаммадтың келесі қарсыласы болады. Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда өткізіп, америкалық спортшы Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын.

    Шавкат MMA-да 18 рет, UFC-де 6 рет жеңіске жеткен. Ал 27 жастағы Иэн Гэрри өз мансабында 19 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Ол соңғы рет 29 маусымда Майкл Пейджді төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді.

  • Итбалық неден қырылды?

    Итбалық неден қырылды?

    Өлген итбалықтардың көбі Түпқараған және Қарақия ауданынан табылған. 18 қараша күні балық инспекциясы мамандары шекара қызметімен бірлесіп, Құлалы, Теңіз, Подгорный аралдары, Қаражамбас және Қаламқас жеріне барлау жүргізді. Атқарылған жұмыс нәтижесінде жағажайда тағы 834 итбалық өлексесі табылған. Бұған дейін 1155 өлексе табылып еді. Әзірге  теңіз суынан және итбалықтан алған сынама қорытындысы шыққан жоқ.

    «Қазіргі таңда қорытындыны күтудеміз. Гидробиология және экология ғылыми ұйымының болжамы бойынша теңіздің ластануынан болуы мүмкін деген болжам бар. Балық шаруашылығы комитетінің болжамы бойынша теңіздің жерасты сілкінуінен, сондай табиғи құбылыстардан болуы мүмкін. Мониторинг жұмыстары тұрақты түрде жүргізіле береді», — деді облыстық Балық инспекциясы басқармасының бас маманы Дәурен Гарабаев.

  • Ауа райы: Бүгін тұман мен көктайғақ күтіледі

    Ауа райы: Бүгін тұман мен көктайғақ күтіледі

    Бүгін еліміздің басым тұман мен көктайғақ күтіледі. Республиканың солтүстік өңірлерінде бұрқасын болуы ықтимал, ал оңтүстікте күн бұлтты, кей жерлерде жаңбыр мен қар аралас жауын жауады. Термометр көрсеткіштері батыста сәл жоғары болса, шығыс пен орталықта аяз сақталады.

    Қарағанды облысы

    Қарағанды облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде екпіні 23 м/с. Қарағанды қ.: 21 қарашада бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с

    Астана

    Астана қ.: 21 қарашада тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз бұрқасын. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз 15-20 м/с.

    Атырау облысы

    Түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Атырау қ: 21 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

    Жетісу облысы

    Түнде және таңертен Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

    Павлодар облысы

    Павлодар облысының батысында қатты жауын-шашын (көбінесе қар) күтіледі. Көктайғақ, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Павлодар қ: 21 қарашада көктайғақ күтіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысы

    Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Петропавл қ.: 21 қарашада түнде тұман күтіледі.

    Абай облысы

    Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Семей қ.: 21 қарашада бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-18 м/с.

    Шығыс Қазақстан облысы

    Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Өскемен қ.: 21 қарашада бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, екпіні 15-18 м/с.

    Қызылорда облысы

    Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 21 қарашада кей уақытта тұман күтіледі.

    Ақтөбе облысы

    Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Ақтөбе қ.: 21 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

    Жамбыл облысы

    Жамбыл облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 21 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі.

    Түркістан облысы

    Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с. қ. Шымкент: 21 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. қ. Түркістан: 21 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.

    Ақмола облысы

    Таңертең және күндіз Ақмола облысының оңтүстік-батысында, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 21 қарашада жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күніз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

    Батыс Қазақстан облысы

    Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 21 қараша түнде және таңертең тұман күтіледі.

    Маңғыстау облысы

    Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 21 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

    Қостанай облысы

    Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 21 қарашада түнде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

    Алматы облысы

    Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, тау етегіндегі, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 21 қарашада түнде және таңертең кей уақыттарда тұман күтіледі. Қонаев қ.: 21 қарашада батыстан жел соғады кей уақытта екпіні 18 м/с.

  • Ойын бизнесі: Қаржылық мониторинг агенттігі 36 онлайн ойын сайтын бұғаттады

    Ойын бизнесі: Қаржылық мониторинг агенттігі 36 онлайн ойын сайтын бұғаттады

    Sona.kz сайты Қаржылық мониторинг агенттігіне «Ойын бизнесіне» қатысты сауал жолдаған. Жақында редакцияға жауап келді.

    Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңының (2007 жылғы 12 қаңтардағы № 219) 6-бабының 2-бөлігінің 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында электрондық казинолар мен онлайн-казинолардың қызметіне тыйым салынғаны белгілі.

    Биыл шілде айында заңға өзгерістер енгізілді (6-баптың 9-тармағы, 2-бөлігі), оған сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қызметі заңсыз болып табылатын ойын бизнесін шетелдік ұйымдастырушылардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі қызметтерді көрсетуге тыйым салынады.

    Өзгерістерге сәйкес, ойын бизнесі саласындағы уәкілетті орган заңсыз онлайн-казиноларды ұйымдастырушылардың сауда шоттарын көрсете отырып, онлайн-казинолардың тізімін жүргізеді.

    Өз кезегінде Ұлттық Банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, егер қаржылық операцияларды қадағаланатын субъектілер (екінші деңгейдегі банктер, төлем жүйелері) онлайн-казиноларға жүргізгені анықталса, оларға сәйкес әрекет ету шаралары заңнама тұрғыда қолданады. заңмен.

    Осыған орай, осы жылдың 23 тамызында Агенттіктің сайтында  уәкілетті органдардың бірінші басшыларының қатысуымен (Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Ұлттық банк, Туризм және спорт министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қаржы министрлігі) онлайн-лотереялар мен онлайн-казиноларды ұйымдастыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтіп, ынтымақтастық туралы меморандумға және өзара іс-қимыл алгоритміне қол қойылды.

    Аумақтық департаменттермен Туризм министрлігіне әлеуметтік желілерде онлайн лотереялар ұйымдастыру фактілері бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін 95 материал жолданды (ӘҚБтК 445-1-бап, 6-бөлім).

    Сонымен қатар, Агенттік осы жылдың 9 айында Cybernadzor ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Cybernadzor АЖ) арқылы 36 онлайн ойын сайттары жойылды, заңсыз онлайн казиноларға 9 мыңнан астам сілтемелер бұғатталды.

    Бұл жүйенің модераторы Мәдениет және ақпарат министрлігі. Өткен жылы іске қосылған пилоттық жобаға сәйкес заңсыз сілтемелерді бұғаттау уақыты 14 күннен 2 күнге дейін қысқарды.

    Сондай-ақ, былтыр кәмелетке толмағандар TikTok желісінде құмар ойындардың онлайн-трансляциясын өткізген. Дәл сондай 300-ден астам аккаунт анықталған. Бұл негізінен карта ойындары – свара, тринка, зарики.

    Ойыншылардың күнделікті саны 1 мың адамға дейін жетті (орташа ставка – 3 мың теңге).

    Ведомство Мәдениет министрлігімен және әлеуметтік желі өкілдерімен бірлесе отырып, желідегі заңсыз контенттің трансляциясын жылдам блоктауға мүмкіндік беретін TikTok платформасының жасанды интеллектісін конфигурациялады.

    Жыл басынан бері 36 ойынхана мен 16 терминал жойылды. 2024 жылдың 9 айында қаржы мониторингі органдары заңсыз ойын бизнесіне қатысты 71 қылмыстық істі қарады. 51 іс аяқталып, сотқа жолданды: ауыр емес 4 іс, орташа ауырлықтағы 19 іс және ауыр дәрежедегі 21 іс. Келтірілген шығын көлемі 350 миллион теңгені құраса, 303 миллион теңгенің мүлкі тәркіленді.