Метка: сот

  • FlyArystan 12 жастағы қызды рейске жібермегені үшін жауапқа тартылады

    FlyArystan 12 жастағы қызды рейске жібермегені үшін жауапқа тартылады

    FlyArystan әуе компаниясы 12 жастағы қызды рейске жібермегені үшін жауапқа тартылады. Азаматтық авиация комитеті оларға тексеру жүргізеді. Бұған дейін домбыраны бортқа кіргізбей басы дауға қалған компания енді кәмілеттік жасқа толмаған баланы тастап кеткен. Оқиға 20 шілдеде болған. Қазақстандық Жазира Мусинаның сөзінше, оның Америкадан егіз қызы елге оралған. Астана арқылы Оралға ұшуы тиіс болған. Бірақ, FlyArystan әуе компаниясының қызметкері егіздің бірін тіркеп, екінші сынарын тіркемеген. Жазира Мусинаның айтуынша, әуе компаниясының өкілдері егіздің сыңарын бортқа өздері отырғызамыз деп сендірген. Алайда, қызды отырғызбай, бала әуежайда жалғыз өзі қалып қойған Қазір анасы FlyArystan әуе компаниясын сотқа берді.

    «Азаматтық авиация комитеті «FlyArystan» авиакомпаниясын кәмелетке толмаған жолаушыны авиакомпанияның рейсіне жібермегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартады.
    Бұл өрескел жағдай. Жолаушылардың құқығы әрқашан мүлтіксіз сақталуы керек.
    Азаматтық авиация комитеті, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-мен бірлесе «FlyArystan» авиакомпаниясына қатысты жан-жақты тексеру жүргізеді.
    Кінәлі қызметкерлер міндетті түрде жауапқа тартылады»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

     

     

  • Экс-министр Тұрғымбаев 5 жылға шартты түрде сотталды

    Экс-министр Тұрғымбаев 5 жылға шартты түрде сотталды

    Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев 5 жылға шартты түрде сотталды. Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бұрынғы ішкі істер министріне осындай үкім кесті. Тұрғымбаев ауыр зардаптарға әкеп соқтырған лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану бабы бойынша кінәлі деп танылды. «Құпия» санатындағы іс кәніні мойындау түріндегі процессуалдық келісіммен келіп түскен. Сондықтан, оны қарау бітімгершілік іс жүргізу тәртібімен жабық тәртіпте өтті. Прокурор экс-министрді 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ, сот пробациялық бақылаумен шартты түрде жаза тағайындады. Және 10 жылға белгілі бір лауазымды атқаруға тыйым салды. Сондай-ақ, сот экс-министрді арнайы атағы мен наградасынан айыруды ұсынды.

  • Нұртас Адамбайға қатысты сот отырысы кейінге қалды

    Нұртас Адамбайға қатысты сот отырысы кейінге қалды

    Нұртас Адамбайға қатысты «Діни қызмет туралы» заңын бұзғаны үшін өтуі тиіс сот отырысы кейінге қалдырылды. Мұны елорда сотының баспасөз қызметі хабарлады.

    Белгілі продюсерге қатысты қозғалған іс бүгін өтуі тиіс еді.

    Әйгілі актер өзінің әлеуметтік желісінде аталған іске байланысты пікір қалдырды.

    «Астана қаласының дін істері басқармасы мені Қасиетті Құранның аудармасын Инстаграм парақшамда жариялағаным үшін сотқа берді. Шынына келсек, мен біздің елімізде Құранның аудармасын жазба ретінде қалдыруға болмайтынын білмедім», — деп жазды ол.

     

  • Маңғыстауда мектеп директоры ұстаздардан заңсыз ақша жинаған

    Маңғыстауда мектеп директоры ұстаздардан заңсыз ақша жинаған

    Облыстық прокуратураның ақпаратынша, мектеп басшылығы ай сайын «Kaspi bank» және «Halyk bank» мобильдік қосымшалары арқылы қарамағындағы қызметкерлерден ақша қаражатын заңсыз жинап келген.

    Формальді бұйрықтар шығару және жеке тұлғаларға артық сыйлықақылар есептеу негізінде ақша қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды. Сондай-ақ мектеп директоры өз қарамағындағылардан өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген, — делінген мәліметте.

    Аталған арнайы мектептің лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша ҚК 361-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

  • Алматы облысында барымташы сотталды

    Алматы облысында барымташы сотталды

    Жамбыл аудандық соты жергілікті тұрғыннан 30 бас жылқыны ұрлаған барымташыға қатысты үкім шығарды.

    2023 жылдың қыркүйек айында Жамбыл аудандық полиция бөліміне 30 бас жылқының жоғалғаны туралы жергілікті тұрғын арызданды. Қылмыстың «ізін суытпай» ашу мүмкіндігі болмады, себебі жәбірленуші полицияға малдарын өз бетінше іздеуден үмітін үзген соң бір аптадан кейін ғана жүгінген.

    Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрланған жылқылар Жамбыл облысының Меркі ауданында екендігі туралы ақпарат келіп түсті.

    «Келіп түскен ақпарат бойынша бірқатар тексеру жұмыстары жүргізілді, іс-шара барысында ұрланған жылқыларды сатып алушы анықталып, ол арқылы мал ұрлаған кісіге шықты. Мән-жайларды анықтаған кезде барымташтың малдарды бірнеше күн бақылағаны анықталды. Иелерінің немқұрайлылығына көз жеткізгеннен кейін, түнде шабуылдаушы жануарларды еркін жайылымнан көрші ауданға алып кетіп, алдын-ала дайындалған жерге жасырды. Осыдан кейін ол жүк тасымалдаушыларды жалдап, олардың көмегімен малды көрші Жамбыл облысына тасымалдаған», – деп атап өтті Жамбыл АПБ бастығының орынбасары Бейбіт Байзиханов.

    Жалпы келтірілген шығын 12 миллион теңгеден асты. Мал ұрлығын жасаған азамат кінәлі деп танылып, 8,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

    «Барлық мал иелерін өздерінің «тірі» мүлкіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Есіңізде болсын, сіздің малдарыңыздың қауіпсіздігі тек сіздің ұқыпты көзқарасыңызға және жануарларды ұстау мен бағу ережелерін сақтауға байланысты», – деп толықтырды Б. Байзиханов.