«Мелисса» атты қуатты дауыл Кариб аймағында үлкен қираулар мен адам шығынына әкелді. Sona.kz Independent басылымына сілтеме жасап хабарлайды, табиғи апат салдарынан кемінде 49 адам қаза тапқан.
Дауыл қазір Бермуд аралдарының солтүстік-батысына қарай қозғалып барады. Мұнда екінші деңгейлі дауыл ескертуі жарияланды.
АҚШ-тың Ұлттық дауылдарды бақылау орталығының мәліметінше, желдің жылдамдығы сағатына 160 шақырымға дейін жетеді. Мамандардың болжамынша, дауыл жұма күні әлсірейді, бірақ келтірілген шығын ауқымды болып отыр.
Гаити елінде — 30 адам, соның ішінде балалар да бар;
Ямайкада — 19 адам қаза тапқан;
Кубада — қираулар көп, бірақ құрбандар туралы ақпарат жоқ.
🇺🇸 АҚШ билігі Кариб аймағына жедел әрекет ету топтарын жіберді. Олар табиғи апаттың салдарын жоюға және зардап шеккендерге көмек көрсетуге кірісті.
Метеорологтардың мәліметінше, «Мелисса» — Кариб аймағындағы тарихтағы ең күшті үшінші дауыл, әрі қозғалысы ең баяу болған табиғи құбылыс. Бұл оның қиратқыш әсерін күшейтті.
Бұған дейін Гаити мен Доминикан Республикасы билігі қауіптің күшеюіне байланысты мыңдаған адамды қауіпсіз жерге көшірген болатын.








