Рубрика: Жаңалықтар

  • Алматы тауларында жоғалған жігіттің мәйіті табылды

    Алматы тауларында жоғалған жігіттің мәйіті табылды

    Алматыда тауға кеткен 20 жастағы Алан қаза тапты. Бұл ақпаратты қалалық ТЖД растады, — деп хабарлайды Sona.kz Tengri Travel-ге сілтеме жасап.

    Жігіт 27 шілдеде Медеуден Молодежный шыңына бет алған. Оның денесі 29 шілдеде табылды. Іздеу жұмыстарына 50-ден аса құтқарушы мен ерікті, дрондар мен техника, МЧС-тің тікұшағы тартылды.

    Құтқарушылар кеңесі
    * Тауға жалғыз шықпаңыз.
    * Маршрут пен қайта оралатын күнді туыстарыңызға айтыңыз.
    * Жылы және ашық түсті киім, азық, дәрі қобдишасы, термос, пауэрбанк міндетті.

  • Шымкентте америкалық журналистке тиіскен такси жүргізушісі жазаланды

    Шымкентте америкалық журналистке тиіскен такси жүргізушісі жазаланды

    Шетелдік журналист Хоуп Лаудон такси жүргізушісінің өзін қорлап, тиіскенін мәлімдеді. Алайда полицейлер оны тек ұсақ бұзақылық пен жол ережесін бұзғаны үшін жазалаған, — деп хабарлайды Sona.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

    Америкадан келген Хоуп Лаудон Қазақстаннан Өзбекстанға өтпек болғанда визалық қиындықтарға тап болып, Сарыағашта жалғыз қалған. Жергілікті жасөспірім оған көмектесіп, такси шақырып берген.

    Алайда жүргізуші бірден күмәнді әрекеттер жасай бастаған: жылдамдықпен айдап, күдікті қоңыраулар шалып, қала сыртына шығарып жібермек болған. Шымкентке жеткен соң, әйелден ақша алған кезде интимді жеріне қол жүгірткен. Лаудон қарсы шығып, көліктен қашып шыққан.

  • Фуралар енді толық бақылауда болады

    Фуралар енді толық бақылауда болады

    Қазақстанда ауыр жүк көліктерінің қозғалысын қатаң бақылауға арналған жаңа цифрлық жүйе іске қосылды. Бұл туралы Sona.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Көлік министрлігі еліміздің жолдарын сақтау және апаттардың алдын алу мақсатында цифрлық бақылау жүйесін күшейтуді қолға алды. Себебі ел ішінде күн сайын 450 мыңнан астам жүк көлігі жүреді. Артық салмақ — жол төсемелерінің мерзімінен бұрын бүлінуіне әкелетін басты себептердің бірі.

    Жүйе қалай жұмыс істейді?
    2024 жылдың қыркүйегінен бастап іске қосылған автоматтандырылған бақылау жүйесі тәулік бойы жұмыс істейді және нақты уақыт режимінде заң бұзушылықтарды анықтайды. Қазірдің өзінде 3 200-ден астам ескерту жолданып үлгерген, бұл — бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда 12 есе көп.

    Бақылау станциялары саны артады
    Қазіргі таңда елімізде 59 бақылау бекеті жұмыс істеп тұр:
    • 30-ы республикалық маңызы бар жолдарда;
    • 29-ы — жергілікті трассаларда.
    Тағы 95 жаңа станция орнату жоспарланған, ал 2025 жылға дейін бақылау кешендерінің жалпы саны 220-ға жетеді.

    Министрлік өкілдері жаңа жүйе тек жол сапасын сақтап қана қоймай, жолдағы қауіпсіздік деңгейін де арттырады деп сендіріп отыр.

  • «Қазақ циркіне сатылады»: АҚШ-тағы жазу қазақстандықтарды ашуландырды

    «Қазақ циркіне сатылады»: АҚШ-тағы жазу қазақстандықтарды ашуландырды

    АҚШ-тың Флорида штатындағы бір мейрамханада ерекше ескерту ілінген: «Children left unattended will be sold to the circus in China or Kazakhstan», яғни «Қараусыз қалған балалар Қытай немесе Қазақстандағы циркке сатылады», — деп хабарлайды Sona.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

    Редакцияға фото жіберген оқырман бұл жазбаны орынсыз әрі қорлаушы деп бағалады:

    «Неге дәл Қазақстан? Бұл жай әзіл болса да, нақты елдерді атаудың қажеті қанша?»

    Бұл «әзіл» әлеуметтік желіде де үлкен наразылық тудырды.

  • Инвесторлар енді жалақы қорына кемі 30% қаржы бөлуге міндеттеледі

    Инвесторлар енді жалақы қорына кемі 30% қаржы бөлуге міндеттеледі

    Қазақстанда инвестициялық жобаларды бақылау күшейеді. Енді инвесторлар жалақы қорына жалпы инвестиция көлемінің кем дегенде 30%-ын бөлуге тиіс, — деп хабарлайды Sona.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

    Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында инвесторлардың жұмыс орындарын ашу және уәдесін орындау жауапкершілігін арттыру қажеттігін атап өтті.

    Қазірдің өзінде елде Инновациялық навигатор іске қосылған. Ол арқылы мына көрсеткіштер бақыланады:
    • қанша жұмыс орны ашылғаны,
    • олардың еңбек нарығы талабына сәйкестігі,
    • жұмысқа орналастыру жоспарларының орындалуы.

    Бектенов барлық жобаларды қамтитын біртұтас цифрлық жүйе құруды тапсырды. Бұл жүйе:
    • елдегі барлық инвестициялық жобаларды,
    • жұмыс орындарының саны мен деңгейін,
    • еңбек жағдайын,
    • жалақы мөлшерін қадағалап отырады.

    Жаңа талап бизнес пен қоғам арасындағы жауапкершілікті арттырып, инвестициялық саясатты ашық әрі әділетті етеді.

  • Жаңа жұмыс уақыты ұнады ма: министрлік алғашқы нәтижемен бөлісті

    Жаңа жұмыс уақыты ұнады ма: министрлік алғашқы нәтижемен бөлісті

    Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер 08:00–17:30 кестесіне көше бастады. Бұл туралы Еңбек министрлігінің Еңбек инспекциясы комитетінің төрағасы Ерболат Әбілхатин мәлімдеді, — деп хабарлайды Sona.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

    Әбілхатиннің айтуынша, жаңа жұмыс уақыты таңертеңгі кептелісті болдырмай, қызметкерлердің жеке уақытына тиімділік әкелген.

    «Таңертең 7:30-да жұмысқа шыққанда көшелер бос. Кешкі 17:30-да үйге ертерек қайтып, жарықта отбасыңа, жеке шаруаларға көңіл бөлуге болады. Астананың әкімдігі де икемді кестеге көшіп жатыр», — деді ол Үкіметтегі брифингте.

    Сондай-ақ, қызметкерлер тарапынан ешқандай шағым түспегенін айтты.

  • Қазақстанда зейнетақы рәсімдеу тәртібін өзгертуді ұсынды

    Қазақстанда зейнетақы рәсімдеу тәртібін өзгертуді ұсынды

    Қазақстанда зейнетақы тағайындау процесі толығымен автоматтандырылуы мүмкін, — деп хабарлайды Sona.kz NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

    Цифрлық даму вице-министрі Қаныш Төлеушиннің айтуынша, жаңа тәсіл пилоттық режимде енгізілген. Енді азаматтар зейнетке шығу үшін құжат жинап, өтініш берудің қажеті жоқ — жүйе жасына қарай автоматты түрде зейнетақыны рәсімдейді.

    Алгоритм жасты өзі есептейді
    Еңбек өтілін тексереді
    Жүйе проактивті түрде төлем тағайындайды

    Осылайша қызмет көрсету мерзімі 10 күннен 1 күнге дейін қысқарып, рәсімдеу қадамдары 6-дан 1-ге дейін азайтылған.

    Еңбек министрлігіне жобаны ел көлемінде енгізу ұсынылды.

  • KMG PetroChem басшысы қызметінен кетті

    KMG PetroChem басшысы қызметінен кетті

    Төтенше жағдайлар экс-министрі Юрий Ильиннің ұлы Игорь Ильин “KMG PetroChem” ЖШС басқарма төрағасы қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Sona.kz Nur.kz-ке сілтеме жасап.

    Компанияны енді Диаз Диянов басқарады. Жаңа басшыны ұжымға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дастан Абдулғафаров таныстырды.

    Игорь Ильин 2022 жылдан бері бұл қызметті атқарып келді.

  • Зайнутдинов Ресейге оралды: Қазақстан құрамасының жұлдызы Мәскеудің “Динамо” клубына өтті

    Зайнутдинов Ресейге оралды: Қазақстан құрамасының жұлдызы Мәскеудің “Динамо” клубына өтті

    Бахтиер Зайнутдинов Мәскеудің “Динамо” клубымен 2029 жылға дейін келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sona.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

    27 жастағы жартылай қорғаушы түріктің “Бешикташ” клубынан ауысты. Енді ол жаңа командасында 19-нөмірмен өнер көрсетеді.

    Transfermarkt дерегінше, трансфер сомасы шамамен 2,8 миллион еуроны құрайды, ал футболшының нарықтық құны 3 миллион еуро.

    Зайнутдинов бұған дейін Ресей премьер-лигасында “Ростов” және ЦСКА клубтарында ойнаған. Мәскеуге оралу арқылы ол бұрынғы бапкері Валерий Карпинмен қайта табысты.

    Ол Қазақстан құрамасы сапында 15 гол соғып, ұлттық құраманың тарихтағы ең үздік сұрмергені атанып отыр.

  • Берденовке оқ ату оқиғасы: шабуылдың себебі сотта айтылды

    Берденовке оқ ату оқиғасы: шабуылдың себебі сотта айтылды

    Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуылдың мотиві сотта жарияланды, — деп хабарлайды Sona.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

    Прокурор Бауыржан Карамановтың айтуынша, Ернар Жиембай Руслан Берденовтің тапсырмасымен өзі басқарып отырған “Тұрғын үй Шымкент” ЖШС-дегі қызметінен өз еркімен кетуі тиіс екенін білген. Осыдан кейін эмоциялық күйзеліс күйінде ол спирт ішіп, үйінен “Сайга” маркалы мылтық алып шығып, бірнеше сағат бойы көлігінде сақтап жүрген.

    2025 жылдың 21 сәуірі күні, ол қалалық әкімдік ғимаратының алдына барып, Берденовті күтіп тұрған. Чиновник шыққан сәтте бес рет оқ атып, соңынан бақылау оқ атпақ болғанда, жараланған Руслан Берденов қарсылық танытып, бұл сәтте жүргізушісі шабуылдаушыны көлікпен қағып, кісі өлтірудің алдын алған.

    Негізгі сот процесі 6 тамыз күні сағат 10:00-де басталады. Іс ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігі (“Кісі өлтіруге оқталу”) бойынша қаралып жатыр.