Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Әлем жаңалықтары

Ақ үй америкалық БАҚ-пен жанжал аясында тәулік бойы жұмыс істейтін Trump TV арнасын іске қосты

Жоба CNN, MS NOW және Politico журналистеріне Ақ үйге кіруге тыйым салынғаннан кейін және ірі телеарналар CNN-ді телепулда алмастырудан бас тартқан тұста іске қосылды

Жандос Жантаев
22 Қыркүйек, 2026
Әлем жаңалықтары
A A
Ақ үй америкалық БАҚ-пен жанжал аясында тәулік бойы жұмыс істейтін Trump TV арнасын іске қосты
WhatsappTelegram

Ақ үй АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның әкімшілігінің қызметіне арналған TRUMP TV: The Essentials Station атты тәулік бойғы стриминг арнасын іске қосты. Трансляция Ақ үйдің ресми платформаларында 24 сағат бойы жүргізіледі, деп хабарлайды Sona.kz Reuter-ге сілтеме жасап.

Эфирде Трамптың сөйлеген сөздері, әкімшілік өткізетін іс-шаралар, мұрағат видеолары және президенттік кезеңнің маңызды сәттері көрсетіледі. Ақ үй бұл арнаны әкімшілік қызметін дәстүрлі телеарналардың қатысуынсыз тікелей көрсетуге арналған алаң ретінде ұсынып отыр.

Жаңа арна әкімшілік пен бірқатар америкалық БАҚ арасындағы қарым-қатынас шиеленіскен тұста іске қосылды.

18 қыркүйекте Трамп CNN, MS NOW және Politico журналистеріне Ақ үй аумағына кіруге тыйым салынатынын мәлімдеді. Президент бұл редакцияларды өзі «жалған жаңалық» деп атаған материалдарды таратты деп айыптады. Кейін Ақ үй Бірінші түзету БАҚ-тың ақпарат жариялау құқығын қорғайтынын, алайда әкімшілік пікірінше, бұл ереже журналистерге Ақ үйге тұрақты кіруге немесе президенттік пулға міндетті түрде қатысуға кепілдік бермейтінін мәлімдеді.

CNN президент іс-шараларын кезекпен түсіріп, бейнематериалды басқа редакцияларға тарататын бес ірі телеарнадан құралған телевизиялық пулға кіреді. 21 қыркүйекте Ақ үй CNN-ге кезекті түсірілімін жүргізуге мүмкіндік бермеген соң, ABC, CBS, NBC және Fox News оны алмастыратын басқа арнаны шығарудан бас тартты. Соның салдарынан президент іс-шараларын ортақ телевизиялық түсіру уақытша тоқтады.

Мұның салдары сол күні-ақ байқалды. Ақ үй жанындағы жаңа тікұшақ алаңын ашу рәсімін ірі телеарналар түсірмеді. Ал әкімшіліктің өз трансляциясында тікұшақтың қатты шуынан Трамптың айтқан сөздері анық естілмеді.

CNN, MS NOW және Politico әкімшілікке қарсы бірлескен талап-арыз берді. Олар журналистерінің Ақ үйге кіру құқығын қалпына келтіруді талап етіп, жарияланған материалдардың мазмұнына байланысты енгізілген шектеу АҚШ Конституциясының Бірінші түзетуінде бекітілген сөз және баспасөз бостандығына қайшы деп санайды. Ақ үй бұл пікірмен келіспейді.

Тегтер: Trump TVАқ үйБасты жаңалықтарБасты оқиғаларҚШ
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Албанияда Трамптың күйеу баласының курорт жобасына қарсы наразылық өтті

Албанияда Трамптың күйеу баласының курорт жобасына қарсы наразылық өтті

Жандос Жантаев
16 Қазан, 2026

Албания астанасы Тиранада жаппай наразылық акциялары өтіп жатыр. Шерушілер АҚШ президенті Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнердің...

Қырғызстанда кеденшілер мен шекарашылар жаппай ұсталды

Қырғызстанда кеденшілер мен шекарашылар жаппай ұсталды

Жандос Жантаев
12 Қазан, 2026

Қырғызстанда шекарадағы жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен 15-ке жуық кеден және шекара қызметкері ұсталды. Арнайы қызмет өкілдері...

Сауд Арабиясындағы әуежайға тағы соққы жасалып, адамдар қаза тапты

Сауд Арабиясындағы әуежайға тағы соққы жасалып, адамдар қаза тапты

Жандос Жантаев
12 Қазан, 2026

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтағы Король Халид атындағы халықаралық әуежайға тағы шабуыл жасалды. 11 қазандағы соққы салдарынан бір...

Непал мен Тибетте жоғалды делінген үш қазақстандықтың бірі елде болып шықты

Непал мен Тибетте жоғалды делінген үш қазақстандықтың бірі елде болып шықты

Жандос Жантаев
9 Қазан, 2026

Непал мен Тибеттегі табиғи апаттан кейін із-түзсіз жоғалды деп есептелген үш қазақстандық әйелдің бірі Қазақстанда екені анықталды....

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz