Метка: Басты жаңалықтар

  • Шерзат соты: Судья айыпталушыны сөзінен ұстады

    Шерзат соты: Судья айыпталушыны сөзінен ұстады

    Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша басты айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев сотта жауап бере бастады. Ол бұрынғы түсініктемелерінен бас тартып, тергеушілер қысым көрсеткенін айтты. Алайда жауаптары сәйкессіз шықты.

    Судья оны Ғайыпбаевты ұрғаны үшін сұраққа тартқанда, Тоқтаубаев “дұрыс деп санаймын, ол бізге мылтық атты” деді. Судья:
    — Сонда полиция сізді ұрса — дұрыс емес, ал сіз біреуді тепсеңіз — дұрыс па?
    — Олар аяусыз ұрды, — деді ол.
    Судья:
    — Сонда сіз аяушылықпен тептіңіз бе?
    Тоқтаубаев жауап бере алмады.

    Бұған дейін ол «хуторлық емеспін, пышақ ұстамадым» деген. Судьяның сұрақтары оның жауаптарындағы қарама-қайшылықты ашып берді.

  • «Тергеушілер ұрды»: Шерзат ісінде Нұрбол Тоқтаубаев жауап берді

    «Тергеушілер ұрды»: Шерзат ісінде Нұрбол Тоқтаубаев жауап берді

    Шерзат Полаттың өліміне қатысты сотта Нұрбол Тоқтаубаев тергеу кезіндегі жауабынан бас тартты. Ол өзіне және інісіне қысым көрсетіліп, тергеушілер ұрып-соққанын айтты.

    Оқиға кезінде досы Дархан Әскентай көмек сұрап шақырғанын, дүкенге барғанда сатушымен ақша үшін сөзге келгенін, кейін жанжал өршігенін жеткізді. Айтуынша, Қаржаубай Нұрымов екі рет пышақпен оқталған. Ал дүкенге қайта оралғанда, қарсы тарап шабуылдаған.

    Тоқтаубаев төбелеске қатысқанын, Ғайыпбаевты бір-екі рет тепкенін мойындады. Сондай-ақ, мылтықпен алғашқы болып Ғайыпбаев оқ атқанын айтты. Інісі Азаматты өзі шақырғанын растады.

    Сотта ол тергеу кезінде құқықтары түсіндірілмегенін, адвокатсыз жауап алғанын мәлімдеп, бұрынғы жауабынан толық бас тартты. Адвокаты азаптау туралы арызға жауап болмағанын айтса, прокурор келесі отырысқа дейін құжат ұсынуға уәде берді.

  • Шерзат Полат ісі: Сот блогерлер мен желідегілерге үндеу жасады

    Шерзат Полат ісі: Сот блогерлер мен желідегілерге үндеу жасады

    Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот процесі жалғасуда. Судья Ержан Жанұзақов әлеуметтік желі қолданушылары мен блогерлерге ескерту жасады.

    Оның айтуынша, тергеу мен сот процесіне баға беру, жеке пікір тарату — сотқа қысым жасау деп бағалануы мүмкін.

    «Сот төрелігін тек сот жүзеге асырады. Соттың қызметіне араласуға жол берілмейді және бұл заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады», — деді судья.

    Сот процесі толық аяқталып, үкім заңды күшіне енбейінше, қандай да бір құқықтық баға беру заңсыз екенін де еске салды. Қазір сот тергеуі жүріп жатыр, шешім әлі шыққан жоқ.

  • Шерзат соты: Айыпталушы Тоқтаубаев бұған дейін де сотталған

    Шерзат соты: Айыпталушы Тоқтаубаев бұған дейін де сотталған

    Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша айыпталушы Азамат Тоқтаубаев бұрын адамға шабуыл жасағаны үшін 7 жылға сотталған. Ол 2024 жылғы 17 қазанда ҚК 106-бабы 2-бөлігі 7-тармағы (бұзақылық ниетпен ауыр дене жарақатын келтіру) бойынша кінәлі деп танылған.

    Қайғылы оқиға кезінде Тоқтаубаев үй қамақта болған. Алғашында екі айға қамауға алынғанымен, кейін 2024 жылғы 6 ақпанда үй қамаққа ауыстырылған. Қазір ол Шерзат ісі бойынша сотталушылардың бірі.

  • Шерзат ісі: Полицей заң бұзды, сотта дау туды

    Шерзат ісі: Полицей заң бұзды, сотта дау туды

    Біріншісі – полицей Медет Әділжановтың заңсыз әрекеті. Ол ауруханада жатқан Нұрғанатты бейнежазбаға тергеу қаулысынсыз, рұқсатсыз және жеке iPhone-ымен түсірген. Медбикенің айтқанына сүйеніп палатаға кірген, дәрігерден науқастың жағдайын да сұрамаған. Жазба істі тіркеуге 11 күннен кейін енгізілген.

    Екіншісі – айыпталушы Дархан Әскентайдың бүгінгі жауабы бұрынғы нұсқамен сәйкес келмеді. Бұған дейін «Шерзат бір рет ұрды» десе, енді «кастетпен ұрып, көз сүйегімді сындырды» деді. Тергеу кезінде қысым болғанын алға тартты. Сондай-ақ, Қаржаубай екі рет пышақпен шыққанын, Нұрғанат мылтықпен оқ атқанын айтты.

    Айыптаушы прокурор мен қорғаушылар арасында дау туындады. Прокурордың эмоциялық сөзіне байланысты оны соттан шеттету туралы өтініш берілді. Судья бұл талапты қанағаттандырмады.

  • Айыпталушы Дархан Әскентай Шерзаттың кастетпен соққы жасағанын айтты

    Айыпталушы Дархан Әскентай Шерзаттың кастетпен соққы жасағанын айтты

    Шерзат Полаттың өліміне байланысты өтіп жатқан сотта айыпталушы Дархан Әскентай жауап берді. Ол Шерзаттың қолында кастет болғанын, сол арқылы ауыр соққы алғанын мәлімдеді. Бұған дейін бұл жайлы айтпаған.

    Әскентай бастапқы жауаптарына толық келіспейтінін айтып, тергеу кезінде қысым болғанын жеткізді. Оның айтуынша, оқиға болған түні дүкен алдында отырған кезде Шерзат келіп, “әкеме бірдеңе айттың ба?” деп көзінен кастетпен ұрған. Қаржаубай көзін салқын сумен жуып берген. Кейін Қаржаубай екі рет пышақпен шыққанын, ал Шерзаттың достары келген соң төбелес басталғанын айтты.

    Әскентай Нұрғанаттың қолында мылтық болғанын, ататынын айтып қорқытқанын да жеткізді. Жарақат алғанына қарамастан, жедел жәрдем шақырылмағанын, ақша толық төленбеді деп жала жабылғанын айтты.

    Сотта прокурор мен қорғаушы арасында дау туындады. Прокурор кастет туралы ақпарат тергеуде мүлде айтылмағанын алға тартса, қорғаушы тергеуде қысым болғанын айтты. Судья екеуіне де соңғы ескерту жасады.

  • Шерзат ісі: Куәгерлер қансырап жатқан жәбірленушіні көргенін айтты

    Шерзат ісі: Куәгерлер қансырап жатқан жәбірленушіні көргенін айтты

    Куәлік бергендердің қатарында Арлан Құсайынов, Данияр және Дарын Жанболатұлы, Сәкен Әкежанов, Дәулет Мұхамедұлы мен Әділхан Рузиев бар.

    Сәкен Әкежанов терезеден жерде жатқан баланы бірнеше жігіттің тепкілеп жатқанын көріп, жедел жәрдем шақырған. Ал Данияр Жанболатұлы оқиға орнында бір жігіттің басынан қан ағып тұрғанын айтса, Арлан Құсайынов атыс туралы анасы ескерткен соң барғанын жеткізді. Екеуі де алғашқыда болған жағдайды түсінбеген, тек төбелес шығар деп ойлаған.

    Куәгерлердің сөзінше, олар қарудың оғын, қан іздерін, жарақат алғандарды көрген. Бірақ күдіктілер мен жәбірленушілерді танымайтындарын айтты. Судья бейнежазбаның авторын анықтау бойынша тексеріс жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Іс бойынша негізгі айғақтар — 3 пышақ пен 1 мылтық.

  • Ақтөбеде мектеп оқушысы суицид жасады

    Ақтөбеде мектеп оқушысы суицид жасады

    Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында 15 жастағы оқушы қыз өзіне қол жұмсады. Марқұмның денесін туыстары ауладан тапты.

    Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында оқушы қыздың өліміне қатысты полиция іс қозғады. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

    Қайғылы оқиға 29 сәуір күні күндіз марқұмның үйінде болды. Оқушы осы оқиғаның алдында сабаққа барып келген. Сол күні оғаш мінез-құлық танытпағаны айтылады. Ресми мәліметке сүйенсек, өлім алдында хат жазып қалдырмаған.

    «2025 жылғы 29 сәуірде Мәртөк ауданының 9-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болды. Жасөспірім ата-әжесімен және анасымен тұрған.   Бала ол күні сабаққа барған, мінез-құлқында оғаш әрекет байқалмаған», – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасы.

    Қазіргі таңда құзырлы органдар оқиғаның себебін анықтап жатыр. Оқушы толыққанды отбасында өскен. Ата-анасы, ата-әжесімен бірге тұрады. Марқұмның денесін атасы тапқан.

  • Руслан Берденовке жасалған шабуыл: Шымкент әкімдігі пікір білдірді

    Руслан Берденовке жасалған шабуыл: Шымкент әкімдігі пікір білдірді

    Оқ тиген Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов пен «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС директоры Ернар Жиембай арасындағы жанжал туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасының жауабында айтылған.

    «Берденов пен «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС директоры Жиембай арасындағы 10 күн бұрын болды делінген қандай да бір жанжал туралы расталған мәлімет жоқ», – делінген әкімдіктің жауабында.

    Ернар Жиембай 21 сәуірге дейін «Тұрғын үй Шымкент» мекемесінің директоры болды. Аталмыш компания Шымкент қалалық құрылыс басқармасына қарайды. Оқиғадан кейін күдікті қызметінен босатылғаны айтылған.

    «Атқарылған құрылыс жұмыстарының сапасын, жобалау-сметалық құжаттаманың сәйкестігін, бюджет қаржысының тиімді әрі мақсатты пайдаланылуын тексеру мақсатында құрылыс басқармасы Шымкент бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС орындаған нысандарға тиісті тексеру жүргізу туралы өтінішпен ресми хат жолдады», – деп хабарлады Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасы.

  • Алматының ботаникалық бағы уақытша жабылады

    Алматының ботаникалық бағы уақытша жабылады

    – Басқа күндері жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады. Ботаникалық бақ күн сайын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Кассадағы техникалық үзіліс: 15:00-15:30. Санитарлық күн техникалық себептер бойынша немесе айдың бірінші дүйсенбісі мереке күніне сәйкес келсе, кейінге қалдырылуы мүмкін, – деп хабарлады бақтан.

    Еске салайық, бұған дейін дауыл салдарынан Алматы ботаникалық бағы бірнеше күнге жабылған болатын.