Автор: Аяла Тұрсын

  • Жамбыл облысында алимент бойынша тергеп-тексеру басталды

    Жамбыл облысында алимент бойынша тергеп-тексеру басталды

    Жамбыл облысының прокурорлары алимент бойынша борышкерге
    қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

    Тараз қаласының прокуратурасы талдау аясында 2019 жылдан бері дәлелді себептерсіз 4 млн теңгеден астам алимент берешегін төлемеген борышкерді анықтады. Сот шешімін тиісінше орындамағаны үшін борышкер бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

    «09.09.2024 жылы осы факті бойынша қала прокуратурасы ҚК-нің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. 2024 жылдың өткен кезеңінде қала прокуратурасы 30 борышкерді әкімшілік жауапкершілікке тартып, 41 млн теңге көлемінде алимент берешегін өндірді», — делінген Жамбыл облысы прокуратурасының хабарламасында.

    Прокуратура алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге ҚК-нің 139-бабына сәйкес 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді.

  • Мемлекетке 177 млрд теңге көлемінде қаражат қайтарылды

    Мемлекетке 177 млрд теңге көлемінде қаражат қайтарылды

    Активтерді қайтару жөніндегі жұмыс шеңберінде арнаулы мемлекеттік қор бүгінде 177 млрд теңгеден астам ақшалай қаражатпен толықтырылды.

    Тізілім субъектілерімен жасалған келісімдердің нәтижелері бойынша шамамен 147 млрд теңге, процестік келісімдері бойынша 19 млрд теңге, активтерді өткізуден 6 млрд теңгеден астам, соттардың шешімдері бойынша шамамен 5 млрд теңге және жылжымайтын мүлікті жалғаберуден 165 млн теңгеден астам қаражат түсті, — делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

    Ведомствоның ақпараптына сәйкес, өткізілген активтердің ішінде екі вилла, әкімшілік ғимарат, тұрғын үй, пәтер, жер учаскесіжәне екі сәнді автокөлік бар.

    Активтерді табысты өткізудің бір мысалы болып Алматы қаласындағы жер учаскесі табылады, ол «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектісінен 176 млн теңге бағамен қабылданып, 657 млн теңгеге, яғни бастапқы бағалау құнынан төрт есе артық сатылған.

    Сонымен қатар, тізілім субъектілерімен келісімдер бойынша арнаулы мемлекеттік қорды 150 млрд теңгеден астам сомаға ақшалай қаражатпен қосымша толықтыру күтілуде.

    Барлық қайтарылған ақша қаражаты елдің әлеуметтік және экономикалық жобаларын іске асыру үшін пайдаланылатын болады.

    Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

  • Елде 250 мыңға жуық бала балабақша кезегінде тұр

    Елде 250 мыңға жуық бала балабақша кезегінде тұр

    Елде 250 мыңға жуық бала балабақша кезегінде тұр. Оның ішінде 2-5 жас аралығындағы бала саны – 107 мың. Арнайы брифинг өткізген сала министрлігі өкілдерінің айтуынша, бұл мәселе көп ұзамай шешіледі. 2027 жылға дейін жаңадан 300 мың орындық балабақша ашылады. Кадр тапшылығы проблемасы да күн тәртібінде. Биыл «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогикасы» мамандығы бойынша 39 университетке 1200 грант бөлінген. Сонымен бірге, бұл жұмысқа 119 колледж үлес қосады. Министрлік өкілі Астана, Алматы қалалары мен Қызылорда, Атырау, Қарағанды облысында педагог жетіспейтінін айтты. Кәсібилік те — басты назарда.

     

  • Сахараны соңғы елу жылда болмаған су басты

    Сахараны соңғы елу жылда болмаған су басты

    Сахараны соңғы елу жылда болмаған су басты. Марокконың оңтүстік-щығысында бір жылдық көлемнен артық жауын жауған. Мамандардың айтуынша, мұндай ауа райы жарты ғасырда болмаған. Аумағы 9,4 млн шаршы шақырымды құрайтын Сахара әлемдегі ең ыстық шөл дала. Жауын-шашынның мұндай көп мөлшері ауа райын өзгертуә мүмкін. Себебі, ауада ылғал көбейсе, бұланып, ол дауылдың тұруына себеп болуы мүмкін.

  • Бразилияда толассыз нөсерден 7 адам қаза тапты

    Бразилияда толассыз нөсерден 7 адам қаза тапты

    Бразилияның халық көп қоныстанған Сан-Паулу қаласында толассыз нөсерден 7 адам қаза тапты. Күшті жел тұрып, 2 миллионнан астам тұрғын электр жарығынсыз қалған. Желдің екпіні сағатына 100 шақырымға жеткен. Ағаштар, ғимараттар қабырғалары құлады. Қазір электр қуатын қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

  • 2026 жылғы «Болашақтың ойындары» Қазақстанда өтеді

    2026 жылғы «Болашақтың ойындары» Қазақстанда өтеді

    2026 жылғы «Болашақтың ойындары» Қазақстанда өтеді. Бұл жөнінде туризм және спорт министрлігі ресми түрде мәлімдеді. Еліміз дәстүрлі спорт түрлері мен киберспортты біріктіретін бірегей турнир өткізу мүмкіндігіне ие болды.  Бұл турнирді өткізу құқығына Қазақстаннан бөлек, Перу мен Чили мемлекеттері үміткер болған еді. Қатысушылар жарыста физикалық және цифрлық форматтарды біріктіретін бағдарламаларда сынға түседі. «Болашақтың ойындарын» Қазақстанда өткізу бастамасын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы Қазан қаласында өткен алғашқы ойындардың ашылу салтанатында ұсынған еді. Келесі жылғы турнир БАӘ-де, ал 2026 жылы Астанада өтетін болып бекітілді.

  • Астанада бір түнде 146 жол апаты тіркелді

    Астанада бір түнде 146 жол апаты тіркелді

    Астанада бір түнде 146 жол апаты тіркелді. Қолайсыз ауа райы салдарынан 12 қазанда 118 жол апаты болған. 12 адам зардап шеккен. Полицияның ақпаратына сәйкес,  13 қазанда тағы 28 оқиға тіркелген. Әлеуметтік желіде Астана қаласында түсірілген кадрлар көптеп тарады. Видеодан көктайғақ салдарынан көліктердің тоқтауы қиынға соғып жатқанын  көруге болады. Қолайсыз ауа-райы әлі де сақталады. Қазгидромет 14 облыс пен Астанада қаласына ескерту жариялады. Мамандардың болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде бұрқасын соғып, көктайғақ болуы ықтимал. Ал, Қарағанды облысында жол қозғалысына шектеу қойылды. Екатеринбургк-Алматы автожолының  Ақсу-Аюлы-Балқаш бағытында автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.  Ал, сахараны соңғы елу жылда болмаған  су басты. Марокканың оңтүстік-щығысында бір жылдық көлемнен артық жауын жауған.

  • Қарағанды облысында жол қозғалысына шектеу қойылды

    Қарағанды облысында жол қозғалысына шектеу қойылды

    Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қарағанды облысында жол қозғалысына  шектеу қойылды.

    «2024 жылғы 14 қазанда сағат 08:30-да ауа райының бұзылуына байланысты “РФ шекарасы(Екатеринбургке) -Алматы” автожолының 1610-1855 шақырымы аралығындағы Ақсу-Аюлы — Балқаш бағытында автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады», — делінген ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясының хабарламасында. 

    Еске салайық, қазгидромет 14 қазанда еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялағанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

     

  • Президент үстел теннисінен Азия чемпионатын тамашалады

    Президент үстел теннисінен Азия чемпионатын тамашалады

    Президентт Қасым-Жомарт Тоқаев үстел теннисінен Азия чемпионатының финалдық ойындарын тамашалады. Додада спортшылар жекелей және жұптық сындарда ойын көрсетті. Астанада өткен біріншілікке 26 елдің 210 спортшысы қатысты. Олардың қатарында Олимпиада және әлем чемпиондары да бар. Финалдық сайыста Қытай құрамасы мен қытайлық Тайбэй құрамасы өзара мықтыны анықтады. Қазақстан ерлер командасы 7-8 орын үшін сайыста Иранды 3:1 есебімен жеңді. Ширек финалда Үндістанға жол берген болатын.

  • Семейде жаңа туған баланы өртеп жіберген

    Семейде жаңа туған баланы өртеп жіберген

    Семей қаласында жаңа туған баланы  қоқысқа тастап, өртеп жіберген. Денесінің 80 пайызы жанып кеткен шақалақ ауруханада қаза болды.

    Абай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктіні іздестіріп жатыр.  Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева нәрестенің сағат 19.40-та көз жұмғанын мәлім етті.

    «Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған. Абай облысындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен байланыста болып отырмын», — деп жазды ол өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында.