Метка: Басты жаңалықтар

  • «Қазақ циркіне сатылады»: АҚШ-тағы жазу қазақстандықтарды ашуландырды

    «Қазақ циркіне сатылады»: АҚШ-тағы жазу қазақстандықтарды ашуландырды

    АҚШ-тың Флорида штатындағы бір мейрамханада ерекше ескерту ілінген: «Children left unattended will be sold to the circus in China or Kazakhstan», яғни «Қараусыз қалған балалар Қытай немесе Қазақстандағы циркке сатылады», — деп хабарлайды Sona.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

    Редакцияға фото жіберген оқырман бұл жазбаны орынсыз әрі қорлаушы деп бағалады:

    «Неге дәл Қазақстан? Бұл жай әзіл болса да, нақты елдерді атаудың қажеті қанша?»

    Бұл «әзіл» әлеуметтік желіде де үлкен наразылық тудырды.

  • Инвесторлар енді жалақы қорына кемі 30% қаржы бөлуге міндеттеледі

    Инвесторлар енді жалақы қорына кемі 30% қаржы бөлуге міндеттеледі

    Қазақстанда инвестициялық жобаларды бақылау күшейеді. Енді инвесторлар жалақы қорына жалпы инвестиция көлемінің кем дегенде 30%-ын бөлуге тиіс, — деп хабарлайды Sona.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

    Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында инвесторлардың жұмыс орындарын ашу және уәдесін орындау жауапкершілігін арттыру қажеттігін атап өтті.

    Қазірдің өзінде елде Инновациялық навигатор іске қосылған. Ол арқылы мына көрсеткіштер бақыланады:
    • қанша жұмыс орны ашылғаны,
    • олардың еңбек нарығы талабына сәйкестігі,
    • жұмысқа орналастыру жоспарларының орындалуы.

    Бектенов барлық жобаларды қамтитын біртұтас цифрлық жүйе құруды тапсырды. Бұл жүйе:
    • елдегі барлық инвестициялық жобаларды,
    • жұмыс орындарының саны мен деңгейін,
    • еңбек жағдайын,
    • жалақы мөлшерін қадағалап отырады.

    Жаңа талап бизнес пен қоғам арасындағы жауапкершілікті арттырып, инвестициялық саясатты ашық әрі әділетті етеді.

  • Жаңа жұмыс уақыты ұнады ма: министрлік алғашқы нәтижемен бөлісті

    Жаңа жұмыс уақыты ұнады ма: министрлік алғашқы нәтижемен бөлісті

    Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер 08:00–17:30 кестесіне көше бастады. Бұл туралы Еңбек министрлігінің Еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Ерболат Әбілхатин мәлімдеді, — деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Әбілхатиннің айтуынша, жаңа жұмыс уақыты таңертеңгі кептелісті болдырмай, қызметкерлердің жеке уақытына тиімділік әкелген.

    «Таңертең 7:30-да жұмысқа шыққанда көшелер бос. Кешкі 17:30-да үйге ертерек қайтып, жарықта отбасыңа, жеке шаруаларға көңіл бөлуге болады. Астананың әкімдігі де икемді кестеге көшіп жатыр», — деді ол Үкіметтегі брифингте.

    Сондай-ақ, қызметкерлер тарапынан ешқандай шағым түспегенін айтты.

  • Қазақстанда зейнетақы рәсімдеу тәртібін өзгертуді ұсынды

    Қазақстанда зейнетақы рәсімдеу тәртібін өзгертуді ұсынды

    Қазақстанда зейнетақы тағайындау процесі толығымен автоматтандырылуы мүмкін, — деп хабарлайды Sona.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

    Цифрлық даму вице-министрі Қаныш Төлеушиннің айтуынша, жаңа тәсіл пилоттық режимде енгізілген. Енді азаматтар зейнетке шығу үшін құжат жинап, өтініш берудің қажеті жоқ — жүйе жасына қарай автоматты түрде зейнетақыны рәсімдейді.

    Алгоритм жасты өзі есептейді
    Еңбек өтілін тексереді
    Жүйе проактивті түрде төлем тағайындайды

    Осылайша қызмет көрсету мерзімі 10 күннен 1 күнге дейін қысқарып, рәсімдеу қадамдары 6-дан 1-ге дейін азайтылған.

    Еңбек министрлігіне жобаны ел көлемінде енгізу ұсынылды.

  • KMG PetroChem басшысы қызметінен кетті

    KMG PetroChem басшысы қызметінен кетті

    Төтенше жағдайлар экс-министрі Юрий Ильиннің ұлы Игорь Ильин “KMG PetroChem” ЖШС басқарма төрағасы қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Sona.kz Nur.kz-ке сілтеме жасап.

    Компанияны енді Диаз Диянов басқарады. Жаңа басшыны ұжымға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дастан Абдулғафаров таныстырды.

    Игорь Ильин 2022 жылдан бері бұл қызметті атқарып келді.

  • Зайнутдинов Ресейге оралды: Қазақстан құрамасының жұлдызы Мәскеудің “Динамо” клубына өтті

    Зайнутдинов Ресейге оралды: Қазақстан құрамасының жұлдызы Мәскеудің “Динамо” клубына өтті

    Бахтиер Зайнутдинов Мәскеудің “Динамо” клубымен 2029 жылға дейін келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sona.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

    27 жастағы жартылай қорғаушы түріктің “Бешикташ” клубынан ауысты. Енді ол жаңа командасында 19-нөмірмен өнер көрсетеді.

    Transfermarkt дерегінше, трансфер сомасы шамамен 2,8 миллион еуроны құрайды, ал футболшының нарықтық құны 3 миллион еуро.

    Зайнутдинов бұған дейін Ресей премьер-лигасында “Ростов” және ЦСКА клубтарында ойнаған. Мәскеуге оралу арқылы ол бұрынғы бапкері Валерий Карпинмен қайта табысты.

    Ол Қазақстан құрамасы сапында 15 гол соғып, ұлттық құраманың тарихтағы ең үздік сұрмергені атанып отыр.

  • Берденовке оқ ату оқиғасы: шабуылдың себебі сотта айтылды

    Берденовке оқ ату оқиғасы: шабуылдың себебі сотта айтылды

    Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылдың мотиві сотта жарияланды, — деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

    Прокурор Бауыржан Карамановтың айтуынша, Ернар Жиембай Руслан Берденовтің тапсырмасымен өзі басқарып отырған “Тұрғын үй Шымкент” ЖШС-дегі қызметінен өз еркімен кетуі тиіс екенін білген. Осыдан кейін эмоциялық күйзеліс күйінде ол спирт ішіп, үйінен “Сайга” маркалы мылтық алып шығып, бірнеше сағат бойы көлігінде сақтап жүрген.

    2025 жылдың 21 сәуірі күні, ол қалалық әкімдік ғимаратының алдына барып, Берденовті күтіп тұрған. Чиновник шыққан сәтте бес рет оқ атып, соңынан бақылау оқ атпақ болғанда, жараланған Руслан Берденов қарсылық танытып, бұл сәтте жүргізушісі шабуылдаушыны көлікпен қағып, кісі өлтірудің алдын алған.

    Негізгі сот процесі 6 тамыз күні сағат 10:00-де басталады. Іс ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігі (“Кісі өлтіруге оқталу”) бойынша қаралып жатыр.

  • 1,7 млрд теңге жезөкшелік арқылы табылған: Қазақстанда адам саудасымен айналысқан топ ұсталды

    1,7 млрд теңге жезөкшелік арқылы табылған: Қазақстанда адам саудасымен айналысқан топ ұсталды

    Қазақстанда сексуалдық мақсатта адам саудасымен айналысқан екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді, — деп хабарлайды Sona.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

    Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тергеу кезінде қылмыстық топтар интернет-ресурстар арқылы сексуалдық қызметтерді жарнамалап, тұрақты түрде пайда тауып отырған. 2024 жылдың басынан бері айналымы 1,7 млрд теңгеден асқан. Тәуліктік табыс көлемі 1,5 млн теңгеге дейін жеткен.

    Тінту барысында ірі көлемдегі ақша, банк карталары, көліктер мен электронды құрылғылар тәркіленді. Негізгі күдіктілер мен олардың сыбайластары қамауға алынды.

  • Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы Жамбылдағы апаттан зардап шекті — дәрігерлер жағдайын айтты

    Шавкат Рахмоновтың жұбайы мен ұлы Жамбылдағы апаттан зардап шекті — дәрігерлер жағдайын айтты

    UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың әйелі мен баласы Жамбыл облысындағы жол апатынан кейін ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sona.kz Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

    Мамандардың айтуынша, олардың жағдайы – орташа ауыр. Алдын ала диагноз – жабық бас-ми жарақаты, ми соғылуы.

    Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде бұл апатта екі адам қаза тауып, тағы екі адам жараланғаны туралы ақпарат тарады. Куәгерлер апат кезінде көлікті Рахмоновтың жұбайы басқарғанын жазған. Алайда полиция ресми түрде бұл мәліметті растаған жоқ. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

  • Қазақстанда жаңа форматтағы әскер: SARBAZ+ жобасы іске қосылады

    Қазақстанда жаңа форматтағы әскер: SARBAZ+ жобасы іске қосылады

    Күзде Қазақстанда мерзімді әскери қызметтің жаңа форматы – SARBAZ+ пилоттық жобасы іске қосылады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеді.

    Алматы облысындағы Әуе қорғаныс күштерінің 78460 әскери бөлімінде 150 сарбаз жаңа модель бойынша қызметін бастайды. Жоба мақсаты – сарбаздардың жеке және кәсіби әлеуетін дамыту, қызмет жағдайын жақсарту және әскери өмірге цифрлық шешімдерді енгізу.

    SARBAZ+ аясында:
    • Әр сарбазға фитнес-браслет беріліп, денсаулық жағдайы онлайн бақыланады;
    • IT, телекоммуникация, БПЛА және радиобайланыс салаларында оқыту ұйымдастырылады;
    • Қызмет соңында қатысушылар сертификат алып, оны жұмысқа орналасуда қолдана алады;
    • Қазақ және ағылшын тілі, сондай-ақ эмоциялық қолдау бойынша сабақтар өтеді;
    • Офицерлер мен сержанттар CCNA Cisco сияқты халықаралық бағдарламалар бойынша біліктілігін арттырады.

    Жобаға қатысу үшін арнайы веб-платформа әзірленген. Үміткерлер онлайн тіркеліп, комиссия қарауынан өтеді. Жоба сәтті жүзеге асса, оны еліміздің өзге әскери бөлімдеріне енгізу жоспарланып отыр.