Рубрика: Жаңалықтар

  • Мбаппе қыз зорлады деп айыпталды

    Мбаппе қыз зорлады деп айыпталды

    Швеция прокуратурасы әлемге әйгілі француз футболшысы Килиан Мбаппеге қатысты зорлау ісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды AFP агенттігі.

    Дегенмен қазір тергеу барысында күдіктінің аты-жөні ресми түрде аталған жоқ.

    Expressen швед басылымының мәліметінше, оқиға Стокгольмдегі Bank қонақ үйінде болған. 12 қазанда TV4 телеарнасы шағымданған әйелдің зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсетуге маманданған ауруханаға медициналық көмекке жүгінгенін хабарлады.

    Мбаппе бұл айыптауларды жоққа шығарып, олардың шығу себебін «Пари Сен-Жермен» клубына қарсы басталған сот процестерімен байланыстырды.

    Сондай-ақ мадридтік «Реал» шабуылшысы Париж клубының өзіне 55 миллион доллар қарыз екенін, ал әлгі жалған айыптау осы сот процестерінің негізі болуы да мүмкін екенін алға тартты.

  • «Өте жақсы, тәрбиелі бала». Депутат Тұрлыханов ұлы туралы айтты

    «Өте жақсы, тәрбиелі бала». Депутат Тұрлыханов ұлы туралы айтты

    Дәулет Тұрлыхановтың пробациялық бақылауда тұрған ұлының басы дауға қалды. Желіде оның тойда отырған видеосы тараған еді. Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов ұлы Нұрасыл Болатқа қатысты пікір білдірді.

    Еске салайық, сот қаулысымен оның ұлына бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ол алғаш рет тәртіп бұзып отырған жоқ.

    Журналистер депутаттан ұлының Алматыға тойға барғанын біле ме деген сұрақ қойылды.

    «Білген жоқпын. Бұл іске араласқым келмейді. Жас қой әлі… Онымен үнемі сөйлесетінмін. Қай әке баласының жаман болғанын қалайды? Әрине, бұл туралы ойлаймын. Біз оған қолымыздан келгеннің бәрін жасадық, бірақ неге және қалай болғанын білмеймін. Жасы небәрі 21 жаста болса да соңынан аңдып жүр. Егер оның психикасына зардап тисе, кім жауапты? Сондықтан айтарым: менің балам өте жақсы, тәрбиелі. Енді достарымен араласа алмай ма? Туған күн кешіне баруға болмай ма? Бұл туралы қатты алаңдаймын. Баламның денсаулығы да алаңдатады», — деді Тұрлыханов Мәжіліс кулуарында.

  • 2025 жылы Ораза қашан басталады?

    2025 жылы Ораза қашан басталады?

    Кестеге сәйкес, Рамазан айы 1 наурызда басталады. 26 наурыздан 27 наурызға қараған түн – Қадір түні.

    Ораза айт – 30 наурыз.

    Басқарма Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалатынын мәлімдеді. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.

  • Жалған тұқым егу: Аграрлық зерттеу университетінің лауазымды тұлғасы сотталды

    Жалған тұқым егу: Аграрлық зерттеу университетінің лауазымды тұлғасы сотталды

    ҚазҰАЗУ лауазымды тұлғалары ұрлық жасағаны үшін сотталды.
    Алматы қаласының прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің (бұдан әрі — Университет) жалған тұқым егу және егу орындарын өңдеу жолымен бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

    Бұған дейін Бас прокуратураның тапсырмасымен Университеттің қызметіне тексеру жүргізілген. Онда 2020 жылы Университет жалпы сомасы 43,8 млн теңгеге қант жүгерісінің тұқымын, «аммофос» минералды тыңайтқышы мен аммиакты селитрасын сатып алуға мемлекеттік сатып алу туралы 3 шарт жасасқаны анықталған.

    Тексеру жоғарыда аталған тауарлардың іс жүзінде жеткізілмегенін, ақша қаражатының қолма-қол ақшаға айналдырылғанын көрсетті

    «№2 Медеу аудандық сотының үкімімен Университеттің «Саймасай»  оқу-тәжірибелік шаруашылығының директоры Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға сотталды», — делінген Алматы қаласы прокуратурасының хабарламасында. 

    Ведомсвтоның ақпаратына сәйкес, залал толық көлемде өтелді.

    Үкім заңды күшіне енді.

  • Науқан басталды: Қарызыңды төле, өсімпұлды есептен шығарамыз

    Науқан басталды: Қарызыңды төле, өсімпұлды есептен шығарамыз

    Алматыда “Қарызыңды төле, өсімпұлды есепТен шығарамыз” науқаны басталды. Акция жылуды пайдаланып, алайда, ақшасын уақытында төлемеген жеке тұлғаларға арналады. Ол үшін тұрғындар желтоқсанға дейін берешекті толық өтеуі керек. Содан соң, “Алматы жылу желілері” мекемесіне жазбаша өтініш беруі тиіс. Айта кетейік, қарыз төленбеген жағдайда тұрғындар жылу мен ыстық судан ажыратылады. Ал берешек сот арқылы мүлік пен есепшотқа тыйым салумен өндіріледі. Соңғы жылдары коммуналдық қызмет елімізде 16 %- ға қымбаттады. Десе де, әр аймақта тариф әртүрлі. Дегенмен еліміз бойынша Алматы тұрғындары орталықТандырылған жылу мен ыстық суға көп төлейді.

  • Ұлытау облысында жүк пойыздары соқтығысып, 4 адам зардап шекті

    Ұлытау облысында жүк пойыздары соқтығысып, 4 адам зардап шекті

    Ұлытау облысында жүк пойыздары соқтығысып, 4 адам зардап шекті. Жұмысшылар жедел ауруханаға жеткізілген. Жағдайлары орташа. Апат Жезқазған қаласынан 65 шақырым жерде болған.

    Барлығы 6 вагон зақымданған. Тіпті кейбірі релістен шығып, аударылып қалған. Қазір темір жол бойы тазартылып, қалпына келтіріліп жатыр. «Ешқандай пойыз қатынасына кедергі келтірмейді»,- дейді мамандар. Естеріңізге сала кетейік, 1 апта бұрын Ақмола облысында да жүк пойызы релістен шығып кеткен еді. Апат себебі әлі анықталуда.

  • Қазақстандықтар шенеуніктердің жалақысын қысқарта алады

    Қазақстандықтар шенеуніктердің жалақысын қысқарта алады

    Енді қазақстандықтар шенеуніктердің жалақысын қысқарта алады. Мұндай мүмкіндік келер жылдан бастап қолданысқа енеді. Яғни, қазақстандықтар мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын онлайн бағалап, олардың жалақысына тікелей әсер ететін болады. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасы жанындағы зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы мәлім етті. Ведомсвтоның ақпаратына сәйкес, 2029 жылға қарай еліміздегі барлық мемлекеттік органдардың жұмысы толықтай цифрландырылады. Рейтингі төмен шенеуніктердің жалақысы қысқарады. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс сапасын арттыру, халықпен байланысын нығайту — жаңашылдықтың басты мақсаты.

  • Кей өңірде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

    Кей өңірде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

    Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман, түнде облыстың шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың орталығында, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

    Қарағанды облысының оңтүстік бөлігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман.

    Ұлытау облысының оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман.

    Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

    Түркістан облысының таулы аудандарында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші 15-20 м/с.

    Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі.

    Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.

  • Қазақстандық футболдағы бас бапкердің басы дауға қалды

    Қазақстандық футболдағы бас бапкердің басы дауға қалды

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің басы тағы да дауға қалды. Ол қазақ тілінде сұрақ қойған журналистке келемеждеп жауап берген. «Французша сұрап тұрсың ба», деп орынсыз қалжыңдаған. Осы жайттан кейін туризм және спорт министрлгі Қазақстан футбол федерациясынан түсініктеме беруді талап етті. Спорт министрлігі мұндай жағдайдың қайталанбауын ескертті.

    ҚР Туризм және спорт министрлігі Қазақстан футбол федерациясынан түсініктеме беруді талап етіп отыр.

    Ведомствоның мәлімдеуінше, әлеуметтік желіде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тілін кемсітуге тырысқаны туралы бейнематериал таралып, қоғам тарапынан наразылық туған.

    «Федерациядан осы оқиғаға түсініктеме беру және С.Черчесовпен мемлекеттік тілге құрмет көрсету туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу талап етілді. Біз мұндай жағдайлардың қайталанбауын қамтамасыз ету үшін федерация тарапынан тиісті шаралар қолданылуы керек деп санаймыз», делінген хабарламада.

     

    Ал, еліміздің футбол федерациясы Станислав Черчесовтің қазақ тілі мен еліміздің мәдениетіне үлкен құрметпен қарайтынын айтып ақталды.

    «Әлеуметтік желілерде жарияланған футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қазақ тіліне құрмет көрсетпеуіне қатысты видеоға байланысты Қазақстан футбол федерациясы жағдайды түсіндірі өту қажет деп санайды. Жазбада видеоның үзіндісі көрсетілген. Негізі бұл сұрақты Францияның ПСЖ клубының формасын киіп жүрген қазақстандық журналист Бегасыл Сейітқанов баспасөз мәслихатында қойғаннан кейін бас бапкер әзілдеп жауап қайтарған болатын. Станислав Черчесов қазақ тілі мен еліміздің мәдениетіне үлкен құрметпен қарайды, сонымен қатар қазақ тілін белсенді түрде оқып жатқанын мәлімдейміз», — деп түсініктеме берді Футбол федерациясының баспасөз қызметі.

    Еске салайық, бас бапкердің басы дауға қалған бұл бірінші жағдай емес. Бірер ай бұрын Черчесов баспасөз мәслихаптында қазақ тілінде сұрақ қойған журналистке шүйліккен болатын. Желіде бұл жағдай көпшіліктің наразылығын тудырғаннан кейін бас бапкер қазақ тілін оқып жатырмын деп құтылған болатын. Спорт министрлігі еліміздегі өзге де федерацияларды мемлекеттік рәміздерге, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауғ шақырады. Орынсыз қалжыңға жол жоқ екенін қатаң ескертеді.

     

     

  • Көпбалалы аналар автобуста тегін жүреді

    Көпбалалы аналар автобуста тегін жүреді

    2025 жылдан бастап олар облысішілік автобустармен тегін жүретін болады.

    Қазір өңір бойынша аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар облысішілік автобустарға тегін отырады. Бұл мақсатта 178 млн теңгеден астам қаржы бөлініп, 5312 бала қамтылған. Бұл туралы ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтылды.

    «Келер жылдан бастап «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Батыр ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар үшін қалааралық және ауданаралық қоғамдық көліктер тегін болады. Оған қажетті қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді», – деді Шығыс Қазақстан облыстық Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Қуаныш Акрамов.