Рубрика: Билік

  • Қонаевта аулаларда жалпы тазалық жұмыстары басталды

    Қонаевта аулаларда жалпы тазалық жұмыстары басталды

    Қонаев қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында аулаларды жалпы тазалау (генеральная уборка) жұмыстары басталды.

    Іс-шара 1-шағынауданнан бастау алды. Күн сайын тазалық жұмыстарына ШЖҚ «Жасыл қала Қонаев» МКК-ның 10 қызметкері мен 2 арнайы техника жұмылдырылуда. Олар қоқыс шығару, шөп шабу және аулаларды тазалап жатыр.

    Аталған жұмыстар кезең-кезеңімен қаланың басқа да шағынаудандарында жалғасады.

    ❗️Қонаев қаласының әкімдігі тұрғындар мен ПИК-терді акцияға белсенді қатысуға шақырады.

    Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы бүкіл ел аумағында өткізіліп, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен қалалық ортаны абаттандыруды мақсат етеді.

  • Балаға қараған жылдар — еңбек өтілі ретінде есептелуі мүмкін

    Балаға қараған жылдар — еңбек өтілі ретінде есептелуі мүмкін

    Қазақстан Конституциялық сотының төрағасы Эльвира Әзімова жұмыс істемейтін ата-аналардың кішкентай балаға қараған уақытын еңбек өтіліне қосу туралы ұсыныс айтты. Бұл бастама зейнетке шығу кезінде олардың мүддесін қорғауға бағытталған.

    Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде Әзімова:

    «Жас балаға тікелей күтім жасаған уақытты еңбек өтіліне қосу, сондай-ақ әлеуметтік қорғаудың жаңа тәсілдерін қарастыру қажет», — деді.

    Егер бұл ұсыныс қабылданса, жұмыс істемей, бала тәрбиесімен үйде отырған ата-аналар үшін де еңбек өтілі жүретін болады. Бұл, әсіресе, көпбалалы аналар мен әлеуметтік тұрғыда әлсіз топтар үшін маңызды қолдау болмақ.

    Бастама әлеуметті қорғаудың жаңа бір бағытына айналуы мүмкін.

  • 8-10-шағынаудандарда жаңа жол салынуда

    8-10-шағынаудандарда жаңа жол салынуда

    Қонаев қаласының 8–10-шағынаудандарында автожолдар күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Жобада жол және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған кешенді шаралар қарастырылған.

    Батпақты аумақтарға 88 000 м³ көлемінде жартасты материал төселді. Қазіргі уақытта жолдың 85%-ы дайындалып, 22 000 м² алаңға екі қабат асфальт-бетон жамылғысы төселді.

    8 000 м² тротуар салынды. Бұл жаяу жүргіншілер үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырады.

    Құрылыс аймағына кіретін инженерлік желілер – газ құбырлары, электр кабельдері мен телефон байланысы желілері ауыстырылды. Диаметрі 1,5 метрлік су өткізгіш құрылғы мен қуаты 63 кВА болатын үш трансформаторлық подстанция орнатылды.

    Бүгінде жеке сектор аумағында 515 көше шамы орнатылып, 1 және 2-өтпелерде тағы 163 шам орнатылуда, сондай-ақ 286 сәндік шамдарды монтаждау жұмыстары жалғасуда.

    8–10-шағынаудандардағы жолдарды күрделі жөндеу – қаланың инфрақұрылымын жаңғыртудың маңызды кезеңдерінің бірі.

  • Мыңдаған отбасыға жарық пен жылу сыйлаған жандар: Қапшағай ГЭС-індегі энергетиктер әулеті

    Мыңдаған отбасыға жарық пен жылу сыйлаған жандар: Қапшағай ГЭС-індегі энергетиктер әулеті

    Ш.Шөкин атындағы Қапшағай су электр станциясында бір емес, бірнеше буын энергетиктер еңбек етіп келеді. Бұл жер — жай ғана жұмыс орны емес, тұтас әулеттер үшін өмірлік миссияның ордасы. Солардың бірі — Мамыриндер отбасы. Үш буын өкілі осы ГЭС-тің дамуына үлес қосып, мыңдаған отбасына жарық пен жылу сыйлады.

    Максим Мамырин — станцияның бас инженері. Оның анасы Галина Викторовна бұл салаға 1974 жылы келіп, 38 жыл бойы химиялық зертханада қызмет етті. «Анам маған: “Біз адамдарға жарық пен жылу сыйлаймыз” деп айтатын. Сол сөз менің тағдырымды айқындап берді», — дейді Максим.

    Мектепті бітірген соң, ол энергетика мамандығын меңгеріп, 2002 жылы Қапшағай ГЭС-іне электромонтер болып қабылданды. Қазір — бас инженер. Жұмыс барысында болашақ жары Елена Егерьмен танысып, бүгінде ол да осы жерде электромонтер болып еңбек етіп жүр. Ал 2024 жылы олардың ұлы да әке жолын қуып, энергетик мамандығын таңдады.

    Қапшағай ГЭС-індегі мұндай еңбек әулеті тек Мамыриндермен шектелмейді. Ивановтар отбасы да 50 жылдан астам уақыттан бері осы салада тер төгіп келеді. Тарихы — 1971 жылы Виктор Ивановтың Новосібірден келіп, турбиналық цех басшысының орынбасары болған кезден басталады. Кейін станция директоры болған ол — бүгінде балаларымен бірге немерелеріне де үлгі болып отыр.

    Қапшағай ГЭС-і — өңірдегі маңызды стратегиялық нысан. Оның сенімді әрі тұрақты жұмысын білікті мамандармен қатар, осы жерді өз үйіндей көретін, жан-тәнімен берілген жандар қамтамасыз етіп келеді.

  • Қонаевта шегірткеге қарсы 4750 гектар жер өңделді

    Қонаевта шегірткеге қарсы 4750 гектар жер өңделді

    Қонаев қаласында ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянды шегірткеден қорғау мақсатында жоспарлы химиялық өңдеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл шаралар өнім көлемін сақтап, агросекторды қолдауға бағытталған.

    ? Итальян (топтық) шегірткеге қарсы өңдеу
    2025 жылы 2525 гектар жерді өңдеу жоспарланған.
    Бүгінде Шеңгелді ауылдық округінде 2300 гектар алқап өңделді, оның ішінде:
    • 2100 гектар — әуеден,
    • 200 гектар — жерүсті техникасымен.

    ? Жеке (жалғыз) шегірткеге қарсы шаралар
    Жергілікті бюджет есебінен 2450 гектар жерге химиялық өңдеу толық жүргізілді:
    • 1700 гектар — авиациялық тәсілмен,
    • 750 гектар — арнайы техникамен.

    ? Жалпы қорытынды
    Қала аумағында барлығы 4750 гектар жер өңделді. Қосымша 225 гектар резервте ұсталып отыр — қажет болған жағдайда шұғыл шара қолдануға дайын.

    Профилактикалық жұмыстар агроөнеркәсіп кешенін зиянкестерден қорғауға, олардың таралуын тежеуге және өнім шығынын болдырмауға бағытталған. Барлық жұмыстар Қонаев қаласы әкімдігінің тұрақты бақылауында.

  • Қонаевтағы жағымсыз иіс: себебі белгілі, шешім қабылданды

    Қонаевтағы жағымсыз иіс: себебі белгілі, шешім қабылданды

    Қонаев қаласының 4-шағынауданының тұрғыны қала әкімі Асхат Бердіхановқа кешкі уақытта сезілетін жағымсыз иіс жайлы шағым айтты. Арыз бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді.

    Әкім бұл мәселеге қатысты нақты жауап берді. Оның айтуынша, иістің себебі – қаланың маңындағы тозығы жеткен кәріз суын тазарту қондырғылары. Нысан 100% тозған. Енді оны мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңарту жоспарланған. Жаңа кешен қаладан 18 шақырым жерде, Қазақстан ауылына қарай көшіріледі. Жобаның жалпы құны – 38 млрд теңге. Құрылысты екі жыл ішінде аяқтау жоспарланып отыр.

    «Бұл мәселе қала және облыс әкімдігінің бақылауында. Қажетті құжаттар рәсімделіп жатыр. Жақын арада мәслихат отырысы өтіп, тиісті келісімдер алынатын болады. Тұрғындардан түсіністікпен қарауды сұраймын», – деді Асхат Бердіханов.

    Кездесу барысында газдандыру, қоқыс жәшіктерін орнату, автотұрақтар мен аулаларды көгалдандыру мәселелері де көтерілді. Әкім ҚБҰ-ларды тұрғындармен тығыз жұмыс істеуге, аулаларды таза ұстап, гүл егуге белсенді атсалысуға шақырды.

  • Асхат Бердіханов: Шаруаларға қолдау – ауылдың дамуы

    Асхат Бердіханов: Шаруаларға қолдау – ауылдың дамуы

    Қонаев әкімі Асхат Бердіханов Шеңгелді округіндегі бірқатар шаруа қожалықтарын аралап, олардың жұмысымен танысты.

    «Smart Adam Agro» 900 гектар жерді игеруді көздеп отыр. Қазір жоңышқа мен қызанақ егілген, жаңбырлатып суару жүйесі енгізілген. Электр желісіне қосылу құжаттары кешеуілдеп жатыр. Әкім бұл мәселені шешуді тапсырды.

    «Болашақ» ШҚ 20 гектар алқапта қарақат, бақша және көкөніс өсіреді. 2026 жылға қарай қарақат алаңын 30 гектарға жеткізу, шағын цех пен агротуризмді дамыту жоспарлануда. Әкім қосымша жер телімін беруді ұсынды.

    «Марьям» ШҚ 230 гектарда егін егеді. 70 млн теңгеге су қоймасы мен сорғылар орнатқан. Көкөніс көлемін 100 гектарға дейін арттыру көзделген. «Кең Дала» бағдарламасы аясында 40 млн теңгеге өтінім тапсырған.

    2025 жылы округтегі егіс көлемі 8 150 гектарды құрады. Әкім бұл бағыттағы қолдаулар жалғасын табатынын айтты.

  • Құрылыс — тәртіппен: Қонаевтағы рейд нәтижесі

    Құрылыс — тәртіппен: Қонаевтағы рейд нәтижесі

    Қонаев қаласында заңсыз орнатылған құрылыс нысандары мен сауда павильондарына қатысты бірлескен тексеру жүргізілді. Шараға қалалық сәулет, кәсіпкерлік бөлімдері мен прокуратура өкілдері қатысты.

    Рейд барысында рұқсатсыз қойылған нысандар анықталып, иелеріне заңбұзушылықтарды жою туралы ескерту берілді. Сонымен қатар, құрылыс нормаларына сәйкес келмейтін жұмыстар да тіркеліп, құжаттар тиісті органдарға жолданды.

    Мұндай бақылау жұмыстары Қонаевта тұрақты түрде жалғасады. Мақсат — қаланың заңға сай әрі қауіпсіз дамуын қамтамасыз ету.

  • ШЖҚ «Жылу орталығы» МКК директоры тағайындалды

    ШЖҚ «Жылу орталығы» МКК директоры тағайындалды

    Ол 1983 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары, 2007 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын инженер мамандығы, 2017 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін экономика және бизнес мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын 2008 жылы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ жетекші инженері болып бастаған. Әр жылдары Шемонаиха аудандық электр желісінің бас инженері және бастығы, «АлТС» АҚ бас инженердің орынбасары, «Жетісу Су Арнасы» МКК директордың орынбасары, «JADKAZ GROUP» ЖШС бас инженері лауазымында қызмет атқарған.

  • Екі елдің басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

    Екі елдің басшысы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

    Қазақстан Президенті мен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы түркі тілдес елдерге ортақ ең көрнекті рухани және тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі, ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барды.

    Мәртебелі меймандар әйгілі ойшылдың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады. Сондай-ақ кесенеде жүргізіліп жатқан реставрациялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты.