Рубрика: Жаңалықтар

  • Маңғыстауда әртістер «Алаш арыстары» образымен келіп, дауыс берді

    Маңғыстауда әртістер «Алаш арыстары» образымен келіп, дауыс берді

    Маңғыстаудағы референдум учаскесінде Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Шәкәрім Құдайбергенұлы, Мұстафа Шоқай, Жалау Мыңбаев сынды алаш арыстарының образын сомдаған актерлар дауыс берді.

    Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына сүйенсек, бүгін 6 қазан күні Алаш арыстарына арналған «Аманат» спектакілі сахналанады.

    «Ұлт көсемдерінің кейіпіндегі әртістер сайлау учаскелерін аралап, тарихи тұлғалардың өнегесін паш етті. Сайлау учаскелерінде Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Шәкәрім Құдайбергенұлы, Мұстафа Шоқай, Жалау Мыңбаев сынды ұлт қайраткерлерінің және өкпе жыр жүйрігі Сүгір жырау Бегендікұлының кейіпіндегі өнер өкілдері елдің саяси бағдарын айқындайтын маңызды науқанға қолдау көрсетті», – деп жазды өңірлік коммуникациялар қызметі.

  • Референдумда Үлкен ауылының халқы белсенділік танытуда

    Референдумда Үлкен ауылының халқы белсенділік танытуда

    Сағат 14:00-де Жамбыл ауданы (Алматы облысы) Үлкен ауылындағы №332 референдум учаскесінде тұрғындардың 70 пайыздан астамы дауыс берді. Ауыл тұрғындарының белсенділігі таң қалдырады: қазірдің өзінде 775 адам дауыс беріп үлгерді.

    «Бүгін біз референдумның барлық қазақстандықтар үшін маңыздылығын байқап отырмыз, сайлау учаскесінде бәрі әдеттегідей өтуде, ешқандай заң бұзушылықтар тіркелген жоқ», — деп атап өтті Үлкендегі референдум учаскелік комиссиясының төрағасы Әлия Үкібаева.

    Алматы облысында барлығы 643 референдум өткізу учаскесі ашылып, жұмысы тоқтаусыз жалғасуда. Республикалық референдумды өткізуге 655 референдум комиссиясы қатысады, оның ішінде облыстық және 11 аумақтық комиссиялар бар.

  • «Ел өркендеуі керек»: Асанәлі Әшімов референдумда дауыс берді

    «Ел өркендеуі керек»: Асанәлі Әшімов референдумда дауыс берді

    Қазақстанның Халық артисі, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, театр әрі кино актері және режиссері Асанәлі Әшімов Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдумда дауыс берді.

    Артист бұл оқиғаның еліміз үшін маңыздылығын атап өтті. «Бұл – біздің азаматтық борышымыз, оны елеусіз қалдыруға болмайды. Мемлекет халықтың шешім қабылдауына мүмкіндік берді. Сондықтан референдумда дауыс беру маңызды. Ел өркендеуі керек, бұл біздің қолымызда!», – деді Асанәлі Әшімов.

  • Референдум: 6 млн 339 мың адам дауыс берді

    Референдум: 6 млн 339 мың адам дауыс берді

    Комиссия мүшесінің атап өтуінше, 14:00–дегі жағдай бойынша 6 339 425 азамат бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 51,77 пайызын құрайды.

    АЭС бойынша референдум барысында 6 млн 339 мың адам дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты.

    Оның ішінде:

    1. Абай облысы бойынша — 52,99%
    2. Ақмола облысы бойынша — 54,91%
    3. Ақтөбе облысы бойынша — 52,85%
    4. Алматы облысы бойынша — 59,32%
    5. Атырау облысы бойынша — 52,91%
    6. Батыс Қазақстан облысы бойынша — 50,52%
    7. Жамбыл облысы бойынша — 48,80%
    8. Жетісу облысы бойынша — 55,42%
    9. Қарағанды облысы бойынша — 59,92%
    10. Қостанай облысы бойынша — 61,54%
    11. Қызылорда облысы бойынша — 54,13%
    12. Маңғыстау облысы бойынша — 46,19%
    13. Павлодар облысы бойынша — 49,18%
    14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша — 48%
    15. Түркістан облысы бойынша — 67,38%
    16. Ұлытау облысы бойынша — 59,65%
    17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 61,73%
    18. Астана қаласы бойынша — 45,19%
    19. Алматы қаласы бойынша — 16,91%
    20. Шымкент қаласы бойынша — 64,38%

  • Референдумда дауыс бергендердің саны 4,8 млн адамға жетті

    Референдумда дауыс бергендердің саны 4,8 млн адамға жетті

    Сағат 12:00 бойынша азаматтардың келуі туралы ақпарат

    Референдумда дауыс бергендердің саны 4,8 млн адамға жетті.

  • Роза Рымбаева: «Бүгін барлық қазақстандықтар үшін тарихи күн»

    Роза Рымбаева: «Бүгін барлық қазақстандықтар үшін тарихи күн»

    Әнші №17 мектеп-интернатта орналасқан №387 сайлау учаскесіне барды. Роза Рымбаева іс-шараның маңыздылығын атап өтіп, бүгін ел және әрбір қазақстандық үшін тарихи күн екенін атап өтті.

    «Азаматтарымыздың референдумға қатысуы-Қазақстанның болашағын түсінудегі маңызды қадам. Бүгінде әрқайсымыздың өз ұстанымымызды білдіруге мүмкіндігіміз бар. Қарқынды өзгерістер жағдайында референдум қорытындысы бізге еліміздің қозғалысын дамыту векторын көрсетеді», – деді ол.

  • Түске дейін қазақстандықтардың 39,23 пайызы дауыс берді

    Түске дейін қазақстандықтардың 39,23 пайызы дауыс берді

    Орталық референдум комиссиясы сағат 12.00-дегі жағдай бойынша референдум учаскелеріне келіп дауыс берген азаматтардың санын жариялады.

    ОРК мүшесі Шавкат Өтемісовтің айтуынша, дәл қазіргі ақпарат бойынша республиканың 4 804 102 азаматы референдумға қатысқан.

    «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 12.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 39,23%-і бюллетень алды», – деді Өтемісов брифингте.

    Оның ішінде:

    1. Абай облысы бойынша – 42,22 %

    2. Ақмола облысы бойынша – 45,48%

    3. Ақтөбе облысы бойынша – 44,87 %

    4. Алматы облысы бойынша – 41,76 %

    5. Атырау облысы бойынша – 43,94 %

    6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 36,67 %

    7. Жамбыл облысы бойынша – 36,27 %

    8. Жетісу облысы бойынша – 37,35 %

    9. Қарағанды облысы бойынша – 46,89 %

    10. Қостанай облысы бойынша – 44,04 %

    11. Қызылорда облысы бойынша – 37,63 %

    12. Маңғыстау облысы бойынша – 38,50 %

    13. Павлодар облысы бойынша – 36,54%

    14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 39,85%

    15. Түркістан облысы бойынша – 44,52 %

    16. Ұлытау облысы бойынша — 43,31 %

    17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 37,63 %

    18. Астана қаласы бойынша – 41,93%

    19. Алматы қаласы бойынша – 11,88 %

    20. Шымкент қаласы бойынша – 57,03 %.

    Азаматтардың уақытша болатын жерлеріндегі 358 референдум учаскесінде дауыс беру аяқталды.

  • Халықаралық бақылаушылар: заң бұзушылық тіркелген жоқ

    Халықаралық бақылаушылар: заң бұзушылық тіркелген жоқ

    Халықаралық бақылаушылар әзірге ешқандай заң бұзушылықты тіркеген жоқ

    Бұл туралы ТМД бақылаушылар миссиясының басшысы Леонид Анфимов мәлімдеді.

    Референдумды бақылауға ТМД-дан 74 халықаралық байқаушы қатысып жатыр. Олар – Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның өкілдері. ТМД елдерінің бақылаушылары Астана, Алматы және Шымкентте, сондай-ақ Қазақстанның басқа 6 облысында жүр.

    Басқа аймақтарда бақылауды екіжақты негізде Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы және мемлекеттердің бақылаушылары жүзеге асыруда.

  • Референдум: Қонаевта жеке кәсіпкер автошеру ұйымдастырды

    Референдум: Қонаевта жеке кәсіпкер автошеру ұйымдастырды

    Қонаевта «Тұлпар» ретро автокөліктер салонының басшысы Мұрат Сіргебаев автошеру ұйымдастырды.

    «Біз барлық саяси науқанға белсенді қатысамыз. Бүгін референдумға орай, халықтың көңіл-күйін көтеру үшін автошеру ұйымдастырдық. Бұл күні ел болашағы анықталады. Сондықтан әр азамат шет қалмай, азаматтық позициясын білдіруі тиіс деп ойлаймын», – деді кәсіпкер.

    10 көліктен құралған шеру бірнеше референдум учаскелеріне барды. Олар 5 көшені толық аралап, 17 шақырымнан астам жолды жүріп өтті.

  • Нұрсұлтан Назарбаев та референдумда дауыс берді

    Нұрсұлтан Назарбаев та референдумда дауыс берді

    Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев АЭС құрылысы жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді.

    84 жастағы Назарбаев елордадағы «Астана опера» театрында ашылған референдум учаскесінде бой көрсетті.

    Бұрынғы президент бюллетенді жәшікке салып болған соң, журналистермен амандасып, қазақстандықтарға бақыт тіледі.

    «Табысты болыңдар, бақытты болыңдар», – деген ол журналистердің сұрақтарына жауап бермеді.

     

     

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

     

    Публикация от SONA.KZ — НОВОСТИ КАЗАХСТАНА (@sonanews.kz)