Метка: Басты жаңалықтар

  • Ақтөбеде 75 үлескерді тақырға отырғызған компания басшысы сотталды

    Ақтөбеде 75 үлескерді тақырға отырғызған компания басшысы сотталды

    Ақтөбеде «Жилище» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басшысы Нұрлан Каус 6 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол сот залында қамауға алынды.

    Ақтөбе қалалық соты «Алаяқтық» бабымен қаралған іске үкім шығарды. ҚК-тің 190-бабы 4 бөлігі 2 тармағымен тағылған айып толық дәлелін тапты.

    2020 жылы қалада бітуге тиіс 5 қабатты екі үйдің құрылысы аяқсыз қалды. Тұрғындар ақша салған баспаналарына кіре алған жоқ.

    Сот «Жилище» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басшысы Нұрлан Каусқа 6 жыл бас бостандығынан айыру және 3 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасын тағайындады. Ол сенімге кіріп, пайда табу үшін құрылысты бастап қана қойған.

    Іс материалында сотталушының 2013 жылы «Жилище» тұрғын үй-құрылыс кооперативін құрғаны айтылады. 2018-2020 жылдар аралығында Ақтөбе көпқабатты тұрғын үй тез пайда табуды жоспарлайды. 2021 жылы сотты болып, 2022 жылы жеңілдетілген жазамен бостандыққа шыққан. Сотталушы үлескерлерден барлығы 421,9 млн алды. 237 млн теңгесі құрылыс-монтажға жұмсалды.

    Қалған 184 млн теңгесін өзі иемденіп алған.

    Енді 75 үлескердің шығынын өндіру азаматтық сот тәртібімен қаралады.

  • Екібастұздағы жаппай улану оқиғасы бойынша сот үкімі шықты

    Екібастұздағы жаппай улану оқиғасы бойынша сот үкімі шықты

    Атап айтқанда, 2024 жылдың 14-16 сәуір аралығында Астана, Қарағанды, Павлодар және Екібастұз қалаларындағы медициналық мекемелерге әртүрлі тамақ улану белгілерімен 56 азамат жүгінді, олар алдын ала Екібастұз қаласындағы мейрамханада өткен салтанатты шараға қатысқан.

    Зардап шеккен адамдардың санына байланысты, тергеу басталған сәттен бастап, қылмыстық іс Екібастұз прокуратурасының бақылауында болды, процессуалдық прокурорлар тағайындалды, сараптамалар ұйымдастырылды, тергеу тобының шығуы ұйымдастырылды.

    Екібастұз қалалық сотының үкімімен кінәлі тұлға қоғамдық тамақтану саласында қызметпен айналысуға тыйым салынып, еркіндігін шектеу жазасына кесілді.

    Зардап шеккендер сот шешімімен қанағаттанды, тек мейрамхана иесі сот үкімін қайта қарау үшін шағымданды.

  • «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұл төледі

    «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұл төледі

    Батыс Қазақстан облысының арнайы экологиялық прокуратурасы компанияның шамадан тыс зиянды заттар шығарып, 264 тонна көлемінде ластаушы заттар тастағанын анықтады.

    Осыған байланысты мекемеге Әкімшілік кодекстің 328-бабы бойынша 739,5 млн теңге айыппұл салынды. Қаражат толық өндіріп алынды.

    Айта кетейік, Қарашығанақ – әлемдегі ең ірі газ-конденсат кен орындарының бірі. Жобаны Eni, Shell, Chevron, «ЛУКОЙЛ» және «ҚазМұнайГаз» компаниялары бірлесіп жүзеге асырып отыр.

  • Атырауда университет жатақханасының ортасы опырылды

    Атырауда университет жатақханасының ортасы опырылды

    Қаладағы оқу орнына тиесілі бос тұрған жатақхананың орталық бөлігі құлап түсті. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ.

    Ғимарат 2023 жылдың 1 ақпанынан бастап апатты жағдайда деп танылып, тұрғындар шығарылған болатын.

  • Жазушы Әкім Тарази дүниеден өтті

    Жазушы Әкім Тарази дүниеден өтті

    Қазақстанның танымал жазушысы, драматург әрі сценарист Әкім Тарази 2025 жылғы 22 сәуірде 92 жасқа қараған шағында өмірден озды. Қаралы хабарды ақын Бауыржан Қарағызұлы әлеуметтік желіде жариялады.

    Әкім Үртайұлы Әшімов (әдеби лақап аты — Әкім Тарази) 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Ол — қазақ әдебиетінің классиктерінің бірі, бірнеше буын оқырманның рухани дүниесін байытқан көркем туындылардың авторы.

  • 1 мамырдан бастап жедел жәрдемнің жұмыс тәртібі өзгереді

    1 мамырдан бастап жедел жәрдемнің жұмыс тәртібі өзгереді

    Бұл өзгерістер азаматтардың 103 нөмірі бойынша шұғыл көмекке шақырту құқығын шектемейді.

    «Жеделділіктің 4-санатындағы шақыртулар пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қауіп жоқ, пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін, бірақ медициналық араласуды қажет ететін жағдайларға қатысты», делінген хабарламада.

    Сонымен, 1 мамырдан бастап не өзгереді:

    ● емханалардың жанындағы мобилдік бригадалар жұмыс уақытында — 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады;

    ● өмірге қауіп төндірмейтін жеделдіктің 4-санатындағы шақыртулар (мысалы, жоғары қысым, температура, жеңіл жарақаттар) емханалардың жұмыс уақытында МСАК мобилдік бригадаларына қайта бағытталатын болады;

    ● 20:00-ден кейін және демалыс күндері барлық шақыртуларға, соның ішінде 4-санатқа, бұрынғыдай, жедел жәрдем бригадалары қызмет көрсетеді.

    Мұндай шақыртулар жедел шұғыл көмекке мұқтаж адамдарға кедергі келтіреді. Өзгерістер жүктемені оңтайландырып, азайтып, күту уақытын қысқартады.

    МСАК мобилдік бригадасы шақыртуға 60 минут ішінде келеді, ал шұғыл жағдайларда келу уақыты 1-санат үшін — 10 минут, 2-санат — 15 минут, 3-санат — 30 минут.

  • Әкім орынбасарына оқ атқан күдіктінің кім екені анықталды.

    Әкім орынбасарына оқ атқан күдіктінің кім екені анықталды.

    Кей деректерге сүйенсек, Шымкенттегі әкімдік маңында оқ атқан азамат – Жиенбай Ернар Жиенбайұлы. Ол – «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің маманы, аталған мекеме әкімдікке қарасты.

    Ол әкім орынбасары Руслан Арысбекұлы Берденовтің денесінің төменгі бөлігіне «Сайга-12» қаруымен үш рет оқ атқаны айтылуда. Жараланған Берденов ауруханаға жеткізілді.

    Ал оқиғаның нақты себебі тергеу барысында анықталады деп күтілуде.

  • Шымкенттегі атыс: әкім орынбасарына оқ атқан күдікті қамауға алынды

    Шымкенттегі атыс: әкім орынбасарына оқ атқан күдікті қамауға алынды

    Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

    Оқиға 21 сәуірде әкімдік ғимараты маңында болған. Атыс кезінде Берденовтің өкпесі мен бауыры зақымдалған. Бұл туралы оның партияласы Бейбіт Әлібеков Telegram-арнасында хабарлады. Оның айтуынша, Берденовке үш рет оқ атылып, екеуі денесіне тиген.

    Полиция мәліметінше, күдікті – Берденовтің бұрынғы әріптесі, әкімдікке қарасты мекеменің экс-басшысы. Белгілі болғандай, ол жақында қызметінен босатылған.

    Қазір тергеу жүріп жатыр. Қосымша ақпарат жарияланбайды.

  • Гүлмира Сатыбалдыға тағы бір іс бойынша тергеу жүріп жатыр

    Гүлмира Сатыбалдыға тағы бір іс бойынша тергеу жүріп жатыр

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жаңа қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл жолы ол «VOSTOCHKA» деп аталатын тұрғын үй кешенінің құрылысына байланысты тергеліп отыр.

    Антикордың ресми мәліметінше, аталған кешенді салу кезінде заң бұзушылықтар болған. Қазір тергеу жүріп жатыр, сол себепті басқа ақпарат әзірге жарияланбайды.

    Еске салайық, Гүлмира Сатыбалды — Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі. Өткен жылы сот оны бопсалау, заңсыз бостандықтан айыру және өз бетінше әрекет ету баптары бойынша кінәлі деп танып, 12 жылға соттаған болатын.

  • АҚШ визасы: Қазақстандықтарға маңызды ескерту жасалды

    АҚШ визасы: Қазақстандықтарға маңызды ескерту жасалды

    АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы 2 мамырдан бастап виза сұхбатына тіркелу уақыты сұхбат өтетін күннен үш жұмыс күні бұрын, сағат 17:00-де жабылатынын хабарлады.

    Мысалы, 2 мамырға белгіленген сұхбаттар үшін DS-160 формасы 28 сәуір сағат 17:00-ге дейін толтырылып, жіберілуі тиіс. Талап орындалмаса, сұхбат жойылып, үміткер «келмеген» деп тіркеледі.

    Егер сұхбатты визалық агент не үшінші тарап арқылы алған болсаңыз, жауапкершілік өзіңізде.

    Сонымен қатар, сәуірде АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио виза алушылардың әлеуметтік желідегі белсенділігін тексеруді тапсырған. Ал ақпанда ҚР СІМ АҚШ-та заңсыз жүрген қазақстандықтарға елге оралып, құжаттарын рәсімдеуді ұсынған еді.