Сымбат Төретаев Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды.
Оның кандидатурасы Президент Әкімшілігімен келісіліп, тиісті өкімге Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қол қойды.
Бұған дейін Сымбат Төретаев 2023 жылғы мамырдан бастап Маңғыстау облысының Қарақия ауданын басқарған.
Сымбат Төретаев 1978 жылғы 27 қаңтарда Маңғыстау облысының Жетібай ауылында дүниеге келген. Ш. Есенов атындағы Ақтау университетін және Алматы менеджмент университетін «Экономика және менеджмент», «Іскерлік әкімшілендіру» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2000 жылы ішкі істер органдарында бастаған. Кейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеп, Мұнайшы ауылының әкімі болған және Маңғыстау облысы әкімі аппаратында басшылық қызмет атқарған.
2019–2023 жылдары Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2023 жылғы мамырда аудан әкімі болып тағайындалған.




