Рубрика: Аймақ

  • Қарқаралыда 21 мың гектар аумақ өртеніп жатыр

    Қарқаралыда 21 мың гектар аумақ өртеніп жатыр

    Қарағанды облысы ТЖД мәліметінше, өртті сөндіруге Астана қаласы, Павлодар, Абай облыстарының ТЖД және ТЖМ 68303 ә/б, орман шаруашылығының құтқарушы топтары және жергілікті ерікті өрт сөндірушілері 236 адам көмекке келді.

    Өртті оқшаулауға 42 техника, 2 әуе кемесі, 3 ұшқышсыз аппарат жұмылдырылды.

    Ал ТЖМ-ның соңғы мәліметінде Павлодар облысы Баянауыл ауданы аумағындағы 10 мың га дала өрті оқшауланғаны хабарланды.

    Еске салайық, Баянауылда жер өртеніп, ауыл тұрғындары қауіпсіз аумаққа көшірілді.

    Қарағандының Павлодар облысымен шектесетін аумағынан келген өрт қатты желдің салдарынан тілсіз жау Баянауыл ауданына өтіп кеткен. Күркелі ауылдық округіне қарайтын Желтау бөлімшесі мен Бәйнеке қыстағының аумағында өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.

    Бір өрт сөндіруші ауруханада қайтыс болған. Одан бөлек тағы 3 адам зардап шеккен. Олар Қарағанды облысының тұрғындары — екі өрт сөндіруші және бір ерікті.

    ҚР ТЖМ Командалық орталығында жедел штаб құрылды. Құтқарушылар тобына қосымша күш жіберілді. Өртті сөндіруге Қарағанды мен Павлодардан 183 адам, 56 арнайы техника және 4 тікұшақ жұмылдырылғанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

  • Атырау облысында жігіт ата-анасын өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған

    Атырау облысында жігіт ата-анасын өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған

    Алдын ала мәлімет бойынша, 25 жастағы жігіт қарт ата-анасын өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Ер адам өзін-өзі өлтірмес бұрын «Мені кешіріңіздер» деген жазба қалдырған. Қылмыс орнынан пышақ пен қан балға табылды.

    «Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада.

  • Қостанай облысындағы диірменде төрт адам қаза тапты

    Қостанай облысындағы диірменде төрт адам қаза тапты

    Қостанай облысының Рудный қаласындағы диірмендердің бірінде төрт адам қаза тапты. Олар тереңдігі 5 метрлік бункерді тазалауға түскен.  Қайта шықпай қалған. Бункерде ес-түссіз жатқан жұмысшыларды төтенше жағдай қызметкерлері алып шықты. Қазір жұмысшылардың өліміне нақты не себеп болғаны анықталып жатыр.

  • Көкшетауда шетелдік жүк көліктерін заңсыз тіркегендер сотталды

    Көкшетауда шетелдік жүк көліктерін заңсыз тіркегендер сотталды

    Көкшетауда шетелдік жүк көліктерін заңсыз тіркеген халыққа қызмет көрсету орталығының бұрынғы қызметкері 5 жылға сотталды. Ол ұзақ уақыт бойы жалған құжаттар жасап, 68 темір тұлпарға мемлекеттік нөмір таққан. Осылайша мемлекетке 448 миллион теңге шығын келтірген. Көкшетау қалалық сотының мәліметінше, бұл іске қатысы бар тағы екі адам 5 және 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

  • Халықаралық байқаушы:референдум жоғары деңгейде өтіп жатыр

    Халықаралық байқаушы:референдум жоғары деңгейде өтіп жатыр

    «Республикалық референдум жоғары деңгейде өтіп жатыр». Астанаға келген шетелдік байқаушылар бүгінгі науқанға осылай баға берді. Олардың айтуларынша, таңнан бері бірнеше учаскеде болған. Қала тұрғындары бұл науқанның маңызды екенін түсініп, белсенді қатысып жатыр дейді. Сондай-ақ, көпшілігі отбасымен келіп, үлкен қызығушылық танытуда. Комияссия мүшелері де. тас түйін дайын келген.

    «Таңнан бері 5-6 дауыс беру учаскесінде болдық. Кешке дейін дәл солай бірнеше учаскеге барамыз. Бұған дейін 60 елде байқаушы болды. Қазақстанда, менің байқағаным, референдум жоғары деңгейде өтіп жатыр. Әсіресе, халық белсенді. Бәрінде мерекелік көңіл-күй», — деді халықаралық байқаушы Ираклий Хорбаладзе.

    Бүгінгі референдумды әлемнің 30 елінен 177 байқаушы қадағалауда.  Олар Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі, Франция, Ресей, Испания, Қытай, Беларусь, Грузия, Жапония сынды 30 мемлекеттен келген өкілдер. Одан бөлек, 4 халықаралық ұйымның өкілдері қатысуда. Бұл қатарда Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Түркі мемлекеттерінің ұйымы мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес бар. Сондай-ақ референдумда 37 мемлекеттен 200 шетелдік журналист хабар таратып жатыр.

  • Референдумда дауыс бергендер саны 7,5 млннан асты

    Референдумда дауыс бергендер саны 7,5 млннан асты

    АЭС бойынша референдумда 7,5 млн адам өз таңдауын жасады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов айтты.

    Комиссия мүшесінің атап өтуінше, сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 7 537 675 азамат бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 61,56 пайызын құрайды.

    Оның ішінде:

    1. Абай облысы бойынша – 64,24%

    2. Ақмола облысы бойынша – 68,98%

    3. Ақтөбе облысы бойынша – 72,31%

    4. Алматы облысы бойынша – 67,77%

    5. Атырау облысы бойынша – 60,8%

    6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 64,41%

    7. Жамбыл облысы бойынша – 57,76%

    8. Жетісу облысы бойынша – 64,24%

    9. Қарағанды облысы бойынша – 69,48%

    10. Қостанай облысы бойынша – 70,99%

    11. Қызылорда облысы бойынша – 79,87%

    12. Маңғыстау облысы бойынша – 51,38%

    13. Павлодар облысы бойынша – 62,51%

    14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 63,72%

    15. Түркістан облысы бойынша – 74,23%

    16. Ұлытау облысы бойынша – 67,77%

    17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 72,58%

    18. Астана қаласы бойынша – 49,35%

    19. Алматы қаласы бойынша – 22,91%

    20. Шымкент қаласы бойынша – 68,89%

    Еске салайық, бүгін қазақстандықтар атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумда дауыс беріп жатыр.

    Республикалық референдум бюллетенінде бір ғана сауал болады:

    – Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе ?

    Дауыс беруші жауаптың екі нұсқасының бірін таңдайды:

    – «Иә, келісемін» немесе, «Жоқ, келіспеймін».

    1 шілдедегі жағдай бойынша ел көлемінде 12 176 968 адам референдумда дауыс беруге құқылы

     

  • Алматы облысында Атомбек есімді сайлаушы дауыс берді

    Алматы облысында Атомбек есімді сайлаушы дауыс берді

    Ер адам Алматы облысы Талғар ауданында тұрады. «Оның есімі символдық түрде ағымдағы оқиғаны – атом электр станциясының құрылысына қатысты мәселе бойынша дауыс беруді білдіреді», – делінген телеарна мәлімдемесінде.

    Сайлаушының өзі айтқандай, бұл күн ол үшін дауыс беру күні ғана емес, өз жауапкершілігінің көрінісі ретінде де маңызды болды.

    Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда қанша адам атом есімімен ерекшеленетінін бөліскен болатын.

     

  • Референдумда Үлкен ауылының халқы белсенділік танытуда

    Референдумда Үлкен ауылының халқы белсенділік танытуда

    Сағат 14:00-де Жамбыл ауданы (Алматы облысы) Үлкен ауылындағы №332 референдум учаскесінде тұрғындардың 70 пайыздан астамы дауыс берді. Ауыл тұрғындарының белсенділігі таң қалдырады: қазірдің өзінде 775 адам дауыс беріп үлгерді.

    «Бүгін біз референдумның барлық қазақстандықтар үшін маңыздылығын байқап отырмыз, сайлау учаскесінде бәрі әдеттегідей өтуде, ешқандай заң бұзушылықтар тіркелген жоқ», — деп атап өтті Үлкендегі референдум учаскелік комиссиясының төрағасы Әлия Үкібаева.

    Алматы облысында барлығы 643 референдум өткізу учаскесі ашылып, жұмысы тоқтаусыз жалғасуда. Республикалық референдумды өткізуге 655 референдум комиссиясы қатысады, оның ішінде облыстық және 11 аумақтық комиссиялар бар.

  • Референдум: 6 млн 339 мың адам дауыс берді

    Референдум: 6 млн 339 мың адам дауыс берді

    Комиссия мүшесінің атап өтуінше, 14:00–дегі жағдай бойынша 6 339 425 азамат бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 51,77 пайызын құрайды.

    АЭС бойынша референдум барысында 6 млн 339 мың адам дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты.

    Оның ішінде:

    1. Абай облысы бойынша — 52,99%
    2. Ақмола облысы бойынша — 54,91%
    3. Ақтөбе облысы бойынша — 52,85%
    4. Алматы облысы бойынша — 59,32%
    5. Атырау облысы бойынша — 52,91%
    6. Батыс Қазақстан облысы бойынша — 50,52%
    7. Жамбыл облысы бойынша — 48,80%
    8. Жетісу облысы бойынша — 55,42%
    9. Қарағанды облысы бойынша — 59,92%
    10. Қостанай облысы бойынша — 61,54%
    11. Қызылорда облысы бойынша — 54,13%
    12. Маңғыстау облысы бойынша — 46,19%
    13. Павлодар облысы бойынша — 49,18%
    14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша — 48%
    15. Түркістан облысы бойынша — 67,38%
    16. Ұлытау облысы бойынша — 59,65%
    17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 61,73%
    18. Астана қаласы бойынша — 45,19%
    19. Алматы қаласы бойынша — 16,91%
    20. Шымкент қаласы бойынша — 64,38%

  • Референдумда дауыс бергендердің саны 4,8 млн адамға жетті

    Референдумда дауыс бергендердің саны 4,8 млн адамға жетті

    Сағат 12:00 бойынша азаматтардың келуі туралы ақпарат

    Референдумда дауыс бергендердің саны 4,8 млн адамға жетті.