Қарағандыда әлеуметтік желідегі жазбалары үшін ұлтаралық және діни араздық қоздырды деп айыпталған 22 жастағы кәсіпкер Алика Мұхамадиеваға қатысты сот ісі аяқталуға жақын, деп хабарлайды Sona.kz ZTB -ға сілтеме жасап.
Бүгін сотта айыпталушы соңғы сөзін айтып, тағы да көпшіліктен кешірім сұрады.
«Барлығына шын өкінемін. Мен кінәмді толық мойындаймын. Маған сенім артқан адамдардың алдында ұялдым. Ең қиыны — қызымнан алыстап қалу. Қазір бәрінен бұрын сонымен бірге болғым келеді», — деді ол.
Еске сала кетейік, Мұхамадиева әлеуметтік желіде (Threads) ұлтаралық және діни араздық белгілері бар пікірлер қалдырған еді. Кейін ол жұрттан кешірім сұрағанымен, бұл оны жауапкершіліктен босатпады.
Прокуратура 4,5 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.
Сот шешімі бүгін сағат 17:00-де жарияланады.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық мониторинг агентігі «Таза Өскемен» ШЖҚ КМК бұрынғы басшылығына қатысты бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sona.kz Қаржылық мониторинг агентігіне сілтеме жасап.
Күдіктілер қатарында бұрынғы директор, оның орынбасары және жеке кәсіпкер бар. Тергеу мәліметінше, олар 2022–2023 жылдары қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізбей, бюджет қаражатын өздерімен байланысы бар компанияларға аударып отырған.
Заңсыз сызбаның мәні — жалған құжаттар арқылы битум, құм сатып алу, су соруға арналған арнайы техника мен орнатылған аялдамаларға материалдар алу жөнінде мәліметтерді рәсімдеу болған.
Алынған қаражат кейін жеке кәсіпкер арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, қатысушылар арасында бөлінген.
Залалдың жалпы сомасы — 120 млн теңгеден асты.
Тергеу барысында күдіктілердің заңсыз табысқа алған мүлкі — элиталық пәтер, BMW X6M және Subaru Forester автокөліктері, жер телімдері — тәркіленіп, сот санкциясымен тұтқындалды.
Кәсіпорынның бұрынғы директоры 2 айға қамауға алынды.
Тергеу жалғасып жатыр.
Енді салық органдары азаматтардың микрокаржы және коллекторлық ұйымдар алдындағы берешегі туралы ақпаратты алып отырады, деп хабарлайды Sona.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың микрокаржы және коллекторлық ұйымдар алдындағы несиелері жөніндегі мәліметтерді беру тәртібін бекітті. 2025 жылғы 10 қарашадан бастап кредиттік бюролар бұл деректерді Мемлекеттік кірістер комитетіне (МКК) ұсынуға міндетті.
Министрдің 24 қазандағы бұйрығына сәйкес, салық органдары активтері, кірістері, міндеттемелері мен мүлкі туралы декларация тапсыруға тиіс азаматтардың несиелері туралы ақпаратқа қол жеткізеді.
Мұндай тұлғалардың тізімі жыл сайын 25 қарашаға дейін алдыңғы жылдың 31 желтоқсанындағы деректер негізінде жасалады. Кейін 10 күн ішінде азаматтардың ЖСН-і Smart Data Finance жүйесі арқылы кредиттік бюроларға жіберіледі. Ал бюролар 10 жұмыс күні ішінде МКК-ға кредиттік есептен алынған мәліметтерді ұсынады.
Оған берешек сомасы, несие шартының күні мен нөмірі, қарыз беруші ұйымның атауы және есепті күнге қалған қарыз көлемі кіреді.
Бұйрықта атап өтілгендей, комитет пен кредиттік бюролар алынған ақпараттың құпиялылығын сақтауға және оны үшінші тұлғаларға таратпауға міндетті.
Құжат 10 қарашадан бастап күшіне еніп, 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданыста болады.
Қонаев қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге бағытталған «Қапшағай Бидай Өнімдері» атты жаңа ірі агрокешеннің ашылу салтанаты өтті. Бұл жоба Алматы облысының аграрлық саласындағы ең ауқымды инвестициялық бастамалардың бірі болып саналады.
1 қараша күні өткен шараға ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, қазақстандық және қытайлық бизнес өкілдері қатысты.
Жаңа өндіріс орнының жалпы инвестиция көлемі 15 млрд теңгеден асты, ал жылдық қуаттылығы 1 миллион тоннадан астам дайын өнім шығаруға жетеді. Бұл кәсіпорын – Қаскелең қаласынан кейін облыстағы екінші ірі өңдеу нысаны.
Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев кешеннің іске қосылуы өңірдің ауыл шаруашылығы өндірісін жаңа деңгейге көтеретінін айтты:
«Алматы облысы – еліміздегі ең серпінді дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Инфрақұрылымның дамуы мен инвесторларға жасалған қолдау өңдеу саласының өркендеуіне жол ашып отыр. “Қапшағай бидай өнімдері” зауыты — өңдеу және экспорт бағытындағы инновациялық өндірістің жарқын үлгісі», — деді өңір басшысы.
Ал ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов бұл жобаның Мемлекет басшысының тапсырмасына сай екенін атап өтті:
«Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу — Президент қойған нақты міндет. Бұл сала ел экономикасының тиімділігін арттыруға бағытталған. “Қапшағай Бидай Өнімдері” зауыты – мемлекет пен бизнестің ортақ мақсатына жетудегі нақты нәтиже», — деді ол.
Ашылу рәсімінің соңында қатысушылар зауыттың өндірістік қуатымен танысып, символдық түрде қызыл түймені басып, локомотив гудогын іске қосты — бұл кәсіпорынның ресми іске қосылғанын білдірді.
Жаңа кешеннің іске қосылуы Алматы облысының агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу саласында жаңа жұмыс орындарын ашуға және өңірдің экспорттық мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады.
Оралда қызғаныштан кісі өлтірген ер адамға үкім шықты.
Қайғылы оқиға мамыр айының соңында Теректі ауданының Чаган кентінде болған. 32 жастағы ер адам бұрынғы жұбайының үйіне келіп, оны өз інісімен бірге отырған жерінен көреді. Қызғаныштан туған жанжал соңы қанды оқиғаға ұласып, күдікті әйелге пышақпен 19 рет соққы жасаған. Інісі жарақат алып, қашып құтылған.
Алқабилердің қатысуымен өткен сотта ер адам «Айрықша қатыгездікпен кісі өлтіру» және «Адам өлтіруге оқталу» баптары бойынша кінәлі деп танылып, 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сот шешімімен ол моральдық өтемақы ретінде 10 миллион теңге төлеуге міндеттелді.
Марқұм мен сотталғанның үш баласы бар екені белгілі болды. Қазір балалар ана тарапынан атасы мен әжесінің қамқорлығында.
«Ақтөбе – Ойыл» тасжолында өліммен аяқталған жол апаты болды, деп хабарлайды Sona.kz Halyqstan-ға сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, жол-көліктік оқиға трассаның 147-шақырымында орын алған. Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жолдан шығып кетіп, аударылған.
Салдарынан Ойыл ауылының тұрғыны, көліктегі жолаушы оқиға орнында көз жұмған. Жүргізуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Белгілі болғандай, қаза тапқан әйел — жуырда бала босанған 14 жастағы мектеп оқушысының әжесі. Бұл іс бұған дейін Ақтөбе облысында кең қоғамдық резонанс тудырған болатын.
Тергеу мәліметінше, қыз баланың баласының әкесі — 64 жастағы күдікті, марқұмның күйеуі, яғни қыздың өгей атасы. Ол қамауға алынып, кәмелетке толмағанға қатысты жыныстық қылмыс бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.
Қазір жол апатына және аталған қылмыстық іске қатысты тергеу амалдары жалғасуда.
«Мелисса» атты қуатты дауыл Кариб аймағында үлкен қираулар мен адам шығынына әкелді. Sona.kz Independent басылымына сілтеме жасап хабарлайды, табиғи апат салдарынан кемінде 49 адам қаза тапқан.
Дауыл қазір Бермуд аралдарының солтүстік-батысына қарай қозғалып барады. Мұнда екінші деңгейлі дауыл ескертуі жарияланды. АҚШ-тың Ұлттық дауылдарды бақылау орталығының мәліметінше, желдің жылдамдығы сағатына 160 шақырымға дейін жетеді. Мамандардың болжамынша, дауыл жұма күні әлсірейді, бірақ келтірілген шығын ауқымды болып отыр.
Гаити елінде — 30 адам, соның ішінде балалар да бар; Ямайкада — 19 адам қаза тапқан; Кубада — қираулар көп, бірақ құрбандар туралы ақпарат жоқ.
?? АҚШ билігі Кариб аймағына жедел әрекет ету топтарын жіберді. Олар табиғи апаттың салдарын жоюға және зардап шеккендерге көмек көрсетуге кірісті.
Метеорологтардың мәліметінше, «Мелисса» — Кариб аймағындағы тарихтағы ең күшті үшінші дауыл, әрі қозғалысы ең баяу болған табиғи құбылыс. Бұл оның қиратқыш әсерін күшейтті.
Бұған дейін Гаити мен Доминикан Республикасы билігі қауіптің күшеюіне байланысты мыңдаған адамды қауіпсіз жерге көшірген болатын.
Шымкент қаласында «Nazira Gold» қаржы пирамидасына қатысты атышулы іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sona.kz АFM дерегіне сүйеніп.
Ұйымдастырушылар өздерін зергерлік компания ретінде таныстырып, салымшыларға ай сайын 20–40% пайда уәде еткен. Алайда төлемдер жаңа қатысушылардың ақшасы есебінен жүргізілген.
Тергеу мәліметінше, пирамиданың құрбаны болғандар саны — 4 мыңнан астам адам, ал келтірілген залал 1,2 миллиард теңгеден асқан.
Сот 9 адамды кінәлі деп таныды: ▪️ Назира Нұржан — 10 жылға сотталды (бала күтіміне байланысты үкімнің орындалуы бір жылға шегерілді); ▪️ Қалғандарына 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілді.
Тәркіленген мүлік: 402 млн ₸ 52 автокөлік жеке үй 2 пәтер 17 кг зергерлік бұйым
В Шымкенте завершился громкий судебный процесс по делу финансовой пирамиды «Nazira Gold», передаёт Sona.kz со ссылкой на АФМ.
Организаторы представлялись ювелирной компанией и обещали вкладчикам доход от 20 до 40% в месяц. На деле выплаты шли за счёт новых участников — классическая схема пирамиды.
По данным следствия, в аферу были вовлечены более 4 тысяч человек, общий ущерб превысил 1,2 миллиарда тенге. Полученные деньги тратили на покупку элитных авто, домов, квартир и золота.
Суд признал виновными 9 участников. ▪️ Назира Нуржан — 10 лет лишения свободы (с отсрочкой приговора на год из-за ребёнка); ▪️ Остальные получили от 5 до 10 лет тюрьмы.
Конфисковано имущество: 402 млн ₸ 52 автомобиля частный дом 2 квартиры 17 кг ювелирных изделий
Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексель екі ай мерзімге үй қамаққа алынды, деп хабарлайды Sona.kz Nege.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, сот осындай бұлтартпау шарасын азаптау фактісі бойынша тергеу аясында таңдаған.
Ал Кожамжаров командасының тағы бір мүшесі — Максат Дүйсенов Германияда экстрадициялық қамауда отыр. «БАҚ-та жазылған мәліметтер шындыққа жанаспайды. Экстрадиция процесі басталды, Германия тарапынан бас тарту түскен жоқ», — деді Қойгелдиев.