Метка: Басты жаңалықтар

  • Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша екінші сот отырысы басталды

    Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша екінші сот отырысы басталды

    Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша екінші сот отырысы өтеді.

    Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша басты сот талқылауы бүгін, 2025 жылы 17 сәуірде сағат 10.00-ге белгіленген.

    Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан көруге болады.

  • Қоқыс полигоннан жеке пайда: Экс-әкім Карасаевтың ісі сотта қаралуда

    Қоқыс полигоннан жеке пайда: Экс-әкім Карасаевтың ісі сотта қаралуда

    Алматы облысында Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Карасаев пен оның үш сыбайласына қатысты қылмыстық іс сотқа өтті. Тергеу олардың тұрмыстық қалдықтар полигонын жеке компанияға заңсыз сенімгерлік басқаруға беріп, кірісті қалтаға басқанын анықтаған.

    Прокуратура мәліметінше, Карасаевқа бір емес, Қылмыстық кодекстің жеті бабы бойынша айып тағылған. Атап айтқанда:
    – бөтен мүлікті иемдену,
    – алаяқтық,
    – экологиялық талаптарды бұзу,
    – өкілеттіктерді теріс және асыра пайдалану,
    – заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және
    – қызметтік жалғандық жасау.

    Оның үстіне, экс-әкім аудандық қаржы және ТКШ бөлімдерінің басшыларын да қылмыстық схемаға тартқан. Полигонды басқарған компания өз міндеттемелерін орындамаған. Ал табыс – Карасаевтың жеке пайдасына жұмыс істеген.

    Қазіргі уақытта ол ІІМ ҚАЖК №72 мекемесінде қамауда отыр.

  • «БИПЭК Авто» ісі: Балушкин сырттай 9 жылға сотталды

    «БИПЭК Авто» ісі: Балушкин сырттай 9 жылға сотталды

    Ол «Азия Авто – БИПЭК Авто» атынан 66 млрд теңге несие алып, қаржыны жымқырған. 3,9 млрд теңгені жасыру үшін жалған сыйақы рәсімдеген.

    Компания мемлекеттен салықтық жеңілдік алғанымен, зауыт ашу секілді міндеттерін орындамаған. Шығын көлемі – 173 млрд теңге. Сот Балушкинге 9 жыл, оның сыбайласына 8 жыл 6 ай жаза тағайындады. Екеуіне де 10 жылға басшылық қызмет атқаруға тыйым салынды.

  • Абай облысында аспалы көпірден құлаған 3 адам көз жұмды

    Абай облысында аспалы көпірден құлаған 3 адам көз жұмды

    Оқиға 15 сәуірде сағат 15:50-де Аягөз ауданы Ақшәулі ауылында болған.

    Куәгерлердің айтуынша, шаруа қожалығының үш жұмысшысы Көкқамыр учаскесіндегі ағаш аспалы көпір арқылы мотоциклді алып өтпек болады. Сол кезде олар түгелдей Қарақол өзеніне құлап кеткен. Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жағадан ұялы телефондар мен сырт киімдерді тапты.

    Оларға ТЖД құтқарушылары келіп қосылып, іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады. Соның нәтижесінде 16 сәуір күні таңертең 1980 және 1978 жылғы екі ер адамның мәйіті табылды.

    – Сағат 14:35-те құтқарушылар 1967 жылы туған үшінші ер адамның денесін тапты. Абай облысының Полиция департаменті тергеу амалдарын қолға алды. Сот-медициналық сараптама тағайындалған, – деп хабарлады Абай облысының ТЖД баспасөз қызметінен.

  • Бишімбаев ісіндегі прокурор қазақстандықтарға үндеу жасады

    Бишімбаев ісіндегі прокурор қазақстандықтарға үндеу жасады

    Қуандық Бишімбаев ісіндегі прокурор Айжан Аймағанова қазақстандықтарға үндеу жасады. Айжан Аймағанова парақшасында видео жариялап, балалардың жол апатына түсуі туралы жазған.

    — Әрбіріміз өз өмірімізде болып жатқан нәрселерге, әсіресе балаларға қатысты жағдайларға жауаптымыз. Соңғы уақытта балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары, терезеден құлау сияқты қайғылы жағдайлар жиілеп кетті. Бұл бәрімізді бейжай қалдырмауы керек. Астана прокуратурасының парақшасындағы бейнеролик мені ерекше толқытты. Бәлкім менің әріптесім, Арайлым Оразованың бастауымен түсірілгендіктен болар. Бұл видеода-оның ұлдары, дейді Аймағанова.

    Прокурор балаларды қорғап, сақ болуға шақырды. Еске салайық, сәуірдің басында Алматыда жантүршігерлік оқиға болды. Анасының көзінше жүк көлігі баланы басып кетті.  Оқиға Беларусь азаматы басқарған көліктің кесірінен орын алды. Бала оқиға орнында жан тапсырды.

    Видеодан баланың анасы жол жиегінде күтіп тұрғанын, ал баланың жолдан өтіп келе жатқанын көруге болады. Бала анасына қарай жүрмек болғанда, алдынан жолаушылар автобусы кесіп өтеді. Сол сәтте жүк көлігі баланы байқамай басып өткен. Бұл қайғылы оқиға баланың анасының көз алдында болған.

  • Алматы облысында балалар балабақша шатырына шығып кеткен

    Алматы облысында балалар балабақша шатырына шығып кеткен

    Желіде тараған видеода бірнеше баланың терезеден шығып, шатырда жүргені көрінеді. Оқиғаға байланысты облыстық полиция түсініктеме берді.

    Балабақша меңгерушісі әкімшілік жауапқа тартылды. Ал қауіпсіздік талаптарын сақтамаған қызметкер жұмыстан босатылған. Қазір қызметтік тексеру жүріп жатыр.

  • Мемлекет басшысы экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

    Мемлекет басшысы экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс отырысы өтті.

    Жиында тарифтік қақтығыстар салдарынан әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты еліміздің іс-қимыл жоспары талқыланды.

    Премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің, сондай-ақ басқа да құзыретті органдар басшыларының баяндамалары тыңдалды.

    Президент қазіргі жаһандық экономикадағы ахуалдың тұрақсыз сипат ала бастағанын, сондықтан кез келген жағдайға дайын болу қажет екенін атап өтті.

    Кеңес отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады.

    «Үкіметтің міндеті – халықтың әл-ауқатын, экономикалық өсім қарқынын және тартылатын инвестиция көлемін төмендетуге жол бермеу», – деді Мемлекет басшысы.

  • КДВ Қазақстан компаниясына тергеу басталды

    КДВ Қазақстан компаниясына тергеу басталды

    Антимонополиялық агенттік бұл кәсіпорын тең жағдайдағы әріптестерге әртүрлі баға қойғанын анықтаған. Мұндай әрекет бәсекелестік заңын бұзуы мүмкін.

    Агенттік заңбұзушылықты жоюды сұрап, ескерту жіберген. Бірақ компания талапты орындамаған. Сол себепті ресми тергеу басталған.

    KDV Kazakhstan – ресейлік KDV Group холдингінің Қазақстандағы өкілі. Олар «Яшкино», Babyfox, Calve сияқты бренд өнімдерін сатады.

  • Меркіде пышақпен шабуыл жасаған күдікті ұсталды

    Меркіде пышақпен шабуыл жасаған күдікті ұсталды

    Жамбыл облысы, Меркі ауданында жанармай құю бекетінде пышақпен шабуыл жасаған адам ұсталып, қамауға алынды. Оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі (бұзақылық) бойынша іс қозғалып, күдіктіге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылып отыр.

    Қылмыстық іс облыстық ПД Тергеу басқармасына тапсырылып, жедел-тергеу тобы құрылды. Істі толық әрі әділ тергеу үшін аймаққа ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері жіберілді.

    Жәбірленуші полицияның қорғауына алынды. Тергеу Ішкі істер министрінің жеке бақылауында.

  • Талдыкорғанда есірткі саудасымен айналысқан жасөспірімдер ұсталды

    Талдыкорғанда есірткі саудасымен айналысқан жасөспірімдер ұсталды

    Талдыкорғанда екі жасөспірім 116 орама есірткімен қолға түсті. 17 және 18 жастағы Ескелді ауданының тұрғындары есірткі таратып жүрген жерінен ұсталды. Полиция олардың сөмкесінен 2 пакет мефедрон және тағы 95 пакетті тапты. Одан бөлек, жасөспірімдер полицейлерді жасырылған 21 пакеттің орнына апарып, барлығы 116 орама тәркіленді. Қазір күдіктілер қамауға алынған, оларға 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі бар.