Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Әлем жаңалықтары

Трамп пен Зеленский келіспей қалды

Тоғжан Төлеген
1 марта, 2025
Әлем жаңалықтары
A A
Трамп пен Зеленский келіспей қалды
WhatsappTelegram

АҚШ президенті Дональд Трамп пен  Украина басшысы Владимир Зеленский арасында сирек кездесетін металдар бойынша келісім жасау үшін Вашингтонда кездесу өткізді.

Келіссөз барысында Трамп Украина президентіне Ресеймен келіссөздерде компромисс жасау қажеттігін айтып, АҚШ-пен келісім жасауды ұсынды. Ол Вашингтонның Мәскеумен бейбіт келісім шарттарын талқылай бастағанын мәлімдеді.

«Мен президент Путинмен сөйлестім, біз бұл мәселені сіздер мен оған да тиімді шешімге келтіруге тырысамыз. Біз келісімге келуіміз керек. Оның аясын анықтап қойдық, және менің ойымша, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге болады», – деді Трамп. Ол Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тоқтату қажет екенін атап өтті.

Трамп келісімге келу қиын болатынын айтты.

«Сіз не келісім жасайсыз, не болмаса біз бұл процестен шығамыз, ал сіздерге соғысуды жалғастыруға тура келеді. Бірақ сіздердің қолдарыңызда айтарлықтай күшті карталар жоқ», – деді ол.

Трамп Зеленскийге АҚШ-тың көмегін бағалау керектігін ескертті.

“Біз сізге 350 миллиард бердік. Сіз қазір қиын жағдайдасыз. Сіз «мен соғысты тоқтатқым келмейді» деп айта алмайсыз. Біздің қаруымыз болмаса, бұл соғыс бірден аяқталатын еді. Сіздер алғыс білдірулеріңіз керек. Бірақ сіздер оны көрсетпейсіздер. Бұл жақсы емес»,  – деді Трамп Зеленскийге.

Зеленский Вашингтонның соғысты реттеу үшін не істей алатыны туралы талқылағысы келетінін білдірді. Ол «біз бірге бұл соғысты тоқтата аламыз» деген үмітін жеткізді және Украинаға америкалық әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері қажет екенін атап өтті.

Трамппен кабинетінде сөзталас болғаннан кейін Зеленский Ақ үйден жоспарланған уақыттан бұрын кетіп қалды. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.

Келіссөздерден кейін жоспарланған баспасөз конференциясы да тоқтатылды.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуден кейін өз пікірін білдірді.

«Бүгін Ақ үйде өте маңызды кездесу өтті. Біз мұндай қысым мен шиеленіс жағдайында әңгімелеспейінше түсіну мүмкін емес нәрселерді білдік. Мен Зеленский мырзаның бейбітшілікке дайын емес екенін анықтадым. Себебі, ол Америка келіссөздерге араласса, үлкен артықшылық береді деп есептейді. Маған артықшылықтың қажеті жоқ, мен бейбітшілік орнағанын қалаймын. Ол бейбітшілікке дайын болғанда ғана қайта орала алады», – деді Трамп.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларВладимир ЗеленскийДональд ТрампУкраинадағы соғыс
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Wildberries Қазақстанда қымбаттауы мүмкін

Wildberries Қазақстанда қымбаттауы мүмкін

Дана Альсеитова
12 декабря, 2025

Wildberries маркетплейсі қазақстандық сатушыларға 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне (ЖР) өтуді...

Әлемде алғаш рет балаларға әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салынды

Әлемде алғаш рет балаларға әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салынды

Дана Альсеитова
10 декабря, 2025

Австралия 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді толықтай қолдануға тыйым салған әлемдегі алғашқы ел болды. Жаңа заңға...

Тайланд пен Камбоджа шекарасында қақтығыстар қайта басталды

Тайланд пен Камбоджа шекарасында қақтығыстар қайта басталды

Дана Альсеитова
8 декабря, 2025

8 желтоқсан күні таңертең Тайланд пен Камбоджа шекарасында қарулы қақтығыстар тіркелді. Сағат шамамен 08:30-де камбоджиялық күштер тай...

Pantone назвал цвет 2026 года — Cloud Dancer

Pantone 2026 жылдың түсін жариялады — Cloud Dancer

Дана Альсеитова
5 декабря, 2025

Pantone түстер институты 2026 жылдың негізгі түсі ретінде Cloud Dancer («Бұлт биі») таңдалғанын жариялады. Kazinform ағылшын редакциясының...

Қатысты жаңалықтар

Қонаевта демеушілер 10-нан астам тұрғынға пәтер сыйлады

Қонаевта демеушілер 10-нан астам тұрғынға пәтер сыйлады

20 декабря, 2025
Атырауда жоғалған аңшының іздеуі аяқталды

Атырауда жоғалған аңшының іздеуі аяқталды

19 декабря, 2025
Қарағандыда TikTok-стример бопсалау мен қоқан-лоққы туралы мәлімдеді

Қарағандыда TikTok-стример бопсалау мен қоқан-лоққы туралы мәлімдеді

19 декабря, 2025
Два человека погибли, выпрыгнув из окон одного ЖК в Астане

Астанада бір тұрғын үй кешенінде бір күнде екі адам қаза тапты

19 декабря, 2025
Сотта Айзат Жуманованың жарақат алған сәті бейнеленген видео көрсетілді

Сотта Айзат Жуманованың жарақат алған сәті бейнеленген видео көрсетілді

19 декабря, 2025
Sona.kz

Sona media — независимое СМИ, которое создано для того, чтобы предоставлять объективную и качественную информацию.

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz