Астанада 2024 жылдың қазан айында тіс емдеу кезінде наркоздан кейін көз жұмған үш жасар қыздың өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Айыпталушылар орындығында – анестезиолог-дәрігер. Ол ҚР ҚК-нің 317-бабы 3-бөлігі бойынша «Медицина қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы, абайсызда адам өліміне әкелуі» дерегімен сотқа берілген, деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
10 желтоқсанда өткен сот отырысында мемлекеттік айыптаушы айыптау актісіне өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді. Прокурордың айтуынша, құжаттан бұрын көрсетілген бір жеңілдететін мән-жай «қылмыстың алғаш рет кездейсоқ жағдайда жасалуы» деген алынып тасталды. Дегенмен айыптаудың негізгі мазмұны өзгеріссіз қалды.
Сот айыпталушыға жаңартылған мәтінмен танысу үшін уақыт берді. Үзілістен кейін процесс қайта жалғасады.
Еске салайық, оқиға 2024 жылдың 30 қазанында болған: бала жеке стоматологияда наркозбен ем алған соң оянбаған. Қылмыстық іс 2025 жылдың қарашасында Астананың қылмыстық істер жөніндегі межрайондық сотына түсті.









