Метка: Басты жаңалықтар

  • Ақтөбеде мектеп есепшісі бес жыл бойы бюджет қаражатын жымқырған

    Ақтөбеде мектеп есепшісі бес жыл бойы бюджет қаражатын жымқырған

    Қызмет бабын пайдаланып, 2019-2024 жылдар аралығында мектеп қажеттіліктеріне бөлінген 230 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған.

    Ол жалақыны белгіленген мөлшерден артық аударып, қосымша демалыстар беру арқылы қаражат алған.

    Мектеп есепшісі 7 жылға материалдық жауапкершілікке қатысты лауазымдарды атқару құқығынан және 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

  • Енді шенеуніктер бюджетте артылған қаржыны өздеріне сыйақы ретінде аудара алмайды

    Енді шенеуніктер бюджетте артылған қаржыны өздеріне сыйақы ретінде аудара алмайды

    Министрдің айтуынша, үнемделген қаржы енді бюджетке қайтарылады.

    «Осы сәтті пайдалана отырып мына нәрсені айтқым келеді. Қаржы министрлігі есепшот арасында сыйақы ретінде қаржы аударуға тыйым салды. Сәйкесінше, шенеуніктер үнемделген қаржыны сыйақы ретінде ала алмайды. Қаражат бюджетке қайтарылады», – деді ол.

    Журналистер Мади Такиевтен шенеуніктердің сыйақы мөлшері туралы да сұраған. Алайда министр бұл сауалға жауап бермеді.

  • Испанияда ұлттық аза тұту күні жарияланды

    Испанияда ұлттық аза тұту күні жарияланды

    Испания үкіметі 2024 жылдың су тасқынынан қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендерге көңіл айту үшін 31 қазан, 1 және 2 қараша күндерін ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

    La Moncloa басылымының жазуынша, корольдің жарлығы бүгін, 31 қазанда ресми мемлекеттік газетте жарияланады.

    «Үш күндік ресми аза тұту кезінде мемлекеттік ту барлық мемлекеттік ғимараттарда, соның ішінде шетелдегі өкілдіктер мен миссияларда төмендетіледі», – делінген басылымда.

    Айта кетейік, Валенсиядағы апатты су тасқыны 70 адамның өмірін қиды. Тағы екі адам Кастилия-Ла-Манчтағы су тасқынынан көз жұмды.

    Жауын-шашынның салдарынан ондаған мың тұрғын электр қуатынсыз қалды.

    29 қазанда басталған жауын-шашын бүгін де тоқтамауы мүмкін.

    Апаттан зардап шеккен аумақтар апат аймақтары деп жарияланады.

  • Бүгін ауа райы қандай болады?

    Бүгін ауа райы қандай болады?

    «Қазгидромет» РМК бүгінге, 31 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

    Астанада күн ала бұлтты, қар аралас жаңбыр, тұман, көктайғақ, жел 9-14 м/с. ауа температурасы түнде -1…+1°C, күндіз + 3…+5°C.

    Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5 м/с дейін. түнде температура + 1… + 3°C, күндіз + 12…+14°C.

    Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. ауа температурасы түнде + 1… + 3°C, күндіз + 15…+17°C.

    Ақтауда күн ала бұлтты, жаңбыр, жел 5-20 м/с. ауа температурасы түнде + 7…+9°C, күндіз + 15…+17°C.

    Ақтөбеде бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. ауа температурасы түнде +1… + 3°C, күндіз + 4…+6°C.

    Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. ауа температурасы түнде +1… + 3°C, күндіз + 8…+10°C.

    Жезқазғанда бұлтты, қар, жел 9-14 м/с. ауа температурасы түнде +2… + 4°C, күндіз + 4…+6°C.

    Қарағандыда бұлтты, қар, жел 9-14 м/с. ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз + 2…+4°C.

    Көкшетауда күн ала бұлтты, қар жауған жаңбыр, жел 5-10 м/с. ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз + 3…+5°C.

    Қонаевта күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. ауа температурасы түнде + 1… + 3°C, күндіз + 12…+14°C.

    Қостанайда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 2-7 м/с. ауа температурасы түнде -4…-6°C, күндіз + 2…+4°C.

    Қызылордада күн ала бұлтты, жаңбыр, жел 9-14, екпіні 15 м/с дейін. ауа температурасы түнде + 5…+7°C, күндіз + 11…+13°C.

    Павлодарда күн ала бұлтты, қар жауған жаңбыр, жел 7-12 м/с. ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз + 5…+7°C.

    Петропавлда күн ала бұлтты, қар жауған жаңбыр, жел 2-7 м/с. ауа температурасы түнде -2…-4°C, күндіз +1…+3°C.

    Семейде бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с. ауа температурасы түнде -2…-4°C, күндіз +6…+8°C.

    Талдықорғанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз + 12…+14°C.

    Таразда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз + 14…+16°C.

    Түркістанда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. ауа температурасы түнде + 1… + 3°C, күндіз + 14…+16°C.

    Оралда бұлтты, жаңбыр, жел 9-14, екпіні 18 м/с дейін. түнде ауа температурасы 0…+2°C, күндіз + 7…+9°C.

    Өскеменде бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз + 5…+7°C.

  • Құрылыс алаңында бір адам көз жұмды

    Құрылыс алаңында бір адам көз жұмды

    Қайғылы оқиға көпқабатты үйде болған. Build Invest құрылыс компаниясы салып жатқан тұрғын үй кешенінде лифт құлап кеткен. Салдарынан бір адам көз жұмды. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді, жағдайы ауыр.

    «Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үй кешені нысандарының бірінде болған оқиға бойынша, байқаусызда адамның өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бірқатар сараптамалар тағайындалды. Мән-жай анықталуда», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

  • Air Astana ұшағы Алматыдан Ақтөбеге ұшпай қалды

    Air Astana ұшағы Алматыдан Ақтөбеге ұшпай қалды

    Алматылық ақын Асылан Тілегеннің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлім еткеніндей, ала таңнан әуежайға барғанымен, ұшақ ұшпай қалған.

    «Ақтөбеге, жазушы Тобық Жармағамбетовтың 90 жылдық тойына жетуім керек еді. Air Astana әуелі 1 сағат, одан кейін 4 сағатқа кешігеді деп хабарлады. Ақыры соңында 25 сағаттан кейін, яғни ертең ұшамыз деп, төбеден тоңқ еткізді. Негізі, КС-863 рейсі бойынша ұшақ Алматыдан сағат 09.20-да аттанып, Ақтөбеге 13.10-да қонуы керек еді. Бізге ауа райына, Ақтөбедегі тұманға байланысты деді. Қаншама адам жолынан қалды», – деді Асылан Тілеген.

    Осыған байланысты аталмыш әуе компаниясы ресми жауап берді.

    «Әуе компаниясы рейстердің уақытылы ұшуы үшін бар күш-жігерін салады, дегенмен кестеге сай жүру әрдайым қолдан келе бермейді. Кей кезде рейс әуе компаниясындағы жағдайларға байланысты (мысалы, техникалық қызмет көрсету, экипаждың жұмыс уақыты), ал кейде ауа райы, әуежай жұмысы, қауіпсіздік, алдыңғы рейстің кешігуі сияқты әуе компаниясына тәуелді емес себептермен кешігеді. Жолаушылар мен экипаждың өміріне қауіп төнсе, біз ешқашан тәуекелге бармаймыз. Ондай жағдайда рейсті кешіктіріп, ұшақ толық жұмыс істейтіне көз жеткізбей ұшырмаймыз. Жолаушылар қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз», – делінген онда.

  • Қонаевтағы көшеге Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді

    Қонаевтағы көшеге Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді

    Қонаевтағы Фрунзе көшесіне С.Нұрмағамбетовтің есімі берілді. Осыған байланысты салтанатты шара өтті. Оған әскери қызметкерлер мен қала әкімінің міндетін атқарушы Төлеген Кенжебеков қатысты.

    Айта кетейік, бұған дейін Центральная көшесіне Б.Соқпақбаевтың есімі берілген болатын.

    Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов(25 мамыр 1924, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Еңбек ауылы — 24 қыркүйек 2013, Алматы) — әскери қайраткер, армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, «Халық қаһарманы», Алматы, Астана, Донецк (Украина) қалаларының, Ақмола облысының, Ақкөл ауданының құрметті азаматы.

  • Есірткі жарнамалаған 16 жастағы шымкенттік ұсталды

    Есірткі жарнамалаған 16 жастағы шымкенттік ұсталды

    Жасөспірім заңға қайшы жұмысты интернеттен тапқан. Сонымен қатар маусым айынан бері мегаполис аумағында есірткі заттарын жарнамалаумен айналысқан. Шымкент тұрғынынан өзі дайындаған жарнамалық жазулары бар парақшалар тәркіленді.

    Полиция есірткіні насихаттау және жарнамалау дерегі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

    Заңнамаға сәйкес, аталған қылмыс үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

  • Қарағандыда лифт құлап, бір адам қаза болды

    Қарағандыда лифт құлап, бір адам қаза болды

    Қарағандының оңтүстік-шығысында салынып жатқан тұрғын үй кешенінде лифт құлап, бір жұмысшы қаза тапты. Оқыс оқиға салдарынан екінші жұмысшы ауруханаға жатқызылды. Полиция қылмыстық іс қозғады.

    Оқиға бойынша тұрғын үй кешенінің салынып жатқан объектілерінің бірінде «абайсызда адамның өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бірқатар сараптамалар тағайындалды. Мән-жайлар анықталуда, – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

  • Қашағанда мұнай мен газ өндіру қайта басталды

    Қашағанда мұнай мен газ өндіру қайта басталды

     Қашаған кен орнында мұнай мен газ өндіру қайта басталды. «Кеше Қашаған кен орнында күрделі жөндеу аяқталып, мұнай мен газ өндіру қайта басталды», – деп атап өтті Энергетика министрлігінен.

    Ведомство өкілдері өндірістің толық қуатта іске қосылмағанын, ал 1 қарашадан бастап толық қуатқа шығу жоспарланып отырғанын нақтылады. NCOC компаниясы 7 қазанда «Қашаған» кен орнының теңіздегі және құрлықтағы нысандарында жоспарланған техникалық қызмет көрсету жұмыстары басталғанын хабарлаған еді.

    «Қашаған» кен орны соңғы ондаған жыл ішінде ашылған ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып саналады. Кен орнының өндірілетін қоры 9-13 млрд баррель мұнай аралығында деп бағаланып отыр. «Қашаған» кен орнынан коммерциялық мұнай өндіру 2016 жылдан бері жүргізіліп келеді.