Метка: Басты жаңалықтар

  • Павлодарда 237 км/сағ жылдамдықпен жүрген жүргізуші ұсталды

    Павлодарда 237 км/сағ жылдамдықпен жүрген жүргізуші ұсталды

    Облыстық ПД мәліметінше, жыл басынан бері 21 мыңнан астам жүргізуші жылдамдық режимін бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

    Күн сайын облыс жолдарында полиция қызметкерлері жылдамдық режимін бұзған жүргізушілердің жолын кеседі. Тәжірибе көрсеткендей, көптеген апаттар көбінесе дұрыс таңдалмаған қозғалыс жылдамдығының нәтижесі болып саналады. Әрбір жүргізуші жолдың әртүрлі бөліктерінде белгіленген жылдамдық шектеулерін сақтау өте маңызды екенін түсінуі керек.

    «Тек осы жылы жылдамдық режимін бұзған 21269 жүргізуші жазаланды. Мысалы, Қалқаман кентінің маңындағы Астана-Павлодар автожолында Land Rover Range Rover автокөлігі ұсталды, ол 237км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан автомагистральда көзделген жылдамдық режимін бұзды. Енді оған «әуесқойға» айыппұл төлеуге тура келеді», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті.

  • Жедел жәрдем қызметі әкімдіктердің құзыретіне берілуі мүмкін

    Жедел жәрдем қызметі әкімдіктердің құзыретіне берілуі мүмкін

    – Жедел жәрдемге байланысты проблема жоқ емес, бар, осы орайда келесі жылы барлық облыс жергілікті бюджет есебінен тиісті қаражат бөліп, жедел жәрдем көлігі мәселесін шешуді жоспарлап отыр. Бізде тағы бір ұсыныс бар, жедел жәрдем қызметінің тиісті тарифін белгілеп, жергілікті атқарушы органдарға беру мәселесі қаралуда, – деді Ақмарал Әлназарова Мәжілісте МӘМС жүйесі туралы заң жобасын таныстыру барысында Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап бере тұрып.

    Одан әрі министр жедел жәрдем қызметін өңір әкімдіктерінің құзыретіне берудің себебін атады.

    – Көлік, инфрақұрылым, автокөліктер тұрағы мәселелерін шешу, бригадалардың санын көбейту жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде болуы керек. Қаражат бөлу, басқа да мәселелер тез арада шешіледі, – — дейді ол.

    Бұған дейін Ақмарал Әлназарова 2027 жылдан бастап жедел жәрдем қызметі бойынша жаңа норма енгізілетінін мәлімдеген еді.

     

  • Шерзат Болаттың ісі сотқа түсті

    Шерзат Болаттың ісі сотқа түсті

    Осы іс бойынша жәбірленушілердің құқығын қорғайтын адвокаттар командасы жасақталған.

    Ол қатарда Мейірман Шекеев, Әлім Мұстапаев, Жандос Палманов, Бекзат Ниязов, Бағдат Амандосұлы, Нұрболат Ибраев, Дина Досаева сынды адвокаттар бар.

    «Құрметті достар, біз іске кірістік. Барлық құжаттармен таныстық. Біздің пайымдауымызша алғашқы сот отырысы сәуірдің ортасынан басталуы керек», – дейді Мейірман Шекеев.

    Айта кету керек, Қаржаубай Нұрымов адвокаттарынан бас тартқан еді.  Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізілді, шамамен 200 куәгерден жауап алынды, барлық күдіктілердің оқиға орнында айтқан жауаптары тексерілді, процесс қатысушылары арасында беттестірулер өткізілді, сондай-ақ қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған өзге де тергеу әрекеттері жүзеге асырылды.

    Қылмысқа қатысушылардың барлығына құқықтық баға бере отырып, 8 бейнематериал зерттелді.

  • Қазақстанда Қадір түні өтеді

    Қазақстанда Қадір түні өтеді

    Мешіттер жамағатқа есігін ашып, намаздар, Құран оқу және қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.

    Қауіпсіздік үшін ірі қалаларда полиция мен медицина қызметкерлері кезекшілік етеді.

    Ислам сенімі бойынша, бұл түні жасалған дұға мен жақсылықтар мың айлық ғибадатқа тең.

  • Павлодарда туысқан қарындасын зорлаған 17 жастағы бала он жылға сотталды

    Павлодарда туысқан қарындасын зорлаған 17 жастағы бала он жылға сотталды

    Былтыр жазда Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы ауылдардың бірінде туысқан ағасы зорлап, артынан жүкті болған қыз босанған еді. Бүгін Павлодар облысында осы іске қатысты сот өтті.

    Күдікті болған 17 жастағы бала кәмелет жасына толмағандықтан, сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Соттың бүгінгі шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

    Жазда оқушы қыздың босанғаны белгілі болған соң Павлодао облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова 12 жасар қыздың ауылына барған. Қыз бала отбасымен Павлодар облысы Шарбақты ауданы Галкино ауылында өмір сүріп жатыр. Атажұртқа көшіп келген қандастарды Қазақстанға ерте көшіп келген туыстары осы ауылға қоныстандырған көрінеді.

    Бала құқықтары жөніндегі уәкіл оқушы қыздың отбасы адам шошырлық жағдайда өмір сүріп жатқанын көрсеткен болатын. Қыздың әкесі тек алтыншы сынып бітірген, ал анасы хат танымайды.

  • Алматы облысында түрмедегі әйелдердің балалары ауруханаға түскен

    Алматы облысында түрмедегі әйелдердің балалары ауруханаға түскен

    Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Алматы облысындағы әйелдер колониясында балалардың уланып, ауруханаға түскенін растады.

    Оның айтуынша, оқиға бүгін болған және қазір осы іспен вице-министр шұғылданып жатыр.

    «Иә, бүгін осындай жағдай болғаны рас. 3 бала жансақтау бөлімінде. Олардың аналарын жанына кіргізбеген. Біз мәселеден хабардармыз, вице-министр тиісті жұмыс жүргізіп, мәселені шешкелі жатыр. Егер бүгін әйелдерді балаларының жанына жіберуге дайын болса, біз кіргізе аламыз», — деді ол.

  • Еңбекке жарамсыздық жәрдемақысы қалай төленеді?

    Еңбекке жарамсыздық жәрдемақысы қалай төленеді?

    Комитет өкілі Талант Ермановтың айтуынша, сырқаттанған қызметкерге жұмыс беруші өтемақы төлеуге міндетті. Ол ресми еңбекке жарамсыздық парағы негізінде есептеледі.

    Жәрдемақы мөлшері қызметкердің орташа күндік жалақысына негізделіп, жұмысқа шықпаған күндерге төленеді. Заң бойынша оның ең жоғары сомасы – 98 300 теңге (25 АЕК).

  • Утильалымнан түскен қаржы қоқыс өңдейтін зауытқа жұмсалады

    Утильалымнан түскен қаржы қоқыс өңдейтін зауытқа жұмсалады

    Қазақстанда утильалымнан түскен қаражат қоқыс өңдейтін зауыттарды қолдауға бағытталады. Бұл шешім қазіргі және ұсынылатын тарифтер арасындағы айырмашылықты өтеу мақсатында қабылданды. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі утильалым қаражатын қалдықтарды өңдеу инфрақұрылымын дамытуға және экологиялық жобаларды қаржыландыруға жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл шаралар қалдықтарды тиімді басқаруға және экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.

  • Қауіпті Telegram-арналар бұғатталды

    Қауіпті Telegram-арналар бұғатталды

    Прокурорлар экстремистік, террористік сипаттағы ақпарат, жасөспірімдер суицидін және балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерін насихаттауды таратқан топтарын анықтады.

    «PANIC PETRO» Telegram-арнасында кәмелетке толмағандардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін посттар, сондай-ақ жыныстық сипаттағы бейнероликтер орналастырылған.

    «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы қабылданған шаралармен аталған топтарға кіру бұғатталған.

    Облыс прокуратурасы жыл басынан бері құқыққа қайшы контенті бар барлығы 81 топқа тосқауыл қойды.

  • ҰБТ-да 121 баланың нәтижесі жойылды

    ҰБТ-да 121 баланың нәтижесі жойылды

    Оның ішінде:

    • талапкерлердің 72%-ға жуығы шекті балл жинады;
    • орташа балл – 65 балл (бес пән бойынша);
    • ең жоғары балл – 139 балл;
    • ерекше білім беру қажеттілігі бар 232 талапкер қатысты.

    Ереже бұзғаны үшін 121 адамның нәтижесі жойылды:

    тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 43 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;

    тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 55 адам шығарылды;

    бейнежазбаларды қайта қарау нәтижесінде 23 адамның нәтижесі жойылды;

    бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

    Қатысушылардың 18,1%-ы «Математика-Физика» комбинациясын, 14,8%-ы «Биология-Химия», 12,6%-ы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған.

    Наурыз айындағы ҰБТ 6 сәуірге дейін өтеді.