Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар

Талдықорғанда жас отбасы өңірде алғаш рет бал қымыз өндірісін бастады

Кәсіпкерлер өнімді Қытай мен Өзбекстанға экспорттауды жоспарлап отыр

Жандос Жантаев
15 Қаңтар, 2026
Жаңалықтар
A A
Талдықорғанда жас отбасы өңірде алғаш рет бал қымыз өндірісін бастады
WhatsappTelegram

Жетісу облысында жас кәсіпкерлер өңірде алғаш болып бал қымыз өндірісін жолға қойды. Талдықорған қаласында орналасқан шағын кәсіпорында қазіргі таңда күніне 600 литрге дейін ұлттық сусын өндіріледі. Алдағы уақытта өндіріс көлемін ұлғайтып, өнімді Қытай мен Өзбекстан нарығына шығару жоспарланып отыр.

Кәсіпорынның негізін қалаушы Мадияр Түйебаев жұбайымен бірге отандық, табиғи өнім өндіруді мақсат еткен. Ол сегіз жыл шетелде білім алып, қаржылық сарапшы ретінде жұмыс істегеннен кейін туған өлкесіне оралып, жеке бизнес ашуға бел буған. Таңдау ұлттық сусындар өндірісіне түскен.

Кәсіпкердің айтуынша, Жетісу өңірінің табиғи ерекшеліктері шөптің алуан түрлілігі мен сүт сапасының жоғары болуы бал қымыз өндіруге қолайлы. Жоба жұмыстары 2025 жылдың мамыр айында басталып, қыркүйекте өндіріс іске қосылған. Жеке қаражат есебінен шамамен 40 млн теңге инвестиция салынған.

Бал қымыз табиғи ингредиенттерден дайындалады. Негізгі шикізат сиыр және бие сүті. Өнімнің құрамында пайдалы лактобактериялар бар, ал бал ашытқысы сусынның ерекше дәмі мен емдік қасиетін арттырады. Сонымен қатар кәсіпорында «Таң» сусыны, айран және реутери йогурты да өндіріледі.

Қазіргі таңда кәсіпорында 5 адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта өндірісті кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашу көзделген. Өнім әзірге тек Жетісу облысында сатылуда. Кәсіпкерлер көктем айларында бал қымыздың алғашқы партиясын Қытайға экспорттауды жоспарлап отыр.

Екі қыз тәрбиелеп отырған жас отбасы адал еңбек пен ұлттық дәстүрге құрмет олардың ортақ ісін дамытуға негіз болғанын айтады. Алдағы мақсат  отандық өнім көлемін арттырып, ұлттық сусынды шетелдік нарыққа шығару.

Тегтер: бал қымызБасты жаңалықтарБасты оқиғаларжас отбасыТалдықорған
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Қазақстанның Азиада тарихындағы ММА-дан алғашқы алтынын Еркінғали Бүркіталин жеңіп алды

Қазақстанның Азиада тарихындағы ММА-дан алғашқы алтынын Еркінғали Бүркіталин жеңіп алды

Жандос Жантаев
22 Қыркүйек, 2026

Еркінғали Бүркіталин аралас жекпе-жектен 2026 жылғы Азия ойындарының тарихи алтын медалін жеңіп алды. Ол Қазақстан атынан Азиадада...

Бектенов түн тыныштығын бұзатын көлік жүргізушілеріне қатаң шара қолдануды тапсырды

Бектенов түн тыныштығын бұзатын көлік жүргізушілеріне қатаң шара қолдануды тапсырды

Жандос Жантаев
22 Қыркүйек, 2026

Премьер-министр Олжас Бектенов түнгі уақытта қатты шу шығарып, тұрғындардың тыныштығын бұзатын автокөлік және мотоцикл жүргізушілеріне қолданылатын шараларды...

Ақ үй америкалық БАҚ-пен жанжал аясында тәулік бойы жұмыс істейтін Trump TV арнасын іске қосты

Ақ үй америкалық БАҚ-пен жанжал аясында тәулік бойы жұмыс істейтін Trump TV арнасын іске қосты

Жандос Жантаев
22 Қыркүйек, 2026

Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның әкімшілігінің қызметіне арналған TRUMP TV: The Essentials Station атты...

365 мыңнан астам қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын баспана мен білімге жұмсады

365 мыңнан астам қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын баспана мен білімге жұмсады

Жандос Жантаев
22 Қыркүйек, 2026

«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы іске қосылғаннан бері қазақстандықтарға шамамен 76,11 млн доллар төленді. Бұл қаражатты 365...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz