Ақмола облысында электровозбен жүк пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып кетті. Оқыс оқиға кеше кешке Сұрған станциясының Есіл-Құсмұрын учаскесінде болған. Зардап шеккендер жоқ. Қазір арнайы комиссия апаттың себебін анықтауда. Оқиға орнынДа қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Қауіпсіздік ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Автор: Аяла Тұрсын
-

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жаңа кассациялық соттар жұмыс істейді
2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда жаңа кассациялық соттар жұмыс істейді.Мәжіліс сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Енді қылмыстық, азаматтық, әкімшік процестік кодекстерге және басқа да заңдарға түзетулер енгізіледі.Сот ісін жүргізудің барлық түріне кассациялық қадағалаудың бірыңғай ережелері енгізіледі. Енді әкімшілік істер бойынша сот актілері апелляциялық шағым жасалғаннан кейін заңды күшіне енеді. Тәуелсіз кассациялық соттардың құрылуына байланысты Жоғарғы Соттың рөлі өзгереді. Сот төрелігін тек жергілікті және кассациялық соттар жүзеге асырады.
«Кассациялық соттапрдың істерді қарау мерзімі 6 айдан аспайтын болады. Сот процессі тараптардың шақырылуымен және ауызша жүргізіледі.Тәуелсіз кассациялық соттардың құрылуына байланысты Жоғарғы Соттың рөлі өзгермек. Оның қызметі сот практикасын зерделеп, қорытуға, және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуына негізделетін болады», — деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты — Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің Снежанна Имашева.
-

Алматы облысында 100 мың теңге пара алған басшы 2 жылға бас бостандығынан айырылды
Алматы облысында 100 мың теңге пара алған басшы 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте мәлім болды.
«Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық соты Ауыл шаруашалық министрлігі Ветеринариялық бақылау комитетінің аудандық аумақтық инспекциясының басшысы С.Б. Ермековке қатысты үкім шығарды.Ол жылқыларды Ресей Федерациясына әкетуге ветеринариялық сертификат бергені үшін кәсіпкерден 100 мың теңге сомасында пара алғаны үшін кінәлі деп танылды», — деді антикордың ресми өкілі Данияр Бигайдаров.
Ведомство өкілінің мәліметінше, сот үкімімен Ермеков мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Оған 2 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
-

Күштібаевтың дауы: сот хатшысымен тағы екі адам сотталуы мүмкін
Талдықорған қалалық полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевқа қатысты сот дауы әлі де сейілер емес. Күштібаевтың өзі қыз зорлады деген айыппен 11 жылға сотталған болатын. Енді осы іске қатысты сот хатшысы мен тағы екі адам сотталуы мүмкін. Оларға қатысты тергеу аяқталды. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті брифингінде мәлім болды.
«Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтық жасады деген күдікпен Талдықорған қалалық сотының сот отырысының хатшысына және екі азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.Хатшы сотта жәбірленушінің айғақтарын Талдықорған қаласы Полиция басқармасының бұрынғы бастығының пайдасына өзгертуге жәрдемдесу деген атпен берілген 40 млн теңгенің жартысын иемденген.Қалған 20 млн теңгені жәбірленуші мен оның серігі соттағы айғақтарды сотталушының пайдасына өзгерту сылтауымен алған», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров.
Брифингте мәлім болғандай, күдіктілерге қатысты соттың санкциясымен «үй қамағына алу» және «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылды.
«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», — деп толықтырды аталған ведомствоның ресми өкілі.
-

Жемқорлықты хабарлағанғандар 15 млн теңгеге дейін сыйақы алады
Жемқорлық фактілері туралы хабарлаған қазақстандықтар 15 млн теңгеге дейін сыйақы ала алады.
Антикордың хабарлауынша, сыйақы көлемі 10%-ға жетеді. Бірақ 4000 АЕК- тен (14 млн 768 мың) аспайды дейді.
«Биыл 9 айда пара беру немесе пара алуы мүмкін фактісі туралы Антикорға хабарлаған 76 азаматқа 28,9 млн теңге көлемінде сыйақы берілді»,- деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров.
-

Қазақстанда жыл соңына дейін 20 мыңнан астам жас әскерге жіберіледі
Олар Қарулы Күштер, Ұлттық ұлан, Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар және Мемлекеттік күзет қызметі құрылымдары қатарын толықтырмақ.
ІІМ өкілінің мәліметінше, елімізде 700 мыңнан аса адам әскер қатарында есепте тұр. Арнайы өткен брифинг барысында әскердегі қауіпсіздік мәселелері мен әскери қызметтен жалтарғандарға қатысты жаза туралы да айтылды.
Мерзімді әскери қызметке шақырылудан бас тартқаны үшін заңнамада қылмыстық және әкімшілік жауаптылық көзделген. Әскери ортада құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін жеке құрам мен жұмысқа жаңа бастамалар енгізілген. Барлық әскери бөлімдерде бейнебақылау жүйелері орнатылған. Тұрақты негізде социологиялық сауалнамалар жүргізіледі, психологтар жұмыс істейді,-деді ҚР қарулы күштері бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бастығының орынбасары Фархат Айдарбаев.Бұдан бөлек, азаматтарды Отан алдындағы борышын өтеуге ынталандырудың жаңа тетіктері талқыланды. Мысалы әскерге шақырылғандарға білім беру саласында жеңілдіктер жасау, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке баратындар үшін кредиттік демалыс беру қарастырылған.
-

Талғардағы жасөспірім өлімі: полиция бейнебақылаудағы жазбалардың өшірілгенін жоққа шығарды
Алматы облысының Полиция департаменті камераға түсіп қалған Талғардағы жанжалдың бейнежазбалары жойылды деген ақпаратты жоққа шығарды.
«Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында Талғар ауданындағы қайғылы оқиға болған жерден бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілді деген жалған ақпарат тарауда.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде барлық қолда бар бейнежазбалар полиция тарапынан тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тіркелгенін хабарлаймыз», — делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қазіргі уақытта тергеу барысында барлық бейнежазбалар зерттеліп, оқиғаға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.
«Тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз және жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке дейін әкелуі мүмкін екенін еске саламыз. Бейненің бар екендігі туралы ақпаратты растау ретінде постқа скриншот қоса беріледі», — деп толықтырды полицияның баспасөз қызметінен.
Еске салайық, 4 қазанда Талғар қаласындағы төбелестен 16 жастағы жасөспірім қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.https://sona.kz/kk/on-alty-zhastagy-sherzattyn-olimi-sot-talgarda-zheti-kuediktini-2-ayga-qamady-8337/
-

Ақбөкен мүйізін тасымалдамақ болған тұрғын 8 жылға сотталды
Қостанай облысында ақбөкен мүйізін заңсыз тасымалдамақ болған күдіктіге сот үкімі шықты
Айыпталушы мүйіздерді Астанадан Қостанайға апармақ болған.
Полицейлер көлікті Әулиекөл тас жолында тоқтатып, 823 ақбөкен мүйізін тапты. Келтірілген шығын көлемі екі миллиард теңгеден асты.
Сот айыпталушыны 8 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. -

2027 жылы Қазақстанда дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді
Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Министр Будапештке сапарында Халықаралық Дзюдо Федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен маңызды кездесу өткізді.«2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы келісімге келдік. Бұл еліміз үшін үлкен абырой, әрі қазақстандық спортшылар үшін үлкен мүмкіндік болмақ. Өйткені чемпионат Лос Анджелес олимпиадасының қарсаңында өтеді», — деп атап өтті Мырзабосынов.Сонымен қатар, Халықаралық дзюдо федерациясы академиясының өкілдігін Қазақстанда ашу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
-

Маймыл шешегі: Конгода жұқтырғандар саны 30 мыңнан асты
Конго Демократиялық Республикасында қаңтардан бері маймыл шешегін жұқтырғандар саны 30 мыңнан асып кеткен. Бұл — Африка контиНентінде осы аурумен биылдыққа ауырғандардың 90 пайызы. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Қазір инфекцияның таралуын тоқтату үшін Солтүстік және Оңтүстік Киву провинцияларында халықты вакциналау науқаны жүргізіліп жатыр. Сол үшін елге 265 мың дана екпе жеткізілген. Бірақ мұнша екпе аздық етіп отыр. Айта кетсек, тамызда осы індетке байланысты халықаралық деңгейде төтенше жағдай жарияланғаны белгілі
