Автор: Дана Альсеитова

  • Алматы облысында зиратты бүлдірген вандал ұсталды

    Алматы облысында зиратты бүлдірген вандал ұсталды

    Оқиғаға қатысты вандализм бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталды.

    Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ол мұны діни көзқарасына сүйеніп жасаған. Қоғамдық резонанс тудырған оқиғаға байланысты полиция тексеру жүргізіп жатыр.

    Әлеуметтік желіде күдіктінің белгілі бір діни ағымға қатысы бар деген ақпарат тарады. Алайда, полиция бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын хабарлап, жалған ақпарат таратпауға шақырды.

  • Атырауда мемлекеттік туға қатысты даулы фото үшін тергеу басталды

    Атырауда мемлекеттік туға қатысты даулы фото үшін тергеу басталды

    Суретте қара киімдегі төрт адам Қазақстанның мемлекеттік туын өзгертілген нұсқада ұстап тұр. Тудың бетіне араб жазуына ұқсас белгілер салынған.

    Бұл жайт қоғамда үлкен резонанс тудырып, полиция мемлекеттік рәміздерді қорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

    “Аталған фотоның таралуына байланысты тергеу басталды. Төрт күдікті анықталып, полицияға жеткізілді. Тергеу мүддесіне сай басқа ақпарат жарияланбайды”, – деп мәлімдеді Атырау облыстық ПД.

  • Түркістан облысында балалар порносын сатқан топ ұсталды

    Түркістан облысында балалар порносын сатқан топ ұсталды

    Желіде фото мен видео 2500 теңгеге сатылған. Каналдың 8012 жазылушысы бар, олардың көбі – Қазақстан мен ТМД елдерінен.

    Ұйымдастырушылар мен дропперлер анықталып, күдіктілер ұсталды. Басты ұйымдастырушы бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған, қазір қамауда.

    Прокуратура Telegram-дағы 8 мың жазылушының әрекеттерін тексеріп жатыр.

  • Ресейде бизнес-серігін өлтірді деген күдікпен қазақстандық ұсталды

    Ресейде бизнес-серігін өлтірді деген күдікпен қазақстандық ұсталды

    Павлодар облысының прокуратурасының үйлестіруімен Краснояр өлкесінде бизнес-серігін өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды.

    Күдіктіні экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл қылмыс үшін 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Бұған дейін Павлодарда 52 жастағы кәсіпкердің жоғалғаны хабарланған. Бір күннен астам іздеуден кейін ол өлі күйінде табылып, қылмыстық іс қозғалды.

  • Талдыкорғанда 1,6 млрд теңге жымқырған шенеуніктер сотталды

    Талдыкорғанда 1,6 млрд теңге жымқырған шенеуніктер сотталды

    Сарқан ауданының білім бөлімінің бас бухгалтері мен бірнеше қызметкері бюджет қаражатын қызметкерлердің шоттарына артық аударып, 1,6 млрд теңге жымқырған. Антикор оларды екі қытай сөмкесі толы ақшамен ұстаған видеоны жариялады.

    Сот бас бухгалтерді 8 жылға, екі бухгалтер мен “Қазпошта” өкілін 7 жылға соттады. Бақша меңгерушісі мен аудитор ірі көлемде айыппұл арқалады. Барлығы мемлекеттік қызметке орналасу құқығынан өмір бойына айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

  • Депутат: Медицинадағы қаржы жымқыру қатаң жазалануы керек

    Депутат: Медицинадағы қаржы жымқыру қатаң жазалануы керек

    Депутат Бақытжан Базарбек медициналық ұйымдардың бюджет қаражатын жымқыруы Қылмыстық кодекспен реттелуі тиіс деп мәлімдеді. Қазір бұл мәселе тек министр бұйрығымен бақыланады, ал құжатта келісімшартты бұзу немесе құқық қорғау органдарының араласуы қарастырылмаған.

    Акмарал Әлназарова мәселені мойындап, тиісті шаралар қабылданатынын айтты.

  • Қазақстандықтар білім жинақтау жүйесі бойынша алғашқы төлемдерін алды

    Қазақстандықтар білім жинақтау жүйесі бойынша алғашқы төлемдерін алды

    Бағдарлама білімге қаржы жинауға мүмкіндік беріп, 5-7% мемлекеттік сыйақы қарастырады.

    2025 жылы 5 жасқа толатын балаларға – 60 АЕК (235 920 теңге), жетім балаларға 120 АЕК (471 840 теңге) бастапқы капитал беріледі. Жинақ теңгеде – 8%, долларда – 4,2% табыстылықпен жүргізіледі.

    Грантқа түскен жағдайда қаражатты шешіп алуға немесе басқа отбасы мүшесіне аударуға болады. Келісімшарт «Евразия» сақтандыру компаниясында рәсімделеді.

  • Қазақстанда Қадір түні өтеді

    Қазақстанда Қадір түні өтеді

    Мешіттер жамағатқа есігін ашып, намаздар, Құран оқу және қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады.

    Қауіпсіздік үшін ірі қалаларда полиция мен медицина қызметкерлері кезекшілік етеді.

    Ислам сенімі бойынша, бұл түні жасалған дұға мен жақсылықтар мың айлық ғибадатқа тең.

  • Еңбекке жарамсыздық жәрдемақысы қалай төленеді?

    Еңбекке жарамсыздық жәрдемақысы қалай төленеді?

    Комитет өкілі Талант Ермановтың айтуынша, сырқаттанған қызметкерге жұмыс беруші өтемақы төлеуге міндетті. Ол ресми еңбекке жарамсыздық парағы негізінде есептеледі.

    Жәрдемақы мөлшері қызметкердің орташа күндік жалақысына негізделіп, жұмысқа шықпаған күндерге төленеді. Заң бойынша оның ең жоғары сомасы – 98 300 теңге (25 АЕК).

  • Утильалымнан түскен қаржы қоқыс өңдейтін зауытқа жұмсалады

    Утильалымнан түскен қаржы қоқыс өңдейтін зауытқа жұмсалады

    Қазақстанда утильалымнан түскен қаражат қоқыс өңдейтін зауыттарды қолдауға бағытталады. Бұл шешім қазіргі және ұсынылатын тарифтер арасындағы айырмашылықты өтеу мақсатында қабылданды. Қоршаған ортаны қорғау министрлігі утильалым қаражатын қалдықтарды өңдеу инфрақұрылымын дамытуға және экологиялық жобаларды қаржыландыруға жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл шаралар қалдықтарды тиімді басқаруға және экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.