Метка: сот

  • Астанада Перизат Қайрат ісі бойынша сот процесі басталды: барлық жайт бақылауда

    Астанада Перизат Қайрат ісі бойынша сот процесі басталды: барлық жайт бақылауда

    Елордада пандемия кезінде «Біз біргеміз» ұранымен танылған birgemiz.kz платформасының негізін қалаған Перизат Қайратқа қатысты атышулы сот басталды. Қазір ол – айыпталушылар қатарында.

    Сот процесі бейнежазба мен тікелей трансляциясыз өтіп жатыр. Журналистер сот отырысын тек баспасөз орталығынан бақылауда, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

    Алғашқы отырыста прокурорлар айыптау актісін оқыды. Негізгі тұстар:
    • Перизаттың орта білім туралы толық аттестаты жоқ;
    • 2018 жылы ол «Halyk» қайырымдылық қорын және birgemiz.kz онлайн платформасын тіркеген;
    • Тергеу нұсқасы бойынша, ол пандемия кезінде брендтің танымалдылығын әдейі пайдаланып, халықтан «қайырымдылыққа» ақша жинаған;
    • Ақшаның аз бөлігі ғана шынымен көмекке жұмсалып, қалғаны қолма-қол ақшаға айналдырылып, жымқырылған;
    • Тергеушілердің пікірінше, бұл әрекетке туыстары мен жақын таныстары көмектескен;
    • Сонымен қатар, айыпталушы өзін табысты кәсіпкер және меценат ретінде көрсетуге тырысқан.

    Қазір іс алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған табысты заңдастыру баптары бойынша қаралып жатыр. Сот отырыстары жалғасуда.

  • «Хоргос №1 ісі» бойынша азаптау дерегі: сот отырысы жабық өтеді

    «Хоргос №1 ісі» бойынша азаптау дерегі: сот отырысы жабық өтеді

    Айыпталушылар — бұрынғы қаржы полициясы қызметкерлері Кенжебай Жұмабеков пен Даурен Есімбеков. Оларға бірнеше рет азаптау жасағаны үшін айып тағылған (1997 жылғы ҚК 141-1-бап, 2-бөлім).

    Сот төрағасы Асия Қалқаева істегі мемлекеттік құпияларға байланысты процесті жабық өткізу туралы шешім шығарды.

    Жәбірленушілер — бұрынғы кеден брокерлері Руслан Сыдыков, Нұрлан Сарымбетов пен Нұрбек Мұратбеков. Олар 2011 жылы экономикалық контрабандаға күдікті ретінде ұсталып, 2014 жылы 5 жылға сотталған. Кейін олар қысыммен мойындатылғандарын мәлімдеді.

    Азаптау дерегі бойынша іс тек 2023 жылы қозғалды. Жұмабеков қамауға алынса, Есімбековке елден шықпау туралы шектеу қойылды.

    Үшінші отырыста жәбірленушілер тыңдалуы тиіс болғанымен, сот журналистерді залдан шығарды. Үкім жариялауға БАҚ өкілдері қатыса алады.

  • ️Перизат Қайрат ісі бойынша сот ішінара жабық өтеді

    ️Перизат Қайрат ісі бойынша сот ішінара жабық өтеді

    Перизат Кайрат пен оның анасына қатысты сот процесі аралас форматта өтеді. Соттың мәліметінше, айыпталушылардан жауап алу кезеңі жабық тәртіпте өтеді, ал қалған бөлігі – ашық түрде жүргізіледі.

    Сот отырыстары дүйсенбі және сейсенбі күндері өт

  • «Соққы іздері тіркелді, бірақ ештеңе айта алмаймын»

    «Соққы іздері тіркелді, бірақ ештеңе айта алмаймын»

    Жанжалға айналған істің қатысушысы Перизат Қайрат тергеу изоляторында соққыға жығылғанын айтып, бұл деректің ресми түрде тіркелгенін жеткізді. Оның айтуынша, материалдар ҚР Қылмыстық процестік кодексіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне (СДТБТ) енгізілген, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

    — Соққы іздері тіркелді ме?
    — Иә, іс СДТБТ-ға тіркелді.
    — Сізден не талап етті? Мойындатуға тырысты ма?
    — Қазір ештеңе айта алмаймын. Бүгінге дейін жауап бермедім. Мені де түсініңіздер, ертең сөзімді қарсы пайдаланбасын.

    Бұған дейін Перизат Қайраттың мұқтаж жандарға бөлінген үш миллиард теңгені жымқырды деген күдікпен қамауға алынғаны хабарланған.

  • Сотта Шерзат ісі бойынша жаза мерзімдері жария етілді

    Сотта Шерзат ісі бойынша жаза мерзімдері жария етілді

    Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай әрбір күдіктіге қатысты жаза сұрады:
    • Абзал Шынасыл – 23 жыл
    • Равиль Сакиев – 20 жыл
    • Азамат Тоқтаубаев – 15 жыл
    • Нұркияс Ілиясов – 9 жыл
    • Шыңғыс Белғожаев, Дархан Аскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет – әрқайсысына 7 жылдан
    • Дидар Ысқақ (кәмелетке толмаған) – 1 жыл 6 ай

    Қылмыстық баптар: адам өлтіру, бұзақылық, қылмысқа оқталу және ауыр қылмыс туралы хабарламау.

    Прокурор жәбірленуші тараптың материалдық және моральдық өтемақы талаптарын толық қанағаттандыруды сұрады. Мысалы, Шынасыл мен Сакиевтен 100 млн теңге моральдық өтемақы, сонымен қатар жерлеу шығындары үшін 2,8 млн теңге өндіру талап етілуде. Қалған айыпталушылардан да 20 млн теңгеден өндіру сұралды.

    Соттағы жарыссөздер жалғасып жатыр.

  • Шерзат өлімі бойынша сот отырысы басталды

    Шерзат өлімі бойынша сот отырысы басталды

    Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр. Іс бойынша 9 айыпталушы бар.

    Сот отырысын Жоғары соттың Youtube арнасынан тікелей эфирде көруге болады.

    Еске салайық, судья Ержан Жанұзақовтың бекітуімен келесі сот отырыстары 29 сәуір, 5-6 мамыр сағат 10:00-де өтеді.

  • «Сені де өлтіремін» – Шерзаттың анасы сұмдық жайттарды айтып берді

    «Сені де өлтіремін» – Шерзаттың анасы сұмдық жайттарды айтып берді

    Оның айтуынша, ол баласын қалай соққыға жыққанын және пышақтағанын өз көзімен көрген.

    «Шерзаттың аузынан қан ақты. Ол: “Анашым, сол жақ бүйіріме бірдеңе кіріп кеткен сияқты” деді. Қарасам — пышақ қадалып тұр екен. Кейін Нұрқиястың қолында мылтық барын көрдім. Алдымен олар Нұрғанатты ұрды, содан кейін Шерзатқа ауысты. Нұрқияс мылтықпен ұрды. Мен баламды қорғамақ болдым, соққы қолыма тиді. Сол кезде ол: “Үніңді шығарма, әйтпесе сені де өлтіремін” деді»,- деді марқұмның анасы.

    Бишембаева Шерзаттың аузынан қан ағып жатса да, айыпталушылар оны ұруды тоқтатпағанын айтты — олар оның басынан пышақпен ұрып, теуіп жатқан.

  • Шерзаттың өліміне қатысты айыпталушылардың көбі бұрын сотты болған

    Шерзаттың өліміне қатысты айыпталушылардың көбі бұрын сотты болған

    Талғардағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты басталған басты сот процесінде айыпталушылардың көбі бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

    Мәселен, 1998 жылғы Сәкиев — бұрынғы мейрамхана администраторы. Ол 2021 жылы екі жыл алты айға бас бостандығы шектелген, қазір соттылығы жойылған. Сотта адвокатымен сөйлеспегенін айтып, дайын еместігін жеткізді.

    Белғожаев (2000 ж.) — спорт мектебінің бұрынғы қызметкері, ол да бұған дейін сотты болған. 2015 жылы Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша жаза алған. Сотқа толық дайын екенін мәлімдеді.

    Тізімде тағы бірнеше есім бар: Тоқтаубаев пен 1993 жылғы Әскентай – екеуі де бұрын істі болғандар. Азамат Тоқтаубаев 2020 жылы жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Ал 1996 жылы туған Нұрбол Тоқтаубаев бұрын сотты болмаған, үйленген.

    Айыпталушы Ілиясовтың 2023 жылы сотталғаны белгілі болды. Ол 107-баппен екі жыл алты айға бас бостандығы шектелген. Жазасы әлі аяқталмаған. Жұмыссыз, бойдақ.

    Тек Дидар Қалиахмет (1998 ж.) ғана бұрын сотты болмаған. Үйленген, екі баласы бар.

    Сот отырыстары жалғасып жатыр. Жүйелі тергеу барысы қоғам назарында.

  • Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша екінші сот отырысы басталды

    Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша екінші сот отырысы басталды

    Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша екінші сот отырысы өтеді.

    Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша басты сот талқылауы бүгін, 2025 жылы 17 сәуірде сағат 10.00-ге белгіленген.

    Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан көруге болады.

  • Қоқыс полигоннан жеке пайда: Экс-әкім Карасаевтың ісі сотта қаралуда

    Қоқыс полигоннан жеке пайда: Экс-әкім Карасаевтың ісі сотта қаралуда

    Алматы облысында Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Карасаев пен оның үш сыбайласына қатысты қылмыстық іс сотқа өтті. Тергеу олардың тұрмыстық қалдықтар полигонын жеке компанияға заңсыз сенімгерлік басқаруға беріп, кірісті қалтаға басқанын анықтаған.

    Прокуратура мәліметінше, Карасаевқа бір емес, Қылмыстық кодекстің жеті бабы бойынша айып тағылған. Атап айтқанда:
    – бөтен мүлікті иемдену,
    – алаяқтық,
    – экологиялық талаптарды бұзу,
    – өкілеттіктерді теріс және асыра пайдалану,
    – заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және
    – қызметтік жалғандық жасау.

    Оның үстіне, экс-әкім аудандық қаржы және ТКШ бөлімдерінің басшыларын да қылмыстық схемаға тартқан. Полигонды басқарған компания өз міндеттемелерін орындамаған. Ал табыс – Карасаевтың жеке пайдасына жұмыс істеген.

    Қазіргі уақытта ол ІІМ ҚАЖК №72 мекемесінде қамауда отыр.