Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Зерттеу

Маңғыстауда мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған бес адам сегіз жылға сотталды

Операциялардың жалпы сомасы шамамен 45 млрд теңгеге бағаланған, ал схеманы ұйымдастырушы халықаралық іздеуде жүр

Жандос Жантаев
21 Қазан, 2026
Зерттеу
A A
Маңғыстауда мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған бес адам сегіз жылға сотталды
WhatsappTelegram

Маңғыстау облысында мұнай өнімдерін шетелге заңсыз шығару схемасына қатысқан бес адам сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Биыл іс бойынша активтер, шағын мұнай өңдеу зауыттары, танкер және өзге де мүлік тәркіленген, деп хабарлайды Sona.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне⁠ сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, ұйымдасқан топ мұнай өнімдерін Ақтау теңіз порты арқылы шетелге тасымалдаған. Схеманы ұйымдастырды деген кәсіпкер халықаралық іздеуде жүр.

Мұнай өнімдерін қалай шығарған

Тергеу дерегінше, Маңғыстау облысының кәсіпкері жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен шикі мұнай сатып алу туралы шарттар жасасқан. Кейін мұнай «Standart Petroleum» және «Mangystau Oil Refining» шағын мұнай өңдеу зауыттарында өңделген.

Өнімдерге жалған сапа паспорттары рәсімделген. Одан кейін мұнай өнімдері құжаттарда пеш отыны ретінде көрсетіліп, танкермен Ақтау порты арқылы шетелге жөнелтілген.

2019–2023 жылдары тек «Batys Nefte Trade» ЖШС арқылы 160 мың тоннадан астам мұнай өнімі заңсыз экспортталған. ҰҚК операциялардың жалпы сомасын шамамен 45 млрд теңгеге бағалап отыр.

Мүлік тәркіленіп, қаражат өндірілді

Биыл жүргізілген процестік шаралар аясында қылмыстық іске қатысы бар тұлғалардың активтері, шағын мұнай өңдеу зауыттары, танкер және басқа да мүлік тәркіленген.

Жалпы мемлекет кірісіне заңсыз алынған табыс пен төленбеген салық есебінен 2 млрд теңгеден астам қаражат өндірілген.

Ақтау қалалық соты бұған дейін ұйымдасқан қылмыстық топтың бес қатысушысына сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Олардың арасында шағын мұнай өңдеу зауыттары мен трейдер компанияның басшылары бар.

Олар Қылмыстық кодекстің 234-бабының 3-бөлігі және 262-бабының 2-бөлігі бойынша сотталған. Ал схеманы ұйымдастырушыны іздеу жалғасып жатыр.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларМаңғыстаумұнай өнімдері
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Абай облысында балаларға зорлық көрсетудің 100-ден астам дерегі анықталды

Абай облысында балаларға зорлық көрсетудің 100-ден астам дерегі анықталды

Жандос Жантаев
19 Қазан, 2026

Абай облысының Аягөз ауданында ерекше қажеттілігі бар балаларға физикалық және психологиялық зорлық көрсетудің 100-ден астам дерегі анықталды....

КНБ пресек попытку организовать протесты нефтяников

ҰҚК мұнайшылар наразылығын ұйымдастыру әрекетінің жолын кесті

Жандос Жантаев
19 Қазан, 2026

Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі бірлескен операция жүргізіп, мұнайшылардың жаппай наразылығын ұйымдастыруды жоспарлаған...

Күніне 200-ге дейін есірткі жасырған: Көкшетауда 28 жастағы ер адам ұсталды

Күніне 200-ге дейін есірткі жасырған: Көкшетауда 28 жастағы ер адам ұсталды

Жандос Жантаев
19 Қазан, 2026

Көкшетауда есірткіні жасырын орындарға қалдыру арқылы таратты деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды. Полиция одан 2,5...

КНБ задержал 13 граждан Китая по делу о международном интернет-мошенничестве

ҰҚК халықаралық интернет-алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен Қытайдың 13 азаматын ұстады

Жандос Жантаев
19 Қазан, 2026

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қытайдың Қоғамдық қауіпсіздік министрлігімен бірлесіп, халықаралық интернет-алаяқтыққа қарсы арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде Қытай...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz