Метка: Қазақстан

  • Қазақстан азаматтарына Ресейден алтын тасымалдау қиындайды

    Қазақстан азаматтарына Ресейден алтын тасымалдау қиындайды

    Ресей билігі 1 қыркүйектен бастап жеке тұлғалардың алтын алып шығуына қатысты жаңа шектеулер енгізуді жоспарлап отыр. Бұл талаптар Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне, соның ішінде Қазақстанға да қатысты болады, деп хабарлайды Sona.kz Nege.Aqsha-ға сілтеме жасап.

    Жаңа ережеге сәйкес, жеке тұлғаларға салмағы 100 грамнан асатын алтын құймаларын Ресей аумағынан тыс жерге әкетуге тыйым салынады. Бұл шектеу ЕАЭО шеңберіндегі тасымалға да қолданылады.

    Белгіленген лимиттен асатын алтынды тек арнайы халықаралық әуежайлар арқылы және Ресейдің пробирлік палатасының рұқсатымен ғана алып шығуға болады.

    Ресей тарапы бұл шаралар заңсыз капитал шығарумен күрес аясында енгізіліп жатқанын атап өтеді. Ведомство өкілдерінің пікірінше, алтын құймалары бейресми қаржы тасымалдау құралы ретінде қолданылуы мүмкін.

    Осы уақытқа дейін жеке тұлғаларға алтынды алып шығуға қатысты мұндай шектеулер болмаған, оның ішінде ЕАЭО аясында да еркін тасымалдауға мүмкіндік болған.

    Жаңа талаптар күшіне енген жағдайда, жеке азаматтардың Ресейден алтын әкету мүмкіндігі айтарлықтай шектелмек.

    Қазіргі уақытта шектеулерді іске асыру тәртібі мен рұқсат етілген әуежайлардың нақты тізімі жарияланған жоқ.

  • Қазақстан азаматтарына Үндістан визасы енді ақысыз беріледі

    Қазақстан азаматтарына Үндістан визасы енді ақысыз беріледі

    Үндістан үкіметі Қазақстан азаматтарына арналған визалық режимді жеңілдетті. Енді қазақстандықтар туристік, медициналық, сондай-ақ медициналық сүйемелдеу визаларын визалық алым төлемей ала алады, деп хабарлайды Sona.kz Tengri Travel-ге сілтеме жасап.
    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, азаматтарға 30 күнге дейінгі мерзімге визалар тегін беріледі. Тиісті шешім дереу күшіне енді.
    Министрлік хабарламасында бұл қадам екі ел арасындағы екіжақты байланыстарды нығайтуға және туристік алмасуды дамытуға бағытталғаны атап өтілген.
    Сонымен қатар, Үндістан азаматтары Қазақстан аумағында 14 күнге дейін визасыз бола алады.
    Визаны қалай рәсімдеуге болады
    Қазақстан азаматтары Үндістан визасын екі жолмен рәсімдей алады:
    •e-Visa онлайн жүйесі арқылы;
    •Үндістанның Астана мен Алматыдағы дипломатиялық өкілдіктерінде, сондай-ақ шетелдегі консулдықтарында қағаз форматта.
    Бұған дейін саяхатшылар онлайн-виза рәсімдеу кезінде сақ болуға шақырған. Сарапшылардың айтуынша, ресми сайтты көшіріп жасаған жалған платформалар кездеседі. Олар төлем қабылдағанымен, виза бермейді.
    Визалық режимді жеңілдету бойынша басқа елдер
    Айта кетейік, Қазақстан бірқатар елдермен визалық режимді жеңілдету жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, Израильмен визасыз режим енгізу мәселесі талқылануда. Бұл бағытта екі ел үкіметтері арасында ұлттық паспорт иелерін визадан босату туралы меморандумға қол қойылған.
    Сонымен қатар Қазақстан Еуропалық одақпен де визалық режимді жеңілдету мәселесін қарастыруда. ҚР СІМ мәліметінше, келіссөздер процесі басталып, алдағы айда екінші раунд өтеді.
  • Қазақстанда теміржол билеттеріне жас санаттары бойынша жеңілдіктер кеңейтілді

    Қазақстанда теміржол билеттеріне жас санаттары бойынша жеңілдіктер кеңейтілді

    Қазақстанда теміржол көлігімен қатынайтын жолаушылар үшін әлеуметтік бағыттағы жеңілдіктер кеңейтілді. Енді 60 жастан асқан азаматтар ел аумағында пойызбен 25 пайыздық жеңілдікпен жол жүре алады, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
    Бұл мүмкіндік «Жолаушылар тасымалы» АҚ енгізген QURMET атты жаңа дисконттық карта арқылы ұсынылады. Карта ұлттық тасымалдаушының барлық пойыздарында жарамды және купе, плацкарт, сондай-ақ отыратын вагондарда орын таңдауға шектеу қоймайды. Дисконттық картаның құны  3000 теңге, қолдану мерзімі  сатып алынған күннен бастап бір жыл.
    Сонымен қатар ұлттық тасымалдаушы 15 пен 25 жас аралығындағы жолаушыларға арналған KETTIK33 дисконттық картасын іске қосты. Бұл карта купе вагондарындағы үстіңгі орындарға және отыратын вагондарға билет сатып алу кезінде 33 пайыздық жеңілдік береді. Карта құны мен қолдану мерзімі QURMET картасымен бірдей.
    Компанияның мәліметінше, дисконттық карталар атаулы болып табылады және оларды үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады. Карталарды тек теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларында жеке өзі рәсімдеуге болады. Ол үшін жеке куәлік, ұялы телефон нөмірі және электронды пошта мекенжайы (міндетті емес) қажет.
    Жеңілдікті билет кассаларында офлайн режимде немесе bilet.railways.kz ресми сайты арқылы онлайн сатып алу кезінде пайдалануға болады. Ал екінші деңгейлі банктердің сервистері арқылы алынған билеттерге бұл жеңілдіктер қолданылмайды.
    Айта кетейік, жеңілдіктер жыл сайын белгіленген кезеңде ғана ұсынылады. Мерекелік және каникул уақыттарында дисконттық карталардың әрекеті тоқтатылады. Атап айтқанда:
    •2026 жылғы 20–29 наурыз аралығы;
    •2026 жылғы 25–30 желтоқсан;
    •маусым–тамыз айлары.
  • Қазақстанда әкімдіктер қоқыс үшін айыппұл салу құқығына ие болады

    Қазақстанда әкімдіктер қоқыс үшін айыппұл салу құқығына ие болады

    2026 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстандағы қалалар мен облыстардың әкімдіктері қоғамдық орындарды ластағаны және абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін азаматтарға әкімшілік жауапкершілікке тарту құқығына ие болады. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

    Өзгерістер 2025 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы қол қойған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа нормаларға сәйкес, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және өңірлердің жергілікті атқарушы органдары ӘҚБтК-нің 434-2 және 505-баптары бойынша әкімшілік хаттама толтыра алады.

    Бұған дейін мұндай өкілеттіктер тек ішкі істер органдарына берілген болатын. Министрліктің мәліметінше, әкімдіктерге қосымша өкілеттік беру құқық бұзушылықтарға жедел әрекет етуге және елді мекендердің санитарлық жағдайын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді.

    Ведомство деректеріне сәйкес, 2025 жылы осындай құқық бұзушылықтар үшін 591 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылған. Олардың ішінде 189 мыңнан астамы қоғамдық орындарды ластағаны үшін, 403 мыңнан астамы абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл салынған. Айыппұлдардың жалпы сомасы 5,2 млрд теңгені құрады.

    ӘҚБтК-ге енгізілген түзетулер құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңнаманы жетілдіру мақсатында қабылданған заңдар пакеті аясында енгізілді.

  • Қазақстанда шағын бизнеске өсімпұлдар мен айыппұлдар кешіріледі

    Қазақстанда шағын бизнеске өсімпұлдар мен айыппұлдар кешіріледі

    Қазақстанда микро және шағын бизнеске арналған «таза парақ» тетігі іске қосылмақ. Бұл бастама аясында 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жиналған салық берешегі бойынша есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар кәсіпкерлерге кешіріледі. Ол үшін негізгі қарызды 1 сәуірге дейін толық өтеу қажет, деп хабарлайды Sona.kz NegeAqsha-ға сілтеме жасап.

    Шешім салықтық әкімшілендіруді жетілдіру аясында қабылданып, кәсіпкерлікке түсетін қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған. Тиісті ережелер қаңтар айында үкімет тарапынан дайындалып, қоғамдық талқылауға шығарылды. Олардың күшіне енуі ақпан айының басына жоспарланып отыр.

    Айыппұлдарды кешіруден бөлек, микро және шағын бизнеске бақылау мен тексеру мәселесінде де бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Атап айтқанда, 2026 жылға дейінгі кезеңдер үшін салықтық есептілікке камералдық бақылау қолданылмайды, егер есеп 2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін тапсырылып, кейін өзгертілмеген болса.

    Сондай-ақ өткен кезеңдер бойынша салықтық тексерулер жүргізілмейді. Тек қылмыстық істерге, прокуратура органдарының талаптарына, қарсы тексерулерге немесе салық төлеушілердің өз өтініштеріне байланысты жағдайлар ғана ерекшелік болады.

    Бұдан бөлек, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған мәмілелер мен тіркеулерді жарамсыз деп тану туралы талап-арыздар берілмейді, егер олар құқық қорғау органдарының материалдарымен байланысты болмаса. 2026 жылдан бастап ҚҚС бойынша уақытында тіркелмеу, тіркелмеген кезеңдегі айналымдар және өткен жылдар үшін есептілікті тапсырмау бойынша әкімшілік істер қозғалмайды.

    Сонымен қатар Қаржы министрлігі 2026 жыл бойы микро және шағын бизнеске өсімпұлдар мен айыппұлдар есептемеу мүмкіндігін пысықтап жатыр.

  • Қазақстан Президенті Бас прокуратурада кеңес өткізіп, заң үстемдігі мен цифрлық даму бағытындағы негізгі міндеттерді айқындады

    Қазақстан Президенті Бас прокуратурада кеңес өткізіп, заң үстемдігі мен цифрлық даму бағытындағы негізгі міндеттерді айқындады

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратурада кеңес өткізіп, «Заң және Тәртіп» қағидатының мемлекеттік саясаттағы маңызын атап өтті. Мемлекет басшысы бұл ұстаным жаңа Конституция редакциясында міндетті түрде көрініс табуы тиіс екенін айтты, деп хабарлайды Sona.kz NewTimes.kz-ке сілтеме жасап.

    Президент қазіргі күрделі халықаралық жағдайда Қазақстан ұстанып отырған саяси бағыттың дұрыстығына күмән жоқ екенін атап өтіп, заң үстемдігін қамтамасыз етуде прокуратура органдарының жауапкершілігі ерекше екенін жеткізді.

    Цифрландыру және жасанды интеллект

    Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарындағы цифрландыру үдерісінің жүйесіз жүргізіліп жатқанын сынға алды. Оның айтуынша, әрбір ведомство цифрлық құралдарды өз бетінше әзірлеп, бірыңғай тәсіл қалыптаспаған.

    Нәтижесінде бюджет қаражаты тиімсіз жұмсалып, нақты нәтиже бермей отыр. Мемлекет басшысы мұндай жағдайды жол беруге болмайтынын айтып, Үкіметке енгізілген барлық цифрлық шешімдерге талдау жүргізуді тапсырды.

    Президент күштік құрылымдар үшін ортақ технологиялық стандарттары бар бірыңғай цифрлық экожүйе құру қажеттігін атап өтті.

    Дербес деректерді қорғау және киберқылмыс

    Кеңес барысында азаматтардың жеке деректерінің таралуы мен киберқылмыстың өсуі мәселесі де қозғалды. Мемлекет басшысы онлайн-алаяқтықтан зардап шегетін азаматтар саны жыл сайын артып отырғанын, ал мұндай қылмыстардың ашылу деңгейі төмен екенін айтты.

    Осыған байланысты киберқылмысқа қарсы күрес тәсілдерін түбегейлі қайта қарау қажеттігі атап өтілді.

    Көші-қонды бақылау және ақпараттық қауіпсіздік

    Президент көші-қон саласын толық цифрландыруды басым міндет ретінде атады. Оның айтуынша, жаһандық көші-қон ағындарының күшеюі шетел азаматтарының қозғалысын бақылау жүйелерін жаңғыртуды талап етеді.

    Сондай-ақ деструктивті контент таратудың құқықтық салдарын азаматтарға тұрақты түрде түсіндіру қажеттігі айтылды. Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні қоғамда іріткі салу мақсатында қолдану жол берілмейтінін атап өтті.

    Патриотизм туралы

    Кеңес соңында Қасым-Жомарт Тоқаев патриотизм ұранмен емес, жауапкершілікпен және ел игілігі үшін атқарылған нақты істермен өлшенетінін айтты.

    Кеңеске Бас прокурор Берік Асылов, Премьер-Министрдің орынбасары — цифрлық даму және жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиев, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов және өзге де мемлекеттік орган өкілдері қатысты.

  • Қазақстанда автонесиелеу схемасын құрушы топ тоқтатылды

    Қазақстанда автонесиелеу схемасын құрушы топ тоқтатылды

    Алматы, Шымкент, Алматы, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстары бойынша ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармалары (УБОП) әлеуметтік осал азаматтардың атына автонесие рәсімдеп, кейін көліктерді шетелге өткізген қылмыстық топты әшкереледі, деп хабарлайды Sona.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

    Тергеу мәліметінше, топ мүшелері азаматтарды қысым мен қорқыту арқылы автонесие рәсімдеуге мәжбүрлеген. Төлем қабілеттілігін жасанды түрде көрсету үшін олар қарыз алушылардың банктік шоттарын уақытша толтырып, кредиттік тарихын жақсартқан.

    Қылмыскерлер жалған құжаттарды пайдаланып, автокөліктерді кепілге қойып, микроқаржылық ұйымдардан несие алған. Одан кейін қымбат көліктер шетелге шығарылып, сатылған.

    Қазіргі уақытта осы схема бойынша 15 факті анықталған, басқа эпизодтар бойынша жұмыс жүргізілуде.

    Тергеу шаралары барысында бірнеше атыс және суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ қылмыстық әрекетті растайтын құжаттар мен ақпарат тасымалдағыштары тәркіленген.

    Тергеу бірнеше бап бойынша жүргізілуде. 6 негізгі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

     

  • Жаңа Құрылыс кодексі: сейсмикалық қауіпсіздік пен бақылау күшейтіледі

    Жаңа Құрылыс кодексі: сейсмикалық қауіпсіздік пен бақылау күшейтіледі

    2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда Президент қол қойған жаңа Құрылыс кодексі күшіне енеді. Құжат құрылыс саласының қауіпсіздігін, ашықтығын және цифрландыруын арттыруға бағытталған негізгі өзгерістерді енгізеді. Жаңа нормалар жобаларды міндетті сараптаудан бастап, сейсмикалық қауіпсіздік талаптарын күшейтуге, сондай-ақ бақылау мен жауапкершілікті арттыруға дейінгі шараларды қамтиды, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Ең басты жаңалықтардың бірі  барлық әзірленетін және түзетілетін қала құрылыстық жобаларға, соның ішінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына міндетті сараптама енгізу. Бұл кезеңде қателіктерді анықтап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге ПДП түзетулеріне шектеу қойылып, олар екі жылда бір реттен артық жасалмайды.

    Жобалардың орындалуын бақылау және бастапқы рұқсат құжаттарын беру тәртібін реттеу үшін мемлекеттік градостроительный кадастрдың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (Градкадастр) енгізіледі. Бұл жүйе градостроительство құжаттарының сәйкестігін тексеріп, бұзушылық болған жағдайда рұқсат беруді шектейді. Әр объектіге бірегей нөмір беріледі, бұл деректерді барлық кезеңде біріздендіруге мүмкіндік береді.

    Сейсмикалық қауіпсіздікке ерекше назар аударылады. Құрылыс кодексінде сейсмикалық тәуекелдерді азайтуға міндетті талаптар бекітіледі: сейсмоизоляциялық жүйелерді қолдану, құрылыс кезеңдерінде қауіп-қатер мен тәуекелді бағалау, конструктивті жүйелердің сейсмостойкость сынақтары, сейсмикалық қауіпті өңірлердегі тұрғын және қоғамдық қорды паспортизациялау. Сондай-ақ I дәрежелі жауапкершілік объектілерінде инженерлік-сейсмометриялық станциялар орнату және микрозонирлеу деректерін ескере отырып, қауіпсіз алаңдарды таңдау қарастырылған.

    Саланың қатысушыларына қойылатын талаптар күшейтіліп, мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланған электронды лицензияланғандар тізілімі енгізіледі. Бұл жалған қатысушыларды жоюға, талаптарға сәйкестікті автоматты түрде тексеруге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. 2028 жылдан бастап халықаралық тәжірибеге сәйкес инженерлерді сертификаттау енгізіледі.

    Құрылыс саласының техникалық нормативтік талаптарын ғылыми негізде әзірлеу және жаңарту үшін Ұлттық техникалық нормалау институты құрылады. Бұл институт халықаралық стандарттарға үйлестірілген талаптарды әзірлеудің бір орталығына айналады. Әр бағыт бойынша (конструкция, сәулет, қала құрылысы, көлік, құбырлар, су жабдықтау және т.б.) профильді техникалық комитеттер құрылады.

    Сонымен қатар Құрылыс кодексі құрылысқа бақылауды күшейтіп, жауапкершілікті арттырады. ГАСК органдары құрылыс кезеңдерінің барлық сатыларында объектілерді жоспарлы тексеріп, оперативті түрде бақылау жүргізеді; қашықтан (камералдық) бақылау есептер мен мониторинг негізінде жүзеге асырылады. Бұзушылықтар туралы ақпарат әділет органдарына жіберіліп, заңсыз салынған объектілерге обременение қою мүмкіндігі қарастырылады. ГАСК пен ТЖ органдары нысандарды пайдалануға қабылдау кезеңінде де қатысады.

  • Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне қаржылық міндеттемесіз кірді

    Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне қаржылық міндеттемесіз кірді

    Қазақстан Бейбітшілік кеңесіне 1 млрд АҚШ доллары көлеміндегі ерікті жарнаны төлемей кірді. Ақорда мәлімдеуінше, бұл шешім ұйымның жарғысына толық сәйкес келеді.

    Ведомствоның хабарлауынша, Бейбітшілік кеңесіне мүше болу үшін мемлекеттің дербес, егемен шешімі жеткілікті. Қаржылық міндеттемелер мүшелікке қойылатын міндетті талаптардың қатарына кірмейді.

    Кеңеске мүшелік мерзімі — ел ұйымға кірген күннен бастап үш жыл.

    Жарғыда көрсетілген 1 млрд доллар көлеміндегі жарна ерікті болып табылады. Егер бұл қаражат мүшеліктің алғашқы жылы ішінде енгізілсе, мемлекетке Бейбітшілік кеңесіне қатысу мерзімін үш жылдан ұзарту мүмкіндігі беріледі.

  • Қазақстан әскери қызметкерлеріне пойызбен тегін жүру мүмкіндігі беріледі

    Қазақстан әскери қызметкерлеріне пойызбен тегін жүру мүмкіндігі беріледі

    Қазақстанның әскери қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері ел аумағында жолаушылар пойызымен тегін жүру құқығына ие болады. Бұл туралы Ұлттық ұлан хабарлады, деп хабарлайды Sona.kz Syrmedia.kz-ке сілтеме жасап.

    Мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық күштік құрылымдардың әскери қызметшілері жылына бір рет Қазақстан аумағында жолаушылар пойызымен тегін жол жүре алады. Аталған шара әскери қызметшілер мен олардың отбасыларын әлеуметтік қолдауға бағытталған.

    Жеңілдік тек ел ішіндегі жолаушылар пойыздарына қатысты және халықаралық бағыттарға қолданылмайды.

    Тегін жол жүруге байланысты шығындарды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы өтейтін болады.