Рубрика: Аймақ
-

Жайық өзеніне үш жасөспірім батып кетті
Жайық өзеніне үш жасөспірім батып кетті
Құтқарушы сүңгуірлер екеуінің денесін судан шығарды. Қайғылы оқиға кеше кешкісін Береке ауылында болған.
Төтенше жағдай қызметкерлері 15-16 жас аралығындағы үш жасөспірім шомылуға рұқсат етілмеген жерде суға түскенін анықтады.
Сүңгуірлер үшінші баланы әлі іздеп жатыр. -

Қоғамның жағасын ұстатқан қызылордалық оқушы қыздың ісіне қатысты 8 күдікті қамалды
Қоғамның жағасын ұстатқан қызылордалық оқушы қыздың ісіне қатысты 8 күдікті қамалды
Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеген қылмыстық іс бойынша күдіктілер саны 9-ға жетті. Қазір соның сегізі сот шешімімен уақытша абақтыға, бір күдікті үй қамаққа алынды.
Құқық қорғау органдары қоғамда үлкен дау туғызған іс әлі тергеліп жатқанына байланысты, мән-жайды ашып айтпады. Белгілісі зәбір көрген қыз қаладағы 7-ші мектептің оқушысы болған. Бастапқыда сыныптастары, одан кейін өзгелер де қосылып, 6 ай бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Қазір қылмыстық іс бойынша 9 адам күдікті ретінде тергеліп жатыр. -

Алматы облысының кадрлық резервіне іріктеудің соңғы кезеңі өтті
20-21 тамыз аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы, Арсен Жакуповтың төрағалығымен Алматы облысы кадр резервіне іріктеудіңоблыстық кадр комиссиясындағы құрылымдық сұхбат кезеңі өтті.
Өңірлік кадрлық резервке іріктеудіңбастапқы кезеңінде 237 адам қатысты.
Құрылымдық сұхбат кезеңіне 35 үміткер өтіп Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайын және өңірдің мемлекеттік басқару жүйесін дамытудың басымдықтарын ескере отырып белгіленген 4 базалық бағыттың бірін таңдап әзірлеген жобаларымен комиссияны таныстырды.
Сұхбат барысында үміткерлер агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары, экономика және қаржы, цифрландыру, әлеуметтік сала бағыттары бойынша жобаларын таныстырып, күтілетін нәтижелерді баяндады.
Комиссия үміткерлерді 3 критерий бойынша бағалады: аналитика; білім тереңдігі; коммуникативтік дағдылар.
Комиссия шешімімен 25 адамрезервке қабылданатын болады.
Іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін құрылымдық сұхбат жүргізу кезеңінде қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен салалық сарапшылар тартылды.
Облыстық кадр комиссиясыныңкелесі мүшелері қатысты:
Жакупов Арсен Абзалұлы — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;
Мәдіғұлов Мұрат Бақыткерімұлы – Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы;
Байғоджаев Қуат Сұлтанұлы – Алматы облысы мәслихатының хатшысы;
Мұсаев Мейрам Мирзанович – Алматы облысы тексеру комиссиясының мүшесі;
Копдикбаев Болат Исаханович — Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы, комиссия хатшысы.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 1 наурыздан мемлекеттік қызметке жас мамандарды тарту, жауапты лауазымдарға білікті азаматтарды тағайындау мақсатында Өңірлік кадрлық резерв жобасы жүзеге асырылуда.
Резервте болу мерзімі – 2 жыл. Осы кезеңде резервшілер сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдарда «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына заңнамада белгіленген тәртіппен тағайындалуы мүмкін.
-

Қарасораны өсіріп, есірткі сатқан бір топ адам 12 жылға сотталды
Қарасораны өсіріп, есірткі сатқан бір топ адам 12 жылға сотталды
Алматы қаласы мен Алматы облысында есірткі заттарын сатқан, бір топ адам сотталды
Бостандық ауданының прокуратурасы есірткілерді өндіріп, сатқан бір топ адамға қатысты мемлекеттік айыптауды қолдады.«X» азаматы 3 жыл бойы тұрғын үйінің ауласында қарасора бұталарын өсірген.
Оның сыбайластары өсірілген марихуананы алып, оны орап, сатумен айналысқан.
«Мемлекеттік айыптаушының ұстанымын ескере отырып, сот сотталушылардың мүлкілерін тәркілей отырып, 12 жылға бас бостандығынан айырды», — делінген Алматы прокуратурасының хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
«Қала прокуратурасы азаматтарды күмәнді табыс ұсыныстарына түспеуге шақырады», — деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.
-

Ұлытауда ҚАЖК жүйесінің 11 қызметкері азаптау қолданғаны үшін сотталды
Ұлытауда ҚАЖК жүйесінің 11 қызметкері азаптау қолданғаны үшін сотталды
2024 жылғы 30 шілдесінде қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 Мекемесінде (бұдан әрі — Мекеме) жазасын өтеп жатқан 11 сотталғандарды азаптау қолдану фактісі бойынша осы Мекеменің 7 және ҚР Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің (бұдан әрі — Әскери бөлім) 4 қызметкерлеріне қатысты үкім жарияланды. Қылмыстық істі Ұлытау облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеді.
Прокурорлар 11 сотталғандарға қатысты кінәлі қызметкерлердің азаптау қолданғандығын тергеумен дәлелдеді.
«Сот үкімімен Мекеме бастығы мен оның режим жөніндегі орынбасарына 6 жыл 6 айға мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, осы Мекеменің басқада 5 және Әскери бөлімінің 4 қызметкерлеріне 4 жыл мен 4 жарым жыл мерзімдерге бас бостандықтарынан айыру түріндегі жазалар тағайындалды»,- делінген ҚР Бас прокуратурасының хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
ҚР Конституцияның 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
-

Даулы пост үшін әкімдік журналист Сандуғаш Дүйсенованы сотқа беретінін ескертті
Даулы пост үшін әкімдік журналист Сандуғаш Дүйсенованы сотқа беретінін ескертті
Жетісу облысындағы Ақсу ауданының әкімдігі журналист Сандуғаш Дүйсенованы сотқа беретінін ескертіп, ескерту хат жолдапты. Бұл жөнінде журналистің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Страна погрязла в бля&стве» атауымен шыққан мақалаңыз жалған екендігін ескертіп, арыздануға қатысты ешқандай сексуалдық сипаттағы қандайда бір әрекеттің болмағандығы туралы хабарлап, ресми түрде кешірім білдіруді сұраймыз. Аталған талаптар орындалмаған жағдайда «Жетісу облысы Ақсу ауданының әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесі сотқа жүгінетінін ескертеміз»,- деп әкімдік осындай хабарлама жіберді деп жазды Сандуғаш Дүйсенова.
Сондай-ақ, С.Дүйсенова ескерту хаттың суретін де жариялады.
Ал, журналистің өзі ескерту хатқа жауап ретінде желіде былай деп жауап берді.
«10 күн өтер-өтпестен Ақсу ауданы әкімі аппаратының экс-жетекшісі, «Аманат» партиясының Ақсу аудандық филиалының басшысы 7 жастағы ұлды зорлады деген күдікпен ұсталды. Былыққа баттыңдар, масқара жағдай»,- деп жазды С.Дүйсенова.
-

Өскеменде мас жүргізуші бордюрге соғылып, гүлзарға кіріп кеткен
18 тамызда кешке 30 жастағы ШҚО тұрғыны көлік құралын басқара алмай, бордюрге соғылып, гүлзарларға кіріп кеткен.ІІМ ақпаратынша, оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оның масаң күйде көлік басқарғанын анықтап, әкімшілік хаттама толтырған. -

Теміртауда үш колледж лицензиясынан айырылды
Прокуратура органдары орта арнаулы білім беру ұйымдарында тексеру жүргізуде. Теміртау қаласындағы білім беру ұйымдарын тексеру барысында білім беру және медицина саласындағы міндетті стандарттардың бұзылғаны анықталды.
Атап айтқанда, педагогикалық жұмыспен біліктілік санаттары жоқ және біліктілігін арттыру курстарынан өтпеген оқытушылар айналысқан. Сондай-ақ оқытушылардан соттылығы, медициналық қарсы көрсетілімдері, психиатриялық және наркологиялық есепте болу жағдайларына қатысты міндетті тексерулерден өтулері туралы анықтамалар талап етілмеген. Білім беру ұйымдарының Жарғылық құжаттары белгіленген талаптарға сәйкес келмейді, студенттерді оқуға қабылдау тәртібі бұзылған, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрілік және медициналық бұйымдар сақталған.
Мысалы, Техникалық-экономикалық колледжде 12 оқытушы біліктілігін арттырмай сабақ берген болса, Жоғары политехникалық колледжде 5 мұғалімнің біліктілік санаты мүлдем жоқ.
Прокуратураның қадағалау актілері бойынша үш білім беру ұйымының білім беру қызметіне мемлекеттік лицензиясының қолданылуы тоқтатылды. Кінәлілер жауапқа тартылып, 4 мыңнан астам студенттің құқығы қорғалды.
-

Алматы облысында экскаватор өзенге аударылып кетті
Министрлік мәліметінше, оқиға Райымбек ауданында болған. Қатты жауын-шашын салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай, жолдан өзенге қарай аударылып кеткен.
Құтқарушылар ер адамға саты беріп, жоғары көтерілуге көмектесті. 1972 жылы туған зардап шегуші медициналық көмекке мұқтаж емес.
-

Қонаевта 3 күнге газ беру тоқтатылады
Мұны «Қапшағай аумағының газ желілері» ЖШС мәлімдеді.
Мекеменің ақпаратына сәйкес, бұл жұмыстар Абай көшесінің жолын жөндеумен қатар, үлкен қысымды газ желісін жаңғыртумен байланысты болып отыр. Газ құбырының жаңа желісін қолданыстағы желіге ажыратусыз қосуға мүмкіндік жоқ.
Үш күн бойы №1,2,3,4,5, Восточный, Гүлдер, Спутник, Арна, № 18,19,20 ш/а-да және Железнодорожная көшесінде көгілдір отын беру тоқтатылады немесе кей аудандарда газ қысымы төмендеуі мүмкін.
«Көгілдір отынды көп уақыт жоғалтпай қосуға тырысамыз. Уақытша ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз», — деп жазды мекеме өкілдері.