Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Зерттеу

Талдықорғанда жүк көліктерін заңсыз тіркеген 21 адам сотталды

Мемлекетке келтірілген залал 9 млрд теңгеден асты

Жандос Жантаев
5 Ақпан, 2026
Зерттеу
A A
Талдықорғанда жүк көліктерін заңсыз тіркеген 21 адам сотталды

фото: ru.freepik.com

WhatsappTelegram

Талдықорған қаласында жүк көліктерін заңсыз тіркеумен айналысқан ұйымдасқан топтың 21 мүшесіне қатысты айыптау үкімі шығарылды. Бұл туралы Sona.kz 24KZ-ке сілтеме жасап.

Сот материалдарына сәйкес, айыпталушылар бірнеше жыл бойы елге әкелінген жүк көліктерін заңсыз түрде тіркеумен айналысқан. Ол үшін бірыңғай ақпараттық жүйеге бастапқы тіркеу алымының төленгені жөнінде жалған мәліметтер енгізілген.

Тергеу деректеріне сәйкес, осындай тәсілмен барлығы 1385 көлік құралы заңсыз түрде есепке қойылған.

Қылмыстық іске Алматы облысы мен Жетісу облысындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының және әкімшілік полицияның бұрынғы қызметкерлері тартылған.

Сот анықтағандай, мемлекетке келтірілген жалпы залал 9 млрд теңгеден асты. Оның ішінде Қарасай ауданы бойынша залал 5,6 млрд теңгені, ал Жетісу облысының Сарқан ауданы бойынша 3,787 млрд теңгені құрады.

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Бақыт Ермахановтың айтуынша, сотталушыларға екі жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Сотталғандардың апелляциялық тәртіппен шағым түсіруге құқығы бар.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларТалдықорғанҮкім
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Маңғыстауда мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған бес адам сегіз жылға сотталды

Маңғыстауда мұнай өнімдерін заңсыз экспорттаған бес адам сегіз жылға сотталды

Жандос Жантаев
21 Қазан, 2026

Маңғыстау облысында мұнай өнімдерін шетелге заңсыз шығару схемасына қатысқан бес адам сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Биыл...

Абай облысында балаларға зорлық көрсетудің 100-ден астам дерегі анықталды

Абай облысында балаларға зорлық көрсетудің 100-ден астам дерегі анықталды

Жандос Жантаев
19 Қазан, 2026

Абай облысының Аягөз ауданында ерекше қажеттілігі бар балаларға физикалық және психологиялық зорлық көрсетудің 100-ден астам дерегі анықталды....

КНБ пресек попытку организовать протесты нефтяников

ҰҚК мұнайшылар наразылығын ұйымдастыру әрекетінің жолын кесті

Жандос Жантаев
19 Қазан, 2026

Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі бірлескен операция жүргізіп, мұнайшылардың жаппай наразылығын ұйымдастыруды жоспарлаған...

Күніне 200-ге дейін есірткі жасырған: Көкшетауда 28 жастағы ер адам ұсталды

Күніне 200-ге дейін есірткі жасырған: Көкшетауда 28 жастағы ер адам ұсталды

Жандос Жантаев
19 Қазан, 2026

Көкшетауда есірткіні жасырын орындарға қалдыру арқылы таратты деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды. Полиция одан 2,5...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz