Метка: Үкім

  • Полицейлерге шабуыл жасаған павлодарлық азамат бас бостандығынан айырылды

    Полицейлерге шабуыл жасаған павлодарлық азамат бас бостандығынан айырылды

    Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты билік өкілдеріне күш қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қарады, деп хабарлайды Sona.kz KazTAG-қа сілтеме жасап.

    Сот Ж.-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы бойынша кінәлі деп танып, оны орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде өтеу үшін үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Бұған дейін қолданылған үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қамауға алумен алмастырылды. Сотталушы сот залында қамауға алынды.

    Оқиға өткен жылдың шілде айында Павлодар қаласындағы караоке-барлардың бірінің маңында болған. Іс материалдарына сәйкес, үш баланың әкесі болып табылатын 39 жастағы ер адам мас күйінде полиция қызметкерлеріне балағат сөздер айтқан.

    Сондай-ақ мекеме күзетшісі ер адамды сыртқа шығаруға көмектесу үшін полициядан көмек сұраған. Күдікті полицейлерден қашу мақсатында бар ішіне кіріп кеткен.

    Заңды талаптарды орындаудан бас тартқан ер адам полиция қызметкерлерінің бірін санынан, екіншісін басынан тістеген.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ және апелляциялық тәртіппен шағымдануға жатады.

  • Талдықорғанда жүк көліктерін заңсыз тіркеген 21 адам сотталды

    Талдықорғанда жүк көліктерін заңсыз тіркеген 21 адам сотталды

    Талдықорған қаласында жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан топтың 21 мүшесіне қатысты айыптау үкімі шығарылды. Бұл туралы Sona.kz 24KZ-ке сілтеме жасап.

    Сот материалдарына сәйкес, айыпталушылар бірнеше жыл бойы елге әкелінген жүк көліктерін заңсыз түрде тіркеумен айналысқан. Ол үшін бірыңғай ақпараттық жүйеге бастапқы тіркеу алымының төленгені жөнінде жалған мәліметтер енгізілген.

    Тергеу деректеріне сәйкес, осындай тәсілмен барлығы 1385 көлік құралы заңсыз түрде есепке қойылған.

    Қылмыстық іске Алматы облысы мен Жетісу облысындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының және әкімшілік полицияның бұрынғы қызметкерлері тартылған.

    Сот анықтағандай, мемлекетке келтірілген жалпы залал 9 млрд теңгеден асты. Оның ішінде Қарасай ауданы бойынша залал 5,6 млрд теңгені, ал Жетісу облысының Сарқан ауданы бойынша 3,787 млрд теңгені құрады.

    Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бақыт Ермахановтың айтуынша, сотталушыларға екі жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сотталғандардың апелляциялық тәртіппен шағым түсіруге құқығы бар.

  • Елді елеңдеткен іс: Ақтөбе облысында 64 жастағы ер адамға үкім шығарылды

    Елді елеңдеткен іс: Ақтөбе облысында 64 жастағы ер адамға үкім шығарылды

    Ақтөбе облысында кәмелетке толмаған қызға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Сот 64 жастағы ер адамды 21 жылға бас бостандығынан айырды, передаёт Sona.kz CHECK-POINT.KZ-ке сілтеме жасап.

    Сотта анықталғандай, сотталған азамат 14 жастағы жәбірленуші мектеп оқушысының әжесінің жұбайы болған. Оның әрекеті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ауыр баптары бойынша сараланған.

    Қылмыс туралы ақпарат 2025 жылдың күзінде белгілі болды. Оқиға мектепте сабақ барысында жасөспірім қыздың босануы басталғаннан кейін анықталған.

    Тергеу деректеріне сәйкес, бұған дейін отбасы мүшелері де, білім беру ұйымының өкілдері де алаңдататын белгілерді байқамаған.

    Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық қажетті сот-медициналық және процессуалдық сараптамалар жүргізілгеннен кейін іс сотқа жолданды.

    Сот ұсынылған дәлелдерді зерделей отырып, айыпталушыны кінәлі деп танып, 21 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

    Ресми органдардың мәліметінше, жәбірленуші қыз оқуын жалғастырып жатыр. Қылмыс салдарынан дүниеге келген сәби арнайы мекемеге орналастырылған, оның жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр.

    Мамандардың хабарлауынша, аталған жағдай білім беру және әлеуметтік қорғау салаларының уәкілетті органдарының бақылауында.

  • Петропавлда «Қызылжар» футбол клубының бұрынғы бас бухгалтеріне үкім шықты

    Петропавлда «Қызылжар» футбол клубының бұрынғы бас бухгалтеріне үкім шықты

    Петропавл қаласында «Қызылжар» футбол клубының бұрынғы бас бухгалтері, 63 жастағы Ольга Замелацкаяға қатысты сот үкімі шығарылды. Бұл туралы Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап хабарлайды.

    Петропавл қалалық сотының шешімімен ол кінәлі деп танылып, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

    Іс материалдарына сәйкес, 2023 жылдан бастап сотталушы жалған құжаттарды пайдалана отырып қаржылық құқық бұзушылықтарға жол берген. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы және 245-бабы 3-бөлігі бойынша — аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден жалтару фактілері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

    Аталған қылмыстық іс бойынша сот процесі өткен жылдың шілде айында басталған. Істі қарау қорытындысы бойынша сот бұрын қолданылған бұлтартпау шарасын өзгертіп, сотталушыны сот залында қамауға алды.

    Сот үкіміне сәйкес, Ольга Замелацкая жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді. Сонымен қатар, оған 7 жыл мерзімге басшылық қызметтерді және материалдық жауапкершілікке байланысты лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

    Сондай-ақ сот «Қызылжар» футбол клубы СК» ЖШС пайдасына 67,2 млн теңге көлемінде материалдық залалды, клуб өкілінің адвокатына төленген 3 млн теңге шығынды өндіруді міндеттеді.
    Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің пайдасына 287,1 млн теңге, сондай-ақ 10,7 млн теңге көлемінде мемлекеттік баж өндірілетін болды.

    Үкім заңды күшіне енген жоқ.

  • FlyArystan компаниясының бұрынғы қызметкерлеріне ірі көлемде ұрлық және ақша заң бойынша сот үкімі шықты

    FlyArystan компаниясының бұрынғы қызметкерлеріне ірі көлемде ұрлық және ақша заң бойынша сот үкімі шықты

    Оларға аса ірі көлемде ұрлық жасау және ақшаны заңдастыру (жуу) айыптары тағылған еді.
    Сот олардың бәрін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы («Аса ірі көлемде ұрлық») және 218-бабы, 3-бөлімі, 3-тармағы («Ақшаны заңдастыру (жуу)») бойынша кінәлі деп таныды.
    Сот үкімі бойынша:
    •Еркін Исанов пен Ренат Абулхановқа 8 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу, сондай-ақ бес жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басқарушы қызметтер атқаруға тыйым салынды.
    •Даур Еркенұлы 9 жылға бас бостандығынан айырылды, мүлкі тәркіленіп, коммерциялық ұйымдарда бес жыл бойы басқарушы қызметтерге кіруге тыйым салынды.
    Барлық сотталғандар орта қауіпсіздік режиміндегі түзету мекемелерінде жазасын өтейтін болады. Бас бостандығынан айыру мерзімі сот үкімі күшіне енген күннен бастап есептеледі.
    Сот қамаудағы уақытты есепке алды: Даур Еркенұлы мен Еркін Исанов үшін  2024 жылғы 18 желтоқсаннан бастап, Ренат Абулханов үшін  2024 жылғы 24 желтоқсаннан бастап. Есептеу формуласы: бір күн қамауда  бір жарым күн жазаның қысқаруы.
    Сот үкімі бойынша Даур Еркенұлы мен оның туыстарына тіркелген мүлікті тәркілеу де қарастырылды: Toyota Land Cruiser 200 2017 ж., Toyota Camry 2021 ж., Mercedes-AMG және Zikr автокөліктері.
    Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ және аппеляциялық тәртіппен шағымдануға болады.
    Сот барысында қорғау тарапы кінәлілікті терістеді. Олар шығындардың есептеу негізінде алынғанын, нақты ақша берілгені дәлелденбегенін, сондай-ақ рейстерді тіркеу мен билет операцияларының кейбірі бұрыннан қолданылған корпоративтік тәжірибелер екенін айтты. Бұл дәлелдер іс материалдарына қосылды.
  • Астанада стоматологияда қыз баланың өлімі: анестезиологқа үкім шықты

    Астанада стоматологияда қыз баланың өлімі: анестезиологқа үкім шықты

    Астана қаласының соты жеке клиникада стоматологиялық ем кезінде үш жасар қыздың қайтыс болуына қатысты істі қарауды аяқтады, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Анестезиолог дәрігер ҚР ҚК 317-бабының 3-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды. Кәсіби міндеттерді тиісінше орындамау нәтижесінде адамның өліміне әкеп соқтыру.

    Сот дәрігерге үш жылға медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырумен қатар, екі жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады.

    Алайда негізгі жаза Конституцияның 30 жылдығына байланысты жарияланған амнистия аясында дәрігерге қолданылмады.

    Оқиға қоғамдық резонанс туғызды, мәселе медицина саласы өкілдері мен әлеуметтік желілерде кеңінен талқылануда.

    Айта кетейік, қайғылы жағдай жоспарлы стоматологиялық процедура кезінде болған, бұл жеке клиникалардағы қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударды.

  • Қостанайда пациентті ұрып-соққан санитар 4 жылға бас бостандығынан айырылды

    Қостанайда пациентті ұрып-соққан санитар 4 жылға бас бостандығынан айырылды

    Қостанайда детоксикация орталығында 61 жастағы ер адамды аяусыз ұрып-соққан санитарға үкім шығарылды. Оқиға видеожазбаның жариялануынан кейін қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Онда қызметкердің науқасқа бірнеше рет соққы жасағаны анық көрінеді, деп хабарлайды Sona.kz Qumash-қа сілтеме жасап.

    Іс материалдарына сәйкес, сот санитарды кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен бірге оған алдағы 5 жыл ішінде медицина және күтім көрсету саласында жұмыс істеуге тыйым салынды.

    Айыпталушы сотта кінәсін мойындаған жоқ. Қорғаушылары оның әрекеттері «қызметтік міндеттер шеңберінде» болғанын алға тартты. Алайда тергеу және сот бұл уәждерді негізсіз деп танып, видеодағы көріністер мен зардап шегушіге келтірілген ауыр жарақаттарға назар аудартты.

    Жәбірленуші ер адам оқиға кезінде ес-түссіз күйде болып, медициналық-әлеуметтік көмек көрсету мекемесінде жатқан. Оның жағдайы дәрігерлер мен құқық қорғаушылардың алаңдаушылығын тудырды.

    Соттың мәлімдеуінше, бұл үкім пациенттердің құқықтарын қорғау және медициналық ұйымдарда осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында шығарылған. Детоксикация орталығы қызметкердің жұмыстан босатылғанын және мекемеде қызметтік тексеріс жүріп жатқанын хабарлады.

  • Жамбыл облысында жасөспірімдерді азаптаған іс бойынша үкім шығарылды

    Жамбыл облысында жасөспірімдерді азаптаған іс бойынша үкім шығарылды

    Жамбыл облысында кәмелетке толмаған өгей балаларына қатыгездік жасады деп айыпталған Узакбай Турбаевқа қатысты сот үкімі жарияланды. Тергеу деректеріне сүйенсек, жасөспірімдер жүйелі түрде ұрып-соғуға және негізгі қажеттіліктерден шектелуге ұшыраған. Бұл фактілер медициналық құжаттармен және қоғамда резонанс тудырған бейнежазбалармен расталды, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-сілтеме жасап.

    Турбаев өзіне тағылған айыптарды мойындамай, оқиғаның қолдан жасалғанын және балалардың отбасыға оралғысы келетінін айтты. Алайда айыптау тарабының мәліметінше, жасөспірімдер оқу орнына барудың орнына үй шаруасына және мал бағуға жегілуі болған. Сотта олардың жасына сай дамымағаны, әлсіз, арық және қараусыз қалғаны атап өтілді.

    Сондай-ақ балаларды «қарауын қиындатпау үшін» тақырлап қырғаны айтылды. Тергеу мұның дәстүрге қатысы жоқ екенін, керісінше, «Білім туралы» және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» заңдардың талаптарына қайшы келетінін түсіндірді.

    Қорғау тарабы отбасының «әдеттегідей өмір сүргенін» және ешқандай заң бұзылмағанын алға тартты. Олар Турбаевты әкелік рөлді атқарған адам ретінде сипаттап, туған әкесінің тек алиментпен шектелгенін айтты. Сонымен қатар оның діндарлығын оң сипат ретінде келтірді, бірақ айыптау бұл жайтты жоққа шығарып, оның діни тәжірибелері Қазақстанда қабылданған нормаларға сәйкес келмейтінін жеткізді.

    Мемлекеттік айыптаушы төрт жыл сегіз ай бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот материалдарды және тараптардың уәждерін қарастырып, Турбаевты кінәлі деп танып, төрт жылға бас бостандығынан айырды. Қорғау жағы үкіммен келіспей, апелляция беретінін мәлімдеді.

  • Bek Air ұшағы апаты: ұшқыштың қызы үкімге шағымданбақ

    Bek Air ұшағы апаты: ұшқыштың қызы үкімге шағымданбақ

    Bek Air ұшағының апатына қатысты сот шешімін марқұм ұшқыш Миржан Молдақұловтың отбасы аппеляцияға бермек. Ұшқыштың қызы Алина Молдақұлова сот барысында көптеген маңызды фактор ескерілмегенін айтты, деп хабарлайды Sona.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

    Еске салсақ, Алматыда өткен сот отырысында ұшқыштар Марат Мұратаев пен Миржан Молдақұлов апатқа кінәлі деп танылып, ҚР ҚК 344-бабының 3-бөлігі бойынша айыпталған болатын.

    «Біз үкімге шағымданамыз. Біздің тарапымыздан жеткілікті айғақ ұсынылды. Әкем мен оның әріптесі әуе кемесін қауіпсіз қондыру үшін бар күшін салды», — деді Алина.

    Оның айтуынша, БАҚ-та тараған кейбір мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. «Қанаттар мұздануға қарсы сұйықтықпен өңделмеді деген — жалған. Әкем қанаттарды өз қолымен тексерген. Ал стабилизаторға қолданылған сұйықтыққа су қосылған, бұл әуежай қызметкерлерінің қателігі», — дейді ол.

    Сондай-ақ Алина сол күні басқа ұшақтардың қанаттарын мүлде өңдеместен ұшып кеткенін де атап өтті. «Барлық жауапкершілікті ұшқыштардың мойнына артып қойды. Олар батырлар еді», — деп түйіндеді ол.

    Еске салайық, апат 2019 жылғы 27 желтоқсанда Алматы–Астана бағыты бойынша орын алған. Ұшақта 93 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Қайғылы оқиға салдарынан 13 адам қаза тапты, ондаған адам жараланды.

  • Талғарда Хасан Қасымбаевқа үкім шығарылды

    Талғарда Хасан Қасымбаевқа үкім шығарылды

    Алматы облысының Талғар аудандық соты Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
    Сот Қасымбаевты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және қорқытып алу баптары бойынша кінәлі деп танып, оны 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
    Бұл іс бойынша тағы бес адам сотталды. Оларға 8 жылдан 22 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды:
    •Р. А. – 20 жыл,
    •С. А. – 8,5 жыл,
    •М. К. – 12 жыл,
    •Д. А. – 8 жыл,
    •Н. С. – 22 жыл.
    Соңғы сөзінде Қасымбаев өз кінәсін мойындамай, істің қолдан жасалғанын айтып, ақтауды сұрады. Алайда сот бұл уәждерді негізсіз деп тапты.
    ? Айыптың мәні
    Тергеу материалдарына сәйкес, 2021 жылы жазда Талғар қаласында бір топ адам ММА спортшысы Арман Алимовқа шабуыл жасаған. Оны ұрып-соғып, қала сыртына алып кеткен. Мұның себебі — Алимовтың «Қасымбаев мен үшін бедел емес» деген сөзі болған.
    Сондай-ақ Қасымбаевқа Талғардағы кәсіпкер Арипжан Тәжіевтен 1 миллион теңге талап етіп, оны соққыға жықты деген айып тағылған.
    ? Контекст
    Бұған дейін БАҚ Қасымбаевты бейресми “Хуторлықтар” тобының жетекшісі деп атаған. Алайда ІІМ мен прокуратура мұндай ұйымдасқан топтың бар екенін ресми түрде жоққа шығарды.
    ІІМ бірінші орынбасары Бауыржан Аленов 2024 жылы қазанда: «Бізде “Хуторлықтар” деген ОПГ есепте жоқ», – деп мәлімдеген.
    Қасымбаев ісі бойынша тергеу 2025 жылғы 28 наурызда аяқталды. Үкім заңды күшіне апелляциялық тәртіпте қаралған соң енеді.