Таиландтың орталығындағы провинциялар алапат тасқынға дайындалып жатыр. Себебі мұнда бірнеше апта бойы жаңбыр тоқтаусыз төпелеп жауған. Cалдарынан дамба суға толды. Қауіпті аймақтағы қалалар қатарында мемлекет астанасы Бангкок та бар. Ал Чиангмай қаласында ішінара эвакуация жүріп жатыр. Ұлттық парктегі 125 пілдің көпшілігі қауіпсіз жерлерге шығарылған. Алып жануарлардың кейбірі биік жерге өздері көтеріліпті. Мұнда жауын тоқтағанымен, құтқару операциялары әлі жалғасып жатыр. Апаттан зардап шеккендерге еріктілер де жәрдемдесіп жүр. «Ассоушиэйтед пресс» агенттігінің хабарлауынша, туристер көп баратын Түнгі базар мен Та Па Гейт қалаларын да су басқан.
Метка: Басты жаңалықтар
-

Гаитиде 6 мыңнан астам адам үйлерін тастап кетті
Гаитиде 6 мың 300-дей адам үйлерін тастап кетті. Олардың үдере көшуіне қаруланған қылмыстық топтың Понт-Сонда қаласында 70 адамды атып өлтіруі себеп болған. Қазір босқындарға үкіметтік емес ұйым азық-түлік таратып жатыр.
Айта кетсек, Гаити астанасы Порт-е-Пренстің 80 пайызы қылмыскерлердің бақылауында. Қарулы ұйымдар негізгі жолдарды басып алып, өзара жауласып жатқандықтан, тауар тасымалдау қиындаған. Елдің 11 млн-нан астам халқының жартысы аштыққа ұшырап жатыр. Ал жергілікті билік қылмыскерлермен күреске элиталық полицияны да жұмылдырғанын мәлімдеп отыр. -

ДСМ жаңа вирустың өршуіне байланысты дабыл қақты
Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа қауіпті инфекция – Марбург вирусының өршуі туралы ескертуіне байланысты эпидемиологиялық жағдайды бақылауды күшейтеді.
Марбург вирустық ауруы – адамдарға да, басқа приматтарға да әсер ететін сирек кездесетін, ауыр вирустық геморрагиялық қызба. Вирус табиғатта жарқанаттарда кездеседі және жарқанаттардан адамдарға берілуі мүмкін. Марбург қызбасының табиғи ошақтары – Оңтүстік, Батыс және Орталық Африка елдері: Оңтүстік Африка (Оңтүстік Африка Республикасы), Габон, Судан, Конго Демократиялық Республикасы, Либерия, Гвинея, Зимбабве, Кения.
Аурудың клиникалық белгілері вирусты жұқтырғаннан кейін 2-21 күннен кейін пайда болады.
Халықтың жоғары көші-қонын ескере отырып, министрлік қазақстандықтарға эндемиялық елдерге барған кезде мынадай профилактикалық шараларды сақтауды ұсынады:
- жұқтырған адамдармен байланыста болудан аулақ болу;
- Африка ормандарын мекендейтін жабайы жануарлардан сақ болу;
- жергілікті жануарлардың жеткіліксіз қуырылған етін жемеу;
- мысырлық жарқанаттардың көпбөлігі — вирустың асимптоматикалық тасымалдаушылары бар үңгірлер мен шахталарға бармау;
- аурудың белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну;
- жеке гигиена ережелерін сақтау.
Ақпаратқа сәйкес, Марбург вирусына қарсы арнайы ем мен вакцина жоқ. Тек симптоматикалық емдеу ғана жүргізіледі. Вирус адамға тікелей байланыс арқылы беріледі. Оны зақымдалған тері немесе шырышты қабықтар арқылы жұқтыру қаупі бар. Сонымен қатар, вирусты заттардың бетіне тигенде және төсек-орын немесе науқастың киімі сияқты материалдарды ұстаған кезде жұқтыру мүмкін.
Аурудың негізгі белгілері: қызу көтерілу, тамақ ауру, бөртпе, іш ауру, мұрын мен көздің қанауы.
ДСМ Марбург вирусының эпидемиологиялық жағдайының дамуын мұқият қадағалайды. Халықаралық әуежайларда аурудың республикаға әкелінуіне және таралуына жол бермеу мақсатында барлық келетін жолаушылардың байланыссыз термометриясы жүргізілетін мемлекеттік шекарада санитариялық-карантиндік бақылау іске асырылады, – деп атап өтті Сархат Бейсенова.
-

Баянауылдағы өрт 6 мың гектарға жетті
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Қарағанды облысынан Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ормансыз аумағына өткен өрт 6 мың гектар жерді шарпығанын мәлім етті.
«Өрт ошақтарын жою орнында өңірлік жедел штабтың отырысын өткіздім. Тілсіз жаумен күресуге барлық қажетті күштер тартылды: өртті 310 адам, 51 арнайы техника, 2 тікұшақ, 3 ұшқышсыз ұшу аппараты сөндіріп жатыр. Қазір өрт оқшауланды, әлі сөнген жоқ. Өңірде құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», – деп жазды әкім телеграмм парақшасына.

Әкімнің айтуынша, өрттің себебі – шөп шабатын техникалардың ақауы болуы мүмкін.
«Мұндай өрттердің негізгі себептерінің бірі – шөп шабу кезінде қолданылатын техникалардағы ұшқын сөндіргіш құрылғылардың істемеуі. Сондықтан, барлық шаруа қожалықтарынан міндетті түрде ұшқын сөндіргіш құрылғылар болуы тиіс қолданыстағы техникаларды тексеруді, сондай-ақ, өз шаруашылықтары мен үйлерінің, әсіресе, шөп қоры сақталатын орындардың айналасын уақытында жыртуды сұраймын», — деп жазған Байханов.
-

Жетісу облысында білім бөлімі есепшілері ақша жымқырған
Жетісу облысы Кербұлақ ауданы білім бөлімі есепшілері бюджет қаражатын жымқырған.
Прокуратура мәліметінше, 2021-2023 жылдар аралығында білім бөлімінің 3 есепшісі онда жұмыс істемейтін адамдарға жалақы мен еңбек демалысы жәрдемақысын заңсыз аударған. Келтірілген шығын – 34 млн теңге.
Осы факті бойынша облыс прокуратурасы тергеу жүргізіп, нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды. Сот үкімімен бухгалтерлер Қылмыстық кодекстің 63-бабы («Шартты түрде соттау») бойынша 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен кінәлі деп танылды, – делінген прокуратура хабарламасында.
-

«Қазақмыстың» «Саяқ-3» шахтасында екі жұмысшы қаза болды
«Қазақмыстың» Қарағанды облысындағы «Саяқ-3» шахтасында екі адам қайтыс болды.
Компания хабарлауынша, шахтада көміртегі газы бөлінген.
Барлық жұмысшы жедел түрде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жақын жердегі медициналық мекемелерге жеткізілді. Екі жұмысшы қайтыс болды, — деп хабарлады компания.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, қайғылы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.
«Қазақмыс» қаза тапқандардың отбасына қажет көмек көрсетілетінін мәлімдеді.
Қарағанды облысы полициясы шахтада болған жағдайға байланысты абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тергеу жүріп жатыр.
-

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Төлегенұлы Әленов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Бауыржан Әленов 1976 жылғы 8 қарашада Көкшетау облысында дүниеге келген. Білімі бойынша заңгер, заң ғылымдарының магистрі.
Ішкі істер органдарындағы қызметін 1997 жылғы мамыр айында Көкшетау қаласы Ішкі істер Бас басқармасына қарасты МҚКБ полициясының полиция батальоны болып бастаған. Әртүрлі қызметте істеді.
2013 жылы Ақмола облысы ІІД Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының бастығы болып тағайындалды.
2015-2018 жылдары Ақмола облысы Ішкі істер департаменті бастығының орынбасары болып істеді. Одан кейін Ақмола филиалы басшысының бірінші орынбасары болды.
2019-2021 жылдары – Қазақстан ІІМ жетінші департаментінің бастығы.
2021 жылдың қаңтарынан бастап – Қазақстан ІІМ жедел қызмет департаментінің бастығы,
2022 жылдың қаңтарынан бастап Алматы облысының полициясын басқарған.
-

Exit poll нәтижесі: қазақстандықтардың 69,9% АЭС салуды қолдайды
«Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» жеке қорының талдаушысы Тәжібаев Әлібек Тимитайұлы Exit poll нәтижесін жариялады.
Астана қаласындағы кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының мәліметінше, Қазақстанда АЭС салуға 69,8 пайыз дауыс берсе, 30,2 пайызы қарсы дауыс берген.
-

Елде референдум бойынша дауыс беру аяқталды
Сағат 20:00 референдум бойынша дауыс беру аяқталды. Содан кейін дауыстарды санау басталады.
19:00-дегі ақпаратқа сәйкес, 7,5 млн-нан астам азамат өз таңдауын жасады. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 61 пайызы. Жалпы елімізде 10 323 дауыс беру учаскесі жұмыс істеді. Ал дауыс беру құқығына ие 12 244 683 адам бар. Қазақстан аумағынан тыс 59 елде 74 референдум учаскесі құрылды.
«Сағат 19.00-дегі жағдай бойынша шетелде 13 учаскенің жұмысы аяқталды, 7358 астам Қазақстан азаматы өз дауысын берді (дауыс беруге 59,79 % қатысты). 60 сайлау учаскелері әлі өз жұмысын жалғастыруда. Атап айтқанда, Орталық Азия, Таяу және Орта Шығыс, Еуропа, Оңтүстік Америка және АҚШ елдерінде. Тағы 1 Сан-Франциско қаласындағы учаске Астана уақыты бойынша сағ. 20.00-де ашылады.Еске сала кетейін, Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан 59 мемлекетте 74 учаскелік референдум комиссиясы құрылған болатын, дауыс беретін сайлаушылардың жалпы саны 12 307″, — деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко.
-

Халықаралық байқаушы:референдум жоғары деңгейде өтіп жатыр
«Республикалық референдум жоғары деңгейде өтіп жатыр». Астанаға келген шетелдік байқаушылар бүгінгі науқанға осылай баға берді. Олардың айтуларынша, таңнан бері бірнеше учаскеде болған. Қала тұрғындары бұл науқанның маңызды екенін түсініп, белсенді қатысып жатыр дейді. Сондай-ақ, көпшілігі отбасымен келіп, үлкен қызығушылық танытуда. Комияссия мүшелері де. тас түйін дайын келген.
«Таңнан бері 5-6 дауыс беру учаскесінде болдық. Кешке дейін дәл солай бірнеше учаскеге барамыз. Бұған дейін 60 елде байқаушы болды. Қазақстанда, менің байқағаным, референдум жоғары деңгейде өтіп жатыр. Әсіресе, халық белсенді. Бәрінде мерекелік көңіл-күй», — деді халықаралық байқаушы Ираклий Хорбаладзе.
Бүгінгі референдумды әлемнің 30 елінен 177 байқаушы қадағалауда. Олар Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Франция, Ресей, Испания, Қытай, Беларусь, Грузия, Жапония сынды 30 мемлекеттен келген өкілдер. Одан бөлек, 4 халықаралық ұйымның өкілдері қатысуда. Бұл қатарда Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Түркі мемлекеттерінің ұйымы мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес бар. Сондай-ақ референдумда 37 мемлекеттен 200 шетелдік журналист хабар таратып жатыр.
