Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Зерттеу

50 мың теңге 752 мыңға айналған: депутат тексеруді талап етті

Юрий Ли қарыз сомасының бірнеше есе өсуі, борышкерлердің туыстары мен жұмыс берушілеріне қысым көрсету және жасанды интеллект арқылы қорқыту туралы шағымдар барын айтты

Жандос Жантаев
10 Қыркүйек, 2026
Зерттеу
A A
50 мың теңге 752 мыңға айналған: депутат тексеруді талап етті
WhatsappTelegram

Құрылтай депутаты Юрий Ли азаматтарға қарыз беретін платформалардың қызметін тексеруді сұрады. Ол Alem Credit-ке қатысты түсіп жатқан шағымдарға ерекше назар аударды.

Депутат Ішкі істер министрлігіне, Бас прокуратураға және Қаржылық мониторинг агенттігіне жүгінді.

Юрий Лидің айтуынша, азаматтардан ақша алу шарттары мен кейін қарызды өндіріп алу тәсілдеріне байланысты шағымдар түсіп жатыр.

Депутат мысал ретінде бір қарыз алушының жағдайын келтірді.

Оның сөзінше, азамат 50 мың теңге қарыз рәсімдеген. Алайда оның шотына іс жүзінде 32 мың теңге ғана аударылған.

Кейін одан 752 мың теңге қайтару талап етілген.

Егер талап етілген соманы адамның нақты алған 32 мың теңгесімен салыстырсақ, айырмашылық шамамен 23,5 есеге жетеді.

Депутат қарызды өндіріп алу тәсілдеріне байланысты да шағымдар барын мәлімдеді.

Оның айтуынша, мұндай сервистердің өкілдері қарыз алушылардың туыстарына қоңырау шалып, жұмыс берушілеріне хабарласып, психологиялық қысым көрсетуі мүмкін.

Юрий Ли жасанды интеллект арқылы қорқыту фактілері туралы шағымдарға да тоқталды.

Депутаттың сөзінше, ИИ көмегімен адамның беделіне нұқсан келтіретін жалған суреттер жасалып, оларды борышкердің туыстарына, әріптестеріне немесе таныстарына таратамыз деген қоқан-лоқы көрсетілген жағдайлар айтылған.

«Бұл енді несие беруші мен қарыз алушының арасындағы жеке дау ғана емес», — деді Юрий Ли.

Оның пікірінше, құқық қорғау және қадағалау органдары мұндай әрекеттерге құқықтық баға беріп, осындай тәсілмен жұмыс істейтін платформалардың қызметін тексеруі керек.

Alem Credit бұған дейін де құқық қорғау органдарының назарына іліккен.

2026 жылғы тамызда платформа қызметіне байланысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған. Тергеуді Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жүргізіп жатыр.

Alem Credit өз қызметін кәдімгі микрокредит беру ретінде сипаттамайды. Компания пайдаланушыларға цифрлық активтерге, соның ішінде USDT-ге қол жеткізу мүмкіндігін беретінін мәлімдейді.

Сондықтан платформаның нақты құқықтық моделі, қаражат ұсыну шарттары және қарызды өндіріп алу тәсілдері құзырлы органдардың тексеру нысаны болуы тиіс.

Заң бұзушылықтардың болған-болмағаны және нақты тұлғалардың жауапкершілігі жөніндегі түпкілікті қорытынды тергеу мен сот нәтижесінде ғана жасалады.

Тегтер: Alem CreditБасты жаңалықтарБасты оқиғалардепутатқарыз беретін платформа
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Көкшетауда Қопа көлінің жағалауын салу кезінде 170 млн теңге жымқыру дерегі бойынша үкім шықты

Көкшетауда Қопа көлінің жағалауын салу кезінде 170 млн теңге жымқыру дерегі бойынша үкім шықты

Жандос Жантаев
21 Сәуір, 2026

Көкшетау қалалық соты Қопа көлінің жағалауын салу жобасын іске асыру кезінде бюджет қаражатын жымқыруға қатысы бар үш...

Өскеменде жүргізілген арнайы операция барысында ірі есірткі қоймасы жойылды

Өскеменде жүргізілген арнайы операция барысында ірі есірткі қоймасы жойылды

Жандос Жантаев
21 Сәуір, 2026

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті облыс прокуратурасымен бірлесіп, аса ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегінің жолын...

Жоғары аудиторлық палата QazaqGaz компаниялар тобын тексеріп жатыр

Жоғары аудиторлық палата QazaqGaz компаниялар тобын тексеріп жатыр

Жандос Жантаев
21 Сәуір, 2026

Жоғары аудиторлық палата (ЖАП) «QazaqGaz» ұлттық компаниясы мен оның еншілес құрылымдарында - «QazaqGaz Aimaq», «Интергаз Орталық Азия»...

Жетісу прокуратурасы «Қорғас» инвесторларынан ҚҚС-ның заңсыз алынғанын анықтады

Жетісу прокуратурасы «Қорғас» инвесторларынан ҚҚС-ның заңсыз алынғанын анықтады

Жандос Жантаев
15 Сәуір, 2026

Жетісу облысының прокуратурасы «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының басқарушы компаниясы тарапынан орын алған өрескел заң бұзушылықтарды...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz