Жамбыл облысында қызмет ететін Бас прокуратураға қарасты арнайы прокурор — Алия Қожабекова ел Президентіне ашық видеоүндеу жолдады. Видеода ол өзінің басшылық тарапынан көрген заңсыздықтарын айтып, жүйелі бұрмалауларды әшкерелейді.
Айтуынша, қылмыстық істердің біразы СТТБТ базасынан “өшіріліп тасталады”, бұл өз кезегінде қылмыс ашылу статистикасын қолдан жақсарту үшін жасалады екен.
Бұл мәліметтер — ірі қылмыстық іс қозғауға негіз боларлық ауыр айыптаулар. Әзірге Бас прокуратура тарапынан ресми жауап берілмеді.
Ақтөбеде «Жилище» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басшысы Нұрлан Каус 6 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол сот залында қамауға алынды.
Ақтөбе қалалық соты «Алаяқтық» бабымен қаралған іске үкім шығарды. ҚК-тің 190-бабы 4 бөлігі 2 тармағымен тағылған айып толық дәлелін тапты.
2020 жылы қалада бітуге тиіс 5 қабатты екі үйдің құрылысы аяқсыз қалды. Тұрғындар ақша салған баспаналарына кіре алған жоқ.
Сот «Жилище» тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басшысы Нұрлан Каусқа 6 жыл бас бостандығынан айыру және 3 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасын тағайындады. Ол сенімге кіріп, пайда табу үшін құрылысты бастап қана қойған.
Іс материалында сотталушының 2013 жылы «Жилище» тұрғын үй-құрылыс кооперативін құрғаны айтылады. 2018-2020 жылдар аралығында Ақтөбе көпқабатты тұрғын үй тез пайда табуды жоспарлайды. 2021 жылы сотты болып, 2022 жылы жеңілдетілген жазамен бостандыққа шыққан. Сотталушы үлескерлерден барлығы 421,9 млн алды. 237 млн теңгесі құрылыс-монтажға жұмсалды.
Қалған 184 млн теңгесін өзі иемденіп алған.
Енді 75 үлескердің шығынын өндіру азаматтық сот тәртібімен қаралады.
Атап айтқанда, 2024 жылдың 14-16 сәуір аралығында Астана, Қарағанды, Павлодар және Екібастұз қалаларындағы медициналық мекемелерге әртүрлі тамақ улану белгілерімен 56 азамат жүгінді, олар алдын ала Екібастұз қаласындағы мейрамханада өткен салтанатты шараға қатысқан.
Зардап шеккен адамдардың санына байланысты, тергеу басталған сәттен бастап, қылмыстық іс Екібастұз прокуратурасының бақылауында болды, процессуалдық прокурорлар тағайындалды, сараптамалар ұйымдастырылды, тергеу тобының шығуы ұйымдастырылды.
Екібастұз қалалық сотының үкімімен кінәлі тұлға қоғамдық тамақтану саласында қызметпен айналысуға тыйым салынып, еркіндігін шектеу жазасына кесілді.
Зардап шеккендер сот шешімімен қанағаттанды, тек мейрамхана иесі сот үкімін қайта қарау үшін шағымданды.
Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының үкімімен Ақтау қалалық сотының төрағасы Б.Ж. Шайдуллин 9 жылға және жеке сот орындаушысы Р.М. Жанахметов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттегінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, олар сотталушыны бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындау сылтауымен 18 млн теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алу жолымен алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.
Қосымша жаза ретінде Шайдуллин мен Жанахметов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың, оның ішінде жоғары лауазымды адамдар арасында жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда, – делінген хабарламада.
Мұғалжар ауданы Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округ әкімі Ләззат Бердібаеваның фотосын енді арнайы комиссия зерделейді.
Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдық округ әкімі Ләззат Бердібаеваның гүл ұстап түскен фотосы әлеуметтік желі арқылы тарап кетті. Қазіргі кезде полиция фотодағы гүлдің Қызыл кітапқа енген-енбегенін тексеріп жатыр.
– Тексеріп, қызғалдақтың Қызыл кітапқа енген түрі ме деген сұраққа жауап іздейміз. Кейін құқықтық бағасы беріледі, – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Ал Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағамбетов қазір арнайы комиссия құрылғанын айтты.
– Ауданда Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілі бар. Сол комиссияда іс қаралады. Оның құрамында аудандық полиция бөлімінің өкілі де бар. Кейін ғана шешімін айтып, жауапқа тарта аламыз. Ол гүлді қыздары жұлып әкелгенін, фотоға түсіп, WhatsApp мессенджеріндегі статусына қойғанын айтып отыр, – деді Дархан Ермағамбетов.
Ақтауда 7-сынып оқушылары қауіпті ойын ойнап, оқушы қыз есінен танып құлаған.
Оқиға 18 сәуір күні Ақтау қаласындағы №33 жалпы білім беретін мектепте болған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан үш қыз әуелі бір қызды қабырғаға тақап, артынша итеріп тұрғанын көруге болады. Артынша оқушы қыз есінен танып, құлап түседі.
Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің мәліметінше, 33 шағын ауданда орналасқан №33 жалпы білім беретін мектепте қыздар әжетханасында 7 сынып оқушысын өкпе тұсынан қысу арқылы талдыру фактісі болған.
– Оқиғаға қатысы бар барлық оқушылар туралы Ақтау қалалық полиция департаментінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторына хабарланып, жасөспірімдер және олардың ата-аналарымен профилактикалық психологиялық жұмыстар жүргізілді, – дейді білім бөлімінің өкілдері.
Кеше үйінен белгісіз бағытқа кетіп, оралмаған әйелді туыстары өз бетімен іздеген. Алайда нәтиже болмаған соң таңертең 112 қызметіне жүгінген. Іздестіру жұмыстарына екі кинологиялық топ жұмылдырылып, зейнеткер елді мекеннен 4 шақырым жерден табылды. Дене қалпы жақсы, медициналық көмекке мұқтаж емес.
Ол ұстаздан 1,2 млн теңге сұрап, әйтпесе беделіне нұқсан келтіретін ақпарат жариялайтынын айтқан.
Полицейлердің мәліметінше, блогер өз медиалық статусын пайдаланып, қысым көрсеткен. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалды.
Бұған дейін де елдің әр өңірінде блогерлердің бопсалау фактілері тіркелген. Мысалы, Таразда – 2,5 млн, Қостанайда – 15 млн, Алматыда – 8 млн теңге талап еткендер ұсталған.
Құзырлы орган тұрғындарды бопсалауға жол бермеуге шақырып, мұндай жағдайда бірден полицияға жүгінуге кеңес береді.
Алматы гарнизонындағы әскери сотта Отарда сарбаз Нұржігіт Әбділпаттаны ұрып, жансақтау бөліміне түсірген кіші сержант Дастан Тұрланға қатысты сот процесі аяқталды.
Прокурор Дінмұхамед Спатай соттан Дастан Тұрланды бес жыл бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Алматы гарнизонының әскери соты шешімімен Дастан Тұрлан үш жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот үкімімен Дастан Тұрлан сарбазды ұрып, комаға түсіргені үшін айыпты деп танылды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 451-бабы (Билікті асыра пайдалану) бойынша кінәлі деп танылды. Бұған дейін, жәбірленуші тарап бапты 451-баптың 2-бөлігіне (Ауыр зардаптарға әкелген билікті асыра пайдалану) ауыстыруды талап етті.
Еске сала кетейік, 19 жастағы Нұржігіт Әбділпатта 2024 жылы 17 мамырда Отан алдындағы борышын өтеу үшін Отардағы 30/212 әскери бөлімге шақырылды. Әскерге келгеніне бір ай толмай жатып, жансақтау бөліміне түскен. Ол 29 маусымда ант беруі керек еді. Алайда 9 маусымда жансақтау бөліміне түскені туралы хабар жетті.
Нұржігіттің айтуынша, тамағы құрғап, қалтасынан дәрі алып шығып жатқан кезде оны кіші сержант Дастан Тұрлан көріп, ішінен және оң жақ көкірек тұсынан соққы жасаған. Осы соққыдан кейін сарбаздың жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне жеткізілген.
Сот отырысы бір жылға созылып, кейін судьяның отставкасына байланысты үзіліс жарияланған. Істі жаңадан келген судья мен прокурор қайта қарап, үш аптада аяқтады.
Сот барысында жансақтау бөліміне түскен сарбазды алғаш қабылдаған дәрігерлерден де жауап алынған. Алайда олар қойған диагноздар бірдей, тіпті көшірме іспетті болғаны анықталды.
Дастан Тұрлан тергеу және сот барысында өз кінәсін мойындамаған. Оның адвокаттары Нұржігітті сержант ұрмағанын, сол кезде қару қабылдап жатқанын айтты. Сонымен қатар, олар әскери комиссариаттың денсаулығында кінәрат бар сарбазды әскерге алғанын, бұл бастапқыда кеткен қате екенін мәлімдеді. Тергеу де сапасыз жүргізілген деп есептейді.
Адвокаттардың айтуынша, сарбаздың жағдайының нашарлауына соққы емес, ұзақ жол жүргені себеп болған. Себебі Әбділпатта әскери борышын өтеуге дейін өкпе ауруымен ауырған.