Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға тағы шабуыл жасалды. 11 қазандағы соққы салдарынан бір адам қаза тауып, 11 адам жараланды.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, жексенбі күні әуежайдың төртінші терминалына снаряд түсіп, өрт шыққан.
Бұл әуежайға екі күн қатарынан жасалған екінші ірі шабуыл.
10 қазандағы зымыран соққысынан бастапқыда 12 адамның қаза тапқаны және 309 адамның жараланғаны хабарланған. Кейін жаралылардың бірі көз жұмып, қаза тапқандар саны 13-ке жетті.
Әуежайға өткен аптада да бірнеше рет шабуыл жасалған.
Сенбі күнгі соққы үшін жауапкершілікті Йемендегі хуситтер өз мойнына алды.
Сауд Арабиясының билігі әуежай инфрақұрылымына келген залалды анықтап жатыр.
Осы оқиғаларға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.
Ведомство хуситтердің Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасаған шабуылдарын айыптады.
Қазақстан адам шығынына әкелген мұндай әрекеттерге жол берілмеуі керектігін атап өтіп, Сауд Арабиясымен ынтымақтастық білдірді.
Сондай-ақ қақтығысты дипломатиялық жолмен реттеуге және зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды.
Эр-Рияд әуежайына жасалған шабуылдар Йемендегі қарулы қақтығыс шиеленіскен кезеңде болып отыр.




