Алматыда тәрбиеленушілерге қатысты заңсыз әрекеттер жасады деп күдіктелген Алматының қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамалды. Алмалы аудандық Полиция басқармасы ата-аналардың мекемедегі зорлық-зомбылық туралы шулы мәлімдемелерінен кейін қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі уақытта тергеу тобы оқиғаның барлық мән-жайын объективті анықтау үшін кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр. Полицейлер балаларға көрсетілген қатыгездік фактілерін растайтын бейнебақылау камераларының жазбаларын тәркілеп, зерттеуде. Сонымен қатар, куәгерлерден, қызметкерлерден және іске қатысы бар басқа да тұлғалардан жауап алынуда.
Алматы қалалық Полиция департаментінің басшылығы тергеу барысы ерекше бақылауда екенін мәлімдеді. Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін күдіктінің әрекетіне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түпкілікті құқықтық баға берілетін болады.
Жетісу прокуратурасы «Қорғас» инвесторларынан ҚҚС-ның заңсыз алынғанын анықтады
Жетісу облысының прокуратурасы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының басқарушы компаниясы тарапынан орын алған өрескел заң бұзушылықтарды...









