Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
Sona.kz
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт
No Result
Барлық нәтижелер
Sona.kz
No Result
Барлық нәтижелер
Басты бет Жаңалықтар Зерттеу

Алматыда РФММ оқушыларының жаппай ауыруына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Тергеу барысында санитариялық-эпидемиологиялық тексеру қорытындысы ескеріледі

Жандос Жантаев
14 Қазан, 2026
Зерттеу
A A
Алматыда РФММ оқушыларының жаппай ауыруына байланысты қылмыстық іс қозғалды
WhatsappTelegram

Алматыда Республикалық физика-математика мектебі оқушыларының жаппай ауыруына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін 48 бала жедел ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылған болатын.

Бұл туралы Zakon.kz Алматы қаласының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Ведомство мәліметінше, тергеуді Бостандық ауданы полиция басқармасының полиция бөлімі жүргізіп жатыр.

«Аталған дерек бойынша Бостандық ауданы полиция басқармасының полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Тергеу шараларының нәтижесінде, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің тексеру қорытындысы негізінде оқиғаның мән-жайы анықталып, процестік шешім қабылданады», — деп хабарлады полиция.

Еске салайық, Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 12–14 қазан аралығында Республикалық физика-математика мектебінің 48 оқушысы қалалық балалар клиникалық инфекциялық ауруханасына жатқызылған.

Тағы алты бала интернатта оқшауланып, дәрігерлердің бақылауына алынған.

Оқушылардың жаппай ауыруынан кейін мектептің, интернаттың және ас блогының жұмысы уақытша тоқтатылды. Мамандар зертханалық тексеру үшін сынамалар алды.

Балалардың ауруына нақты не себеп болғаны әзірге ресми түрде анықталған жоқ. Санитариялық-эпидемиологиялық тексеру нәтижелері тергеу барысында ескеріледі.

Тегтер: алматыБасты жаңалықтарБасты оқиғаларҚылмыстық іс
JLC Company JLC Company JLC Company
ЖАРНАМА
Абай облысында балаларға зорлық көрсетудің 100-ден астам дерегі анықталды

Абай облысында балаларға зорлық көрсетудің 100-ден астам дерегі анықталды

Жандос Жантаев
19 Қазан, 2026

Абай облысының Аягөз ауданында ерекше қажеттілігі бар балаларға физикалық және психологиялық зорлық көрсетудің 100-ден астам дерегі анықталды....

КНБ пресек попытку организовать протесты нефтяников

ҰҚК мұнайшылар наразылығын ұйымдастыру әрекетінің жолын кесті

Жандос Жантаев
19 Қазан, 2026

Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі бірлескен операция жүргізіп, мұнайшылардың жаппай наразылығын ұйымдастыруды жоспарлаған...

Күніне 200-ге дейін есірткі жасырған: Көкшетауда 28 жастағы ер адам ұсталды

Күніне 200-ге дейін есірткі жасырған: Көкшетауда 28 жастағы ер адам ұсталды

Жандос Жантаев
19 Қазан, 2026

Көкшетауда есірткіні жасырын орындарға қалдыру арқылы таратты деген күдікпен 28 жастағы ер адам ұсталды. Полиция одан 2,5...

КНБ задержал 13 граждан Китая по делу о международном интернет-мошенничестве

ҰҚК халықаралық интернет-алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен Қытайдың 13 азаматын ұстады

Жандос Жантаев
19 Қазан, 2026

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қытайдың Қоғамдық қауіпсіздік министрлігімен бірлесіп, халықаралық интернет-алаяқтыққа қарсы арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде Қытай...

  • Байланыстар
  • Жоба жайында
  • Сайт ережелері
  • Сайттағы жарнама

© 2024 Sona.kz

  • RU
  • Басты бет
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Зерттеу
  • Аналитика
  • Мақалалар
  • Оқиғалар
  • Тағы
    • Әлем жаңалықтары
    • Қаржы
    • Пайдалы ақпарат
    • Аймақ
    • Билік
    • Мәдениет
    • Спорт

© 2024 Sona.kz