Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды.
Тиісті өкімге Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қол қойды.
Жаңа қызметке дейін Мақсат Мұқаш Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары болған.
Бұған дейін ол Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасын басқарған.
Әр жылдары Жаңаөзендегі спорт мектептеріне жетекшілік етіп, қалалық мәслихат депутаты болған.




