Метка: Басты оқиғалар

  • Қонаевтағы көшеге Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді

    Қонаевтағы көшеге Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді

    Қонаевтағы Фрунзе көшесіне С.Нұрмағамбетовтің есімі берілді. Осыған байланысты салтанатты шара өтті. Оған әскери қызметкерлер мен қала әкімінің міндетін атқарушы Төлеген Кенжебеков қатысты.

    Айта кетейік, бұған дейін Центральная көшесіне Б.Соқпақбаевтың есімі берілген болатын.

    Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов(25 мамыр 1924, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Еңбек ауылы — 24 қыркүйек 2013, Алматы) — әскери қайраткер, армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, «Халық қаһарманы», Алматы, Астана, Донецк (Украина) қалаларының, Ақмола облысының, Ақкөл ауданының құрметті азаматы.

  • Есірткі жарнамалаған 16 жастағы шымкенттік ұсталды

    Есірткі жарнамалаған 16 жастағы шымкенттік ұсталды

    Жасөспірім заңға қайшы жұмысты интернеттен тапқан. Сонымен қатар маусым айынан бері мегаполис аумағында есірткі заттарын жарнамалаумен айналысқан. Шымкент тұрғынынан өзі дайындаған жарнамалық жазулары бар парақшалар тәркіленді.

    Полиция есірткіні насихаттау және жарнамалау дерегі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

    Заңнамаға сәйкес, аталған қылмыс үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

  • Қарағандыда лифт құлап, бір адам қаза болды

    Қарағандыда лифт құлап, бір адам қаза болды

    Қарағандының оңтүстік-шығысында салынып жатқан тұрғын үй кешенінде лифт құлап, бір жұмысшы қаза тапты. Оқыс оқиға салдарынан екінші жұмысшы ауруханаға жатқызылды. Полиция қылмыстық іс қозғады.

    Оқиға бойынша тұрғын үй кешенінің салынып жатқан объектілерінің бірінде «абайсызда адамның өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бірқатар сараптамалар тағайындалды. Мән-жайлар анықталуда, – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

  • Қашағанда мұнай мен газ өндіру қайта басталды

    Қашағанда мұнай мен газ өндіру қайта басталды

     Қашаған кен орнында мұнай мен газ өндіру қайта басталды. «Кеше Қашаған кен орнында күрделі жөндеу аяқталып, мұнай мен газ өндіру қайта басталды», – деп атап өтті Энергетика министрлігінен.

    Ведомство өкілдері өндірістің толық қуатта іске қосылмағанын, ал 1 қарашадан бастап толық қуатқа шығу жоспарланып отырғанын нақтылады. NCOC компаниясы 7 қазанда «Қашаған» кен орнының теңіздегі және құрлықтағы нысандарында жоспарланған техникалық қызмет көрсету жұмыстары басталғанын хабарлаған еді.

    «Қашаған» кен орны соңғы ондаған жыл ішінде ашылған ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып саналады. Кен орнының өндірілетін қоры 9-13 млрд баррель мұнай аралығында деп бағаланып отыр. «Қашаған» кен орнынан коммерциялық мұнай өндіру 2016 жылдан бері жүргізіліп келеді.

  • Еуроодақ Қытайдан әкелінетін көлікке салықты көбейтті

    Еуроодақ Қытайдан әкелінетін көлікке салықты көбейтті

    Осыған орай Еуроодақ қосымша баж салығын енгізді.  «Тергеу көрсеткендей, Қытайдағы BEV құнын құру тізбегі ЕО-дағы BEV өндірушілеріне экономикалық зиян келтіру қаупін төндіретін әділетті еме субсидидан пайда көріп отыр», – делінген ЕК коммюникесінде.

    Құжатта Еурокомиссияның субсидияға қарсы аяқталған тергеуінің қорытындысы негізінде қытайлық экспорттаушыларға келесі өтемақы баждарын енгізу туралы шешім қабылданғаны хабарланады: BYD – 17,0%, Geely – 18,8%, SAIC – 35,3%.

    «Басқа серіктес компанияларға 20,7 пайыз көлемінде баж салығы салынады. Tesla компаниясын жеке тексеру туралы дәйекті өтініш болған жағдайда, 7,8% көлемінде баж тағайындалады. Комиссия сондай-ақ ЕО және ДСҰ ережелеріне сәйкес рұқсат етілгендей жеке экспорттаушылармен баға міндеттемелері бойынша келіссөздерді ашық жүргізбек», – деп түсіндірді ресми Брюссель.

    Сондай-ақ Еурокомиссия болашақта «қолданыстағы шаралардың тиімділігін, соның ішінде оларды айналып өтпеуін қамтамасыз етуді бақылайтыны» хабарланған.

  • Әскерге шақыру жасын өзгерту туралы петиция қаралмады

    Әскерге шақыру жасын өзгерту туралы петиция қаралмады

    Мәдениет және ақпарат министрлігі әскерге шақыру жасын көтеру туралы петицияға дауыс беру үшін ePetition.kz ресми порталында неге жарияланбағаны туралы хабарлады.

    Петицияны қайтаруға Қазақстан заңнамасына сәйкес келмейтіндігі түрткі болған. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес, петиция мәні қорғаныс мәселелері бола алмайды.

    «Қорғау жүйесінің негізі электрондық цифрлық қолтаңба арқылы петицияларға қол қою арқылы жүзеге асырылатын «бір адам — бір дауыс» қағидаты болады. Бұл қайта дауыс беру мүмкіндігін болдырмауы және азаматтардың тең қатысуын қамтамасыз етуі тиіс. ЭЦҚ өз кезегінде тексеруден өтеді», деп нақтылады ведомство.

    Петицияны модерациялау және оның жалпыға бірдей дауыс беру үшін сайтта қолжетімділігі алдында ол 50 қол жинауы керек.

  • Талғар ауданының прокуроры тағайындалды

    Талғар ауданының прокуроры тағайындалды

    Шерзаттың ісінен кейін Талғар ауданының кадр саясатында едәуір өзгеріс болды. Алматы облысы прокурорының бірінші орынбасары Дамир Қатаев Ерлан Тағаевты таныстырды. Ерлан Тағаев бұған дейін еліміздің бірнеше өңірінде прокурор болып қызмет атқарған.

    Тағаевтың мансабы Алматы облысында басталды. Сондай-ақ Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарындағы прокурорлық қызметтерді атқарды. Ол Курчатов, Күршім, Аягөз, Абай және Жаңасемей қалалары мен аудандарында прокурор болды.

    Еске сала кетейік, Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бәкіров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов 18 қазанда  Бас прокурордың бұйрығымен атқаратын қызметтерінен босатылды.

  • Қазақша мультфильмдерге 350 млн теңге бөлінеді

    Қазақша мультфильмдерге 350 млн теңге бөлінеді

    Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қазақ тілінде мультфильмдер жасау үшін 350 миллион теңге бөлінетінін мәлімдеді. Қазақша сөйлейтін балаларға арналған контент тапшылығын ескерген депутат, мультфильмдерді тек теледидардан ғана емес, сонымен қатар YouTube сияқты танымал интернет платформаларында да қолжетімді ету қажеттігін атап өтті.

    Депутат өзінің телеграм-арнасында бұл шешім балаларға арналған контенттің кеңеюіне маңызды қадам болатынын айтты.

    «Қазақ тіліндегі мультфильмдер өте аз, ал YouTube сияқты қолжетімді платформаларда мүлде жоқтың қасы. Бүгінгі күні бұл үлкен мәселе, өйткені балалар теледидардан гөрі интернет пен YouTube-ты көбірек таңдайды. Балалар «Синий трактор» мен «Маша и Медведь» сияқты мультфильмдермен шектелмей, сапалы әрі қызықты қазақша мультфильмдерді көруі тиіс. Осы мақсатта, келесі жылдың бюджет жобасын қарастыру барысында, қазақ тіліндегі мультфильмдерді жасауға 350 миллион теңге бөлуді және олардың тек теледидарға емес, міндетті түрде интернетке, соның ішінде YouTube-ке жүктелуін қамтамасыз ететін норманы заңға енгіздік», – деді Аймағамбетов.

    Ол қазақ тілінде сапалы контент жасау қиыншылықтарына және «Балапан» телеарнасы қаржыландырудың аздығына тоқталып, мультфильм жасаушылардың жұмысы көбінесе волонтерлік жұмысқа ұқсас екенін айтты.

    «Қазақша балалар контентін жасауда белгілі бір қиындықтар бар. Мәселен, «Балапан» телеарнасының контент жасаушыларға төлейтін қаражаты өте аз болғандықтан, олар тек қазақ тілін қолдау мақсатында жұмыс істеп, көбіне волонтер сияқты әрекет етеді. Сондықтан, осы бюджет арқылы бөлінген қосымша қаражат қазақша контент сапасын арттыруға ықпал етеді деп сенеміз», – деді Аймағамбетов.

  • Түркістан облысында 200 млн теңге субсидияны жымқырған

    Түркістан облысында 200 млн теңге субсидияны жымқырған

    Түркістан облысында мал шаруашылығын дамытуға субсидия ретінде бөлінген 200 млн теңгеден астам қаржы жымқырылған.

    Сауран ауданының тұрғыны 20 тұлғаның электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып жалған мәліметтерді көрсетіп, жоқ ірі қара малдарға мемлекеттен субсидия алған.

    «Облыс прокуратурасы қаражатты жымқыру фактісі бойынша құжаттарды СДТБТ-не тіркеп (Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4–тармағы «Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») сотқа дейінгі тергеп-тексеру арнайы прокурорларға (облыс прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасы) жүктелген»,- делінген хабарламада.

    Күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды.

  • Әйелін ұрып-соққан Қазақстан елшісі соттала ма?

    Әйелін ұрып-соққан Қазақстан елшісі соттала ма?

    Қазақстан дипломаты Сәкен Мамаштың жұбайы Карина Мамаш әлеуметтік желіде отбасылық зорлық-зомбылық туралы мәлімдемесінен кейін ажырастығын ресми түрде растады.

    Ол Instagram парақшасында оқырманының сұрағына жауап беріп: «Иә, мен ресми түрде ажырастым», – деп жазды. Карина Мамаштың айтуынша, 5 мамырда оның күйеуі Сәкен Мамаш оны және қонаққа келген сіңлісін аяусыз соққыға жыққан. Оқиғадан кейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Мамашты Біріккен Араб Әмірліктерінен Қазақстанға қайтарып алды. Карина Астанаға оралып, балаларымен дағдарыс орталығына орналасты.

    Сәкен Мамашқа 110-бап бойынша, яғни «Зорлық-зомбылық көрсету» айыбы бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 28 маусымда сот сіңлісіне шабуыл жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алу шешімін шығарды.