Астанада белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары, сондай-ақ Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің экс-басшысы Ержан Бабақұмаров қаза тапты, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, бұрыннан таныс екі ер адам арасында жанжал туындап, ол ұрыс-керіске ұласқан. Нәтижесінде 56 жастағы Ержан Бабақұмаров алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
«Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп мәлімдеді полиция.
Ержан Бабақұмаров мемлекеттік қызметте ұзақ жыл еңбек етіп, Президент Әкімшілігінде, Орталық коммуникациялар қызметінде, сондай-ақ Алматы қаласы әкімдігінде жауапты лауазымдар атқарған.
Қазір тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.








