Рубрика: Әлем жаңалықтары

  • Зеленский Трамппен қайта келіссөздер жүргізуге ниетті

    Зеленский Трамппен қайта келіссөздер жүргізуге ниетті

    Украина президенті Владимир Зеленский Ақ Үйде Трамппен кездесу өзі жоспарланғандай болмағанын, бірақ Трамппен жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

    Украина соғысты ертерек тоқтатуды, бейбітшіліктің үстемдік құруын қалайды. Алғашқы қадамдар ретінде ол тұтқындарды босатуды және зымырандық соққылар мен энергетикалық шабуылдарды болдырмайтын «әуе мен теңіздегі бітімгершілікті» ұсынды.

    Зеленский АҚШ-пен бейбіт келісімге келуге үміт білдірді.

    «Ешқайсымыз шексіз соғысты қаламаймыз. Украина мүмкіндігінше тезірек келіссөздер үстеліне отыруға дайын, бұл тұрақты бейбітшілікке жақындатады», – деп мәлімдеді ол.

     

  • Трамп Украинаға әскери көмек беруді тоқтатуды бұйырды

    Трамп Украинаға әскери көмек беруді тоқтатуды бұйырды

    АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға барлық әскери көмекті тоқтата тұруға бұйрық берді. Бұл туралы америкалық БАҚ жазды.

    Д.Трамп бұл шешімді Украина президенті В.Зеленскиймен кездесуден бірнеше күн өткенннен кейін қабылдады.

    «Бұл көмектің берілуі толық тоқтатылды деген сөз емес, бұл – уақытша шара», – деп хабарлайды Fox News әкімшілік өкіліне сілтеме жасап.

    Bloomberg пен Fox News жазуынша, тиісті шаралар Трамп Украина басшылығының бейбітшілікке деген ұмтылысына көз жеткізбейінше жалғасуы мүмкін.

    Бұл шешім Украинаға жеткізілмеген барлық америкалық әскери жабдыққа, соның ішінде Польша арқылы транзитті күтіп тұрған қару-жараққа қатысты екенін хабарлады бұқаралық ақпарат құралдары.

     

  • «Оскар» сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды

    «Оскар» сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды

    Лос-Анджелесте Оскар сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Салтанатты марапаттау рәсімі 97-ші рет өтті.

    Кешті продюсер, әзілкеш Конан О ‘ Брайен жүргізді.

    «Оскар» сыйлығының басты жеңімпазы Шон Бейкердің «Анора» фильмі болды. Аталмыш фильм бес номинацияны жеңіп алды.

    «Үздік фильм» — «Анора»

    «Үздік режиссер» — Шон Бейкер («Анора»)

    «Үздік актриса» — Мики Мэдисон («Анора»)
    «Үздік актер» — Эдриан Броуди («Бруталист»)
    «Үздік ән» — El Mal («Эмилия Перес»)
    «Үздік музыка» — «Бруталист»
    «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» — Киран Калкин («Настоящая боль»)
    «Үздік шетелдік фильм» — «Я все еще здесь» (Бразилия)
    «Үздік бейімделген сценарий» — Питер Строхан («Конклав»)
    «Үздік түпнұсқа сценарий» — Шон Бейкер («Анора»)
    «Екінші пландағы үздік әйел адам рөлі» — Зои Салдана («Эмилия Перес»)
    «Үздік анимациялық фильм» — «Flow» («Поток»)
    «Үздік операторлық жұмыс» — «Бруталист»
    «Үздік монтаж» — «Анора»
    «Үздік көркемдік қоюшы жұмысы» — «Злая: Сказка о ведьме Запада»
    «Үздік деректі фильм» — «Нет другой земли»
    «Үздік грим және шаш үлгісі» — «Субстанция»
    «Үздік костюм дизайны» — «Злая: Сказка о ведьме Запада»
    «Үздік дыбыс» — «Дюна: Часть вторая»
    «Үздік визуалды эффектілер» — «Дюна: Часть вторая»
    «Үздік қысқаметражды анимациялық фильм» — «В тени кипариса»
    «Үздік қысқаметражды деректі фильм» — «Единственная девушка в оркестре»
    «Үздік көркем қысқаметражды фильм — «Я не робот».

     

  • Трамп пен Зеленский келіспей қалды

    Трамп пен Зеленский келіспей қалды

    АҚШ президенті Дональд Трамп пен  Украина басшысы Владимир Зеленский арасында сирек кездесетін металдар бойынша келісім жасау үшін Вашингтонда кездесу өткізді.

    Келіссөз барысында Трамп Украина президентіне Ресеймен келіссөздерде компромисс жасау қажеттігін айтып, АҚШ-пен келісім жасауды ұсынды. Ол Вашингтонның Мәскеумен бейбіт келісім шарттарын талқылай бастағанын мәлімдеді.

    «Мен президент Путинмен сөйлестім, біз бұл мәселені сіздер мен оған да тиімді шешімге келтіруге тырысамыз. Біз келісімге келуіміз керек. Оның аясын анықтап қойдық, және менің ойымша, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге болады», – деді Трамп. Ол Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тоқтату қажет екенін атап өтті.

    Трамп келісімге келу қиын болатынын айтты.

    «Сіз не келісім жасайсыз, не болмаса біз бұл процестен шығамыз, ал сіздерге соғысуды жалғастыруға тура келеді. Бірақ сіздердің қолдарыңызда айтарлықтай күшті карталар жоқ», – деді ол.

    Трамп Зеленскийге АҚШ-тың көмегін бағалау керектігін ескертті.

    “Біз сізге 350 миллиард бердік. Сіз қазір қиын жағдайдасыз. Сіз «мен соғысты тоқтатқым келмейді» деп айта алмайсыз. Біздің қаруымыз болмаса, бұл соғыс бірден аяқталатын еді. Сіздер алғыс білдірулеріңіз керек. Бірақ сіздер оны көрсетпейсіздер. Бұл жақсы емес»,  – деді Трамп Зеленскийге.

    Зеленский Вашингтонның соғысты реттеу үшін не істей алатыны туралы талқылағысы келетінін білдірді. Ол «біз бірге бұл соғысты тоқтата аламыз» деген үмітін жеткізді және Украинаға америкалық әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері қажет екенін атап өтті.

    Трамппен кабинетінде сөзталас болғаннан кейін Зеленский Ақ үйден жоспарланған уақыттан бұрын кетіп қалды. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.

    Келіссөздерден кейін жоспарланған баспасөз конференциясы да тоқтатылды.

    Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуден кейін өз пікірін білдірді.

    «Бүгін Ақ үйде өте маңызды кездесу өтті. Біз мұндай қысым мен шиеленіс жағдайында әңгімелеспейінше түсіну мүмкін емес нәрселерді білдік. Мен Зеленский мырзаның бейбітшілікке дайын емес екенін анықтадым. Себебі, ол Америка келіссөздерге араласса, үлкен артықшылық береді деп есептейді. Маған артықшылықтың қажеті жоқ, мен бейбітшілік орнағанын қалаймын. Ол бейбітшілікке дайын болғанда ғана қайта орала алады», – деді Трамп.

  • Қайтыс болған адамның үйінде мал сойып, ас беруге тыйым салынды

    Қайтыс болған адамның үйінде мал сойып, ас беруге тыйым салынды

    Елдің мүфтияты осындай пәтуа шығарды. Осылайша көршілес ел ысырыпшылдықпен күрескелі жатыр.

    Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының айтуынша, Ислам шариғаты бойынша қайтыс болған адамды жерлеген үйде үш күнге дейін жоқтау айтылып, туған-туыс пен көрші-қолаң оларға көңіл айтады.

    «Олар мал соймайды, тамақ бермейді. Қайғылы жағдай болған үйдің көршілері осы үйдегі адамдарға көңіл айтып, ал туыстары тамақ әкеледі. Бұл – көршілер мен туыстардың міндеттері», – дейді жергілікті мүфтият. 

    Мүфтияттың түсіндіруінше, марқұмның артында жас балалар қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда жерлеу рәсіміне келушілер үшін мал сойып, тамақ беруге тыйым салынады.

  • Қытайда жарқанаттан жаңа коронавирус табылды

    Қытайда жарқанаттан жаңа коронавирус табылды

    Қытай ғалымдары HKU5-CoV-2 деп аталатын жаңа коронавирус түрін анықтады. Бұл штамм Гонконгтегі жапондық ергежейлі жарқанаттардан табылған.

    Ғалымдардың айтуынша, вирус тез жұғалы және адамға тікелей немесе аралық тасымалдаушылар арқылы берілуі мүмкін.

    Жаңа вирус қандай ауру тудырады?

    HKU5-CoV-2 коронавирусы Таяу Шығыс респираторлық синдромын (MERS) қоздыруы мүмкін. Бұл ауру қатты жөтелмен қатар пневмония сияқты асқынуларға әкеледі. Бұған дейін COVID-19 вирусы да осындай ауыр тыныс алу жолдарының ауруларын тудырғаны белгілі.

    Зерттеу қайда жасалды?

    Зерттеу жұмыстарына Ухань вирусология институтының мамандары қатысқан. Бұл институт пандемияның алғашқы кезеңінде коронавирустың зертханадан таралуына қатысты айыптауларға ұшыраған еді. Зерттеу нәтижелері South China Morning Post басылымында жарияланды.

    Қауіп бар ма?

    Вирусологтар қазіргі уақытта жаңа вирусқа байланысты эпидемиялық қауіп жоқ екенін мәлімдеді. Алайда оның нақты қаупін анықтау үшін қосымша зерттеулер қажет. Ғалымдар вирустың адамға таралу мүмкіндігін толық зерттемейінше, болашақта қандай қауіп төндіретіні белгісіз.

  • Украина президенті Түркияға барды

    Украина президенті Түркияға барды

    Владимир Зеленский Анкараға Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен барған. Мұны Түркия Президенті әкімшілігінің өкілі Фахреттин Алтун айтып отыр.

    Сапар барысында екі елдің стратегиялық әріптестігі мен ынтымақтастығын нығайту талқыланады. Ең бастысы, көшбасшылар Украинадағы соңғы оқиғалар және басқа да аймақтық, жаһандық мәселелер туралы пікір алмасады деп жоспарланған.

    17 ақпанда елдің СІМ-нің басшысы Хакан Фидан Анкара Украинадағы бейбітшілікті нығайту және елді қалпына келтіру үшін кез келген рөл атқаруға дайын екенін хабарлаған еді. Оның сөзінше, келісімге келу оңайға соқпайды.

    – Идеалды әлемде біз Украинаның аумақтық тұтастығын сақтағымыз келеді. Бірақ қазір, өкініштісі сол жағымсыз шешімдер қабылдауға тура келеді. Қазір тараптар бұл таңдауды жасауға тырысуда: олар не бере алады, нені сақтай алады, кейінірек не туралы сөйлесуге болады, – деді ол.

    Фидан сондай-ақ, қақтығыстың барлық қатысушысы, соның ішінде тікелей соғыспайтындар да өз басымдықтарын бірінші орынға қоятынын атап өтті.

    Зеленский әлеуметтік желісінде Түркияға ресми сапары аясында тұтқындардың үйіне оралуын, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін талқылау жоспарланғанын жеткізді.

    Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

  • Торонто әуежайында жолаушылар ұшағы аударылды

    Торонто әуежайында жолаушылар ұшағы аударылды

    Торонтода қонуға дайындалып келе жатқан ұшақ аударылып, 18 адам зардап шекті, деп хабарлайды РИА Новости басылымы.

    Delta Air Lines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Канаданың Торонто қаласындағы Пирсон халықаралық әуежайына қонар кезде апатқа ұшырады.

    Ұшақ дүйсенбі күні Миннеаполистен ұшып шығып, жергілікті уақыт бойынша сағат 14:45 шамасында апатқа ұшырады. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, жарақат алғандардың үшеуінің жағдайы ауыр, олардың арасында бір бала бар. Қалған зардап шеккендер жеңіл жарақаттармен жергілікті ауруханаларға жеткізілген.

    АҚШ-тың федералды азаматтық авиация басқармасы ұшақтың қону кезінде аударылғанын растады. Ал Канаданың көліктегі қауіпсіздік кеңесі бұл оқиғаның тергеуін өз мойнына алып, жағдайға қатысты қосымша ақпаратты жариялайтынын мәлімдеді.

    Торонто әуежайындағы ұшу-қону жолақтары сейсенбіге дейін жабық болады. Қазіргі таңда құзырлы органдар апаттың нақты себебін анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

    Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

  • Грекияда жаңа президент сайланды

    Грекияда жаңа президент сайланды

    Грекия парламенті «Жаңа демократия» билеуші консервативті партиядан кандидат, парламенттің бұрынғы спикері Константинос Тасуласты президент етіп сайлады.

    К. Тасуласты сайлау биліктегі президент Катерина Сакелларопулудың құзіреті 13 наурызда аяқталуына байланысты парламентте төртінші рет дауыс беру арқылы өтті.

    Болашақ президент 160 дауыс жинады. Дауыс беруге парламенттің 300 мүшесінен 276-сы қатысты. Кандидат 151 дауыс жинағаны белгілі болды. Парламенттегі 300 орынның 156-сы билеуші «Жаңа демократия»партиясының депутаттарына тиесілі.

    Президентті ұлықтау рәсімі биліктегі президент Катерина Сакелларопулудың билеу мерзімі бітетін күн – 13 наурызға жоспарланған.

  • Әзербайжан ұшақ апаты бойынша Ресейді сотқа бермек

    Әзербайжан ұшақ апаты бойынша Ресейді сотқа бермек

    Әзербайжан Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines (AZAL) әуекомпаниясының жолаушы ұшағы апатына байланысты Ресейді халықаралық сотқа бермекші. Бұл туралы Әзербайжанның «АПА» ақпарат агенттігі хабарлады.

    Әзербайжан билігі Қазақстанның көлік министрлігі ұшақ апаты жайлы алдын ала есепті жарияланғаннан кейін де Ресей тарапының оқиғаға «біржақты пікір беруді» жалғастырып жатқанына наразы.

    Баку «ресейлік шенеуніктер, сарапшылар мен бұқаралық ақпарат құралдары оқиғаға Ресейдің қатысы бар екенін жоққа шығаруды жалғастырып, кінәні экипаждың мойнына ілгісі келіп отыр» деп есептейді. Биліктің пікірінше, Ресейдің мұндай тактикасы 2014 жылы ресейлік «Бук» зенит-зымыран кешені Донбасс аспанында атып құлатқан малайзиялық Boeing 777 жолаушы ұшағы апатын еске түсіреді.

    AZAL ұшағына қатысты бұйрық берген және оны атқан адамдар, сондай-ақ қару түрі туралы ақпарат Әзербайжан билігінде бар деп жазды «АПА» агенттігі. Әзербайжан тарапын Мәскеудің «тергеуді басқа бағытқа бұруға және кінәні экипажға артуға» деген талпынысы қынжылтады дейді басылым.

    Ресми Баку «Ресеймен диалогқа есік ашық. Мәскеу кінәсін ашық мойындап, жауапкершілікті мойнына алуы керек», – деді.