Түркістан облысының Арыс ауданында мемлекеттік субсидияларды жымқыру дерегі бойынша сот үкімі шықты. «Ы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрайымы ақпараттық жүйені пайдалана отырып, аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Қылмыс қалай жасалды?
2021 жылдың сәуірінде күдікті жүйеге кооперативте 2470 бас ірі қара және селекциялық жұмыстар үшін 120 асыл тұқымды бұқа бар деген жалған мәлімет енгізген. Соның негізінде бюджеттен 24,7 млн теңге аударылған. Алайда тексеру барысында селекциялық жұмыстардың іс жүзінде тек 18 бұқа мен 450 аналық басқа қатысты жүргізілгені анықталды. Заңсыз алынған сома 20,2 млн теңгені құрады.
Сот шешімі (2026 жылғы 20 ақпан):
Жаза: 4 жылға бас бостандығынан айыру.
Шектеу: 5 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыру.
Шығынды өтеу: Заңсыз алынған барлық қаражат мемлекетке толық қайтарылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Өскемен прокуратурасы 10,1 млрд теңгелік инвестициялық жобаны бұғаттан шығарды
Өскемен қаласының прокуратурасы қаланың сол жағалауында қонақ үйлер кешенін салумен айналысатын «Причал» ЖШС инвесторының құқықтары өрескел бұзылғанын...








