Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Зерттеу

ҚМА «Экспресс Займда» микрокредит беру кезіндегі ықтимал алаяқтық схеманы анықтады

Тергеу мәліметінше, 43 мың азаматпен ақылы кеңес беру жөнінде 181 мыңнан астам шарт жасалған

Жандос Жантаев
20 Қазан, 2026
Зерттеу
A A
ҚМА «Экспресс Займда» микрокредит беру кезіндегі ықтимал алаяқтық схеманы анықтады
WhatsappTelegram

«Экспресс Займ» микроқаржы ұйымында микрокредит рәсімдеу кезінде азаматтарды алдау схемасы анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің⁠ хабарлауынша, іс елдің 18 өңірін қамтиды. Ұйым директорының орынбасары үйқамаққа алынған.

Тергеу нұсқасы бойынша, 2024 жылғы тамызда ұйымда ақылы консультациялық қызмет енгізілген. Оның құны микрокредит сомасына қарай белгіленіп, қарыз алушының негізгі берешегіне қосылған.

Клиенттерге бұл төлем кредит алу немесе оны қайтару мерзімін ұзарту үшін міндетті деп түсіндірілген. Ал қызметтен бас тарту мүмкіндігі жасырылған, дейді агенттік.

Соның салдарынан азаматтардың қолына шартта көрсетілгеннен аз ақша тиген. Бірақ олар қосымша қызмет құны енгізілген берешекті есептелген сыйақысымен бірге қайтаруға міндетті болған. Микрокредит мерзімі ұзартылған сайын ақылы қызмет қайта рәсімделген.

ҚМА мәліметінше, 43 мың азаматпен консультациялық қызмет көрсету туралы 181 мыңнан астам шарт жасалған.

Схеманы ҚМА-ның Қызылорда облысы бойынша департаменті ҰҚК департаментімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен анықтаған.

Тергеу жалғасып жатыр. Өзге мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Тегтер: «Экспресс Займ»Басты жаңалықтарБасты оқиғалармикрокредит
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Маңғыстауда мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған бес адам сегіз жылға сотталды

Маңғыстауда мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған бес адам сегіз жылға сотталды

Жандос Жантаев
21 Қазан, 2026

Маңғыстау облысында мұнай өнімдерін шетелге заңсыз шығару схемасына қатысқан бес адам сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Биыл...

Более 15,8 тысячи нарушений выявили за время операции «Нелегал»

Более 15,8 тысячи нарушений выявили за время операции «Нелегал»

Жандос Жантаев
20 Қазан, 2026

В Казахстане во время операции «Нелегал» задержали 62 иностранца, находившихся в розыске в своих странах. Всего полицейские...

«Нелегал» операциясында 15,8 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды

«Нелегал» операциясында 15,8 мыңнан астам заңбұзушылық анықталды

Жандос Жантаев
20 Қазан, 2026

Қазақстанда «Нелегал» операциясы кезінде өз елдерінде іздеуде жүрген 62 шетелдік ұсталды. Көші-қон заңнамасына қатысты 15,8 мыңнан астам...

Абай облысында балаларға зорлық көрсетудің 100-ден астам дерегі анықталды

Абай облысында балаларға зорлық көрсетудің 100-ден астам дерегі анықталды

Жандос Жантаев
19 Қазан, 2026

Абай облысының Аягөз ауданында ерекше қажеттілігі бар балаларға физикалық және психологиялық зорлық көрсетудің 100-ден астам дерегі анықталды....

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz