Метка: Басты жаңалықтар

  • Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованың отбасына 17 млн теңге төлейтін болды

    Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованың отбасына 17 млн теңге төлейтін болды

    Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованың отбасына 17 млн теңге төлейтін болды

    Айтбек Амангелді азаматтық істер жөніндегі сотқа талабында қайғылы оқиға салдарынан моральдық азап шеккенін, денсаулығының нашарлағанын және еңбекке қабілеттілігін жоғалтқанын айтқан.

    «Сот парасаттылық пен әділдік қағидаттарын негізге алып, жақын туысының қайтыс болуы сөзсіз талап қоюшының моральдық жағдайына кері әсерін тигізіп, оның жеке мүліктік емес құқықтарын бұзғанын ескере отырып, талап қоюды ішінара қанағаттандырды. Жауапкерден қылмыстық іс бойынша келтірілген 6 877 672 теңге материалдық шығын мен 10 млн теңге моральдық залал өндірілді», — делінген елорда сотының шешімінде.

  • Несиеге сұраныс азая түсті

    Несиеге сұраныс азая түсті

    Елімізде несие алушылар азайған. Бірінші кредиттік бюроның хабарлауынша тамыз айында ел азаматтары 1 триллион 400 миллиард теңгеге үш жарым миллионнан астам несие рәсімдеген. Бұл шілде айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 10 процентке төмен. Тіпті өткен жылдың сәуір айынан бері ең төменгі көрсеткіш.  Ал қазір жеке азаматтардың банк алдындағы берешегі 22 триллион 300 миллиард теңгеден асады. 8 миллион 900 мың азаматтың несиесі бар.

  • Жәрдемақы, зейнетақы мен айыппұлдардың мөлшері артады

    Жәрдемақы, зейнетақы мен айыппұлдардың мөлшері артады

    Елімізде келесі жылдан бастап жәрдемақы, зейнетақы мен айыппұлдардың мөлшері көтеріледі. Өйткені 2025 жылдың 1-қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш көлемі 3600 емес, 3900 теңге болады. Бұл туралы үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасында жазылған. Яғни айлық есіптік көрсеткіш көтерілсе, жәрдемақы мен айыппұлдардың мөлшері де артады деген сөз. Мәселен мүгедектігі барлар мен асыраушысынан айырылғандарға және жұмыссыздарға төленетін ақы 6,5 пайызға көтеріледі. Ал зейнетақы көлемі 8,5 процентке артпақ.

     

  • Алматы облысында 17 шенеунік жазаланды

    Алматы облысында 17 шенеунік жазаланды

    Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасы хабарлады. Алматы облысында тексеру іс-шаралары мамырда аяқталды. Аудиторлық іс-шаралар қорытындысы бойынша, бюджет және өзге де заңнама бойынша бірқатар заңбұзушылықтар анықталған.

    «ЖАП нұсқамасын орындау шеңберінде жол берілген заңбұзушылықтар үшін облыстың атқарушы органдарының 17 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Өңірдің облыстық басқармаларының бірінің басшысына қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр», — делінген хабарламада.

    Бұдан басқа, Алматы облысының әкімі мемлекеттік аудит кезінде анықталған заңбұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Бүгінде оны жүзеге асыру жалғасып жатыр.

  • «Қазпошта» кассирлері 80 млн теңгеден астам қаржы жымқырған

    «Қазпошта» кассирлері 80 млн теңгеден астам қаржы жымқырған

    Алматы облысының прокуратурасы көрсетілген мемлекеттік қызметтер үшін қаражаттың түсуіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша «Қазпошта» АҚ-да бюджет қаражатын жымқыру фактілерін анықтады.

    Осы факті бойынша прокуратура сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, іс жүргізу Алматы облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне берілді.

    (далее…)

  • Жоғарғы сот мектепте орамал тағу заңды дегенді жоққа шығарды

    Жоғарғы сот мектепте орамал тағу заңды дегенді жоққа шығарды

    БАҚ-та және және әлеуметтік желілерде Жоғарғы сот мектептерде орамал тағуды заңды деп тапты деген жалған ақпарат тарап жатыр.

    Істі қарау аясында Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы білім беру мекемесінде орамал тағудың заңдылығы жөніндегі мәселені талқылауға араласпаған. Кассациялық саты мектептің оқушыны сабаққа жібермеуін заңсыз деп таныды. Өйткені білім алу құқығы Қазақстан азаматтарының негізгі конституциялық құқығының бірі саналады.

    Сонымен қатар бейінді министрлікте орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі өкілеттіктер бар. Министрдің тиісті бұйрығы заңсыз деп танылмаған және күші жойылмаған, — деп жазылған Жоғарғы сот таратқан хабарламада.

    Сондай-ақ ата-аналар мектеп жарғысы мен мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтау міндетіне жауапты. Бұл ретте ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен білім беру, олардың құқығы мен мүддесін қорғау жөніндегі өздеріне алған және заңда белгіленген, оның ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте көзделген міндеттерді орындамауы жауаптылыққа әкеп соғады.

    Бұған дейін Жоғарғы сот хиджабтағы қыздардың құқығын қорғағаны хабарланған еді.

  • Пойызда сарбазды ұрғандар ұсталды

    Пойызда сарбазды ұрғандар ұсталды

    Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Қылмыстық іс шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметінің бұрынғы әскери қызметшісін ұрып-соғуға қатысы бар адамдардың орналасқан жерлері анықталған.

    “Жәбірленушіге дене жарақатын келтірген екі күдікті, яғни оның бұрынғы қызметтестері тұрғылықты жері бойынша бір тәулік ішінде Астана қаласында ұсталды. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.Тергеу аясында барлық күдіктілерден жауап алынды”, — деп хабарлады ІІМ.

    Олардың әрекеттеріне, соның ішінде бейнетүсірілім жасаған адамға да құқықтық баға беріледі.

    Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

  • Қостанай облысында комбайншы қаза тапты

    Қостанай облысында комбайншы қаза тапты

     

    Жазатайым жағдай Денисов ауданының Чебендовка ауылының маңында болды. 49 жастағы комбайншы комбайн тырмасын шөптен тазартып жатқанда, оны барабан тартып кеткен.

    Полиция және еңбек инспекциясы шаруа қожалығының жұмыскері көз жұмғанын растады. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

  • Енді жедел жәрдем кешке немесе түнде келмеуі мүмкін

    Енді жедел жәрдем кешке немесе түнде келмеуі мүмкін

    Түзетуге сәйкес 4-санаттағы шақыртуларға жедел жәрдем қызметі жұмыс күндері таңғы сағат 8:00-ден кешкі сағат 18:00 барады, ал сенбіде таңғы 8:00-ден 12:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

    4-санаттағы шақыртуға адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін аурулардың (жіті немесе созылмалы аурудың асқынуы) өршуі, аллергиялық аурулар, жеңіл жарақаттар (күйіктер, көгерулер), жәндіктердің шағуы, құсу, дене қызуының көтерілуі сияқты жағдайлар жатады.

    Бұл түзетулер тәулік бойы жұмыс істейтін бригадаларды қаржыландыру жеткіліксіз болғандықтан жасалды. Жобаны талқылау 8 қазанға дейін жалғасады.

    Өзгерістің 1, 2, 3 санаттағы науқастардың шақыртуына қатысы жоқ, оларға тәулік бойы қызмет көрсетіледі.

  • Ипотека жыры: 55 млн теңге шығын келтірген алаяқ 3 жылға сотталды

    Ипотека жыры: 55 млн теңге шығын келтірген алаяқ 3 жылға сотталды

    Астаналық  тұрғын өзін банк қызметкерімін деп таныстырып «Отбасы банк» АҚ арқылы бастапқы жарнасыз ипотекалық тұрғын үйсатып алуға көмектесу мүмкіндігі бар екені туралы ақпарат таратқан. Құқықбұзушы танысына банктен аукционда сатылатын тыйым салынған  үш бөлмелі пәтерді ипотекаға сатып алуды ұсынған. Аукционға қатысу үшін 630 мың теңге сұраған.

    Біраз уақыттан кейін ипотека рәсімдеу үшіншот ашып, 11 млн теңге көлемінде ақша қаражатын салу қажеттігін хабарлаған.

    «Осыған ұқсас сылтаулармен өзінің танысын алдап, сенімін теріс пайдалана отырып, жалпы сомасы 14 млн теңгеден астам ақшаны алаяқтық жолмен иемденген», — делінген Астана қаласы прокуратурасының хабарламасында. 

    Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде 22 жәбірленушіге 55 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

    Кінәлі тұлға 3 жылға бас бостандығынан айырылды.Жәбірленушілердің азаматтық талап арыздары қанағаттандырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Прокуратура азаматтарды тек уәкілетті ұйымдарға жүгінуге шақырады және алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп 10 жылға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.