Жарма ауданы бойынша арнайы табиғатты қорғау прокуратурасы алтын және басқа пайдалы қазбаларды рұқсатсыз іздеген бес адамды анықтады, деп хабарлайды Sona.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Құқық бұзушылардан заңсыз әрекеттерге пайдаланылған металл іздеушілер тәркіленді. Сот оларды ӘҚБтК-ның 463-бабы бойынша кінәлі деп танып, 41 286 теңге көлемінде айыппұл салды. Жабдық мемлекет кірісіне алынған.
Абай облысының прокуратурасы заңсыз пайдалы қазбаларды өндіру әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.








