Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандықтар жедел жәрдемнің қай жерде келе жатқанын картадан көре алады

Бригада бекітілгеннен кейін пациентке автоматты хабарлама жіберіледі

Жандос Жантаев
6 Қазан, 2026
Жаңалықтар
A A
Қазақстандықтар жедел жәрдемнің қай жерде келе жатқанын картадан көре алады
WhatsappTelegram

Қазақстанда жедел жәрдем шақырған азаматтар бригаданың қай жерде келе жатқанын картадан нақты уақытта бақылай алады. Жаңа тәртіп 13 қазаннан бастап күшіне енеді.

Өзгерістер Денсаулық сақтау министрінің 29 қыркүйектегі №125 бұйрығымен енгізілді. Құжат Әділет министрлігінде 30 қыркүйекте тіркелген.

Жаңа тәртіп бойынша диспетчер шақыртуға медициналық бригаданы бекіткеннен кейін пациентке автоматты түрде хабарлама жіберіледі.

Азамат жедел жәрдем көлігінің қозғалысын геосервис арқылы нақты уақытта бақылай алады. Ол үшін жедел медициналық көмектің автоматтандырылған жүйесі тиісті сервиске бригада туралы қажетті ақпаратты береді.

Осылайша, жедел жәрдем шақырған адамға бригаданың қашан келетінін білу үшін диспетчерге қайта хабарласудың қажеті болмайды.

Жаңартылған ережелер жедел жәрдемді шақыру тәсілдерін де нақтылайды. Азаматтар бұрынғыдай 103 нөміріне қоңырау шала алады. Сонымен қатар мобильді қосымшалар, мессенджерлер мен чат-боттар арқылы геолокацияны көрсете отырып шақырту жасауға мүмкіндік қарастырылған.

Кейбір шақыртулар алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының мобильді бригадаларына беріледі.

Жаңа талаптар 2026 жылғы 13 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Тегтер: Басты жаңалықтарБасты оқиғаларЖедел-жәрдемКартаҚазақстан
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Министрлік автолизингтің халыққа қолжетімді екенін мәлімдеді

Министрлік автолизингтің халыққа қолжетімді екенін мәлімдеді

Жандос Жантаев
17 Қараша, 2026

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі азаматтардың несие, бөліп төлеу және лизинг арасында таңдау мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді. Қазақстан...

Қазақстанда төрт коллекторлық агенттік жұмыс істеу құқығынан айырылды

Қазақстанда төрт коллекторлық агенттік жұмыс істеу құқығынан айырылды

Жандос Жантаев
17 Қараша, 2026

Реттеуші компанияларды борышкерлермен жұмыс кезіндегі жүйелі бұзушылықтар үшін тізілімнен шығарды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Seven,...

Электркөлікке қандай талаптар қойылады

Электркөлікке қандай талаптар қойылады

Жандос Жантаев
17 Қараша, 2026

Мопедке жататын көлікті пайдалану үшін тіркеу, жүргізуші куәлігі, техникалық байқау және сақтандыру қажет. 2026 жылғы 20 қарашадан...

ҚазҰУ-да көз жұмған студенттің туыстары оның соққыға жығылғанын мәлімдеді

ҚазҰУ-да көз жұмған студенттің туыстары оның соққыға жығылғанын мәлімдеді

Жандос Жантаев
17 Қараша, 2026

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бірінші курс студенті Дауыл Бәкіртайдың туыстары оның қайтыс болар алдында жатақханада соққыға жығылған болуы...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz