Атырауда Яна Легкодимованың өліміне қатысты сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды Sona.kz Atyrau.today -ге сілтеме жасап.
Сот отырысында айыпталушы Ризван Хайыржанов жаңа айыптау актісімен танысқанын растады. Құжатта Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айып тағылған. Алайда ол кісі өлтіру үшін адамдарды жалдағанын мойындамады.
Хайыржанов жаңа айыптау бойынша жауап беруден бас тартты және Яна Легкодимованы өлтіргені үшін Алтынбек Қакимовқа ақша бермегенін айтты.
Іс бойынша сот тергеуі жалғасуда









