Рубрика: Жаңалықтар

  • Қазақстан Президенті референдумда дауыс берді

    Қазақстан Президенті референдумда дауыс берді

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы сайлау учаскесіне барып, АЭС салу бойынша референдумда дауыс берді.

    Референдумда оң шешім қабылданса, АЭС-ті кім салады?

    Президент пікірінше, станция құрылысымен халықаралық консорциум айналысуы қажет.

    Бұл оңай мәселе емес. Үкімет талдау жасап, тиісті келіссөздер жүргізуге тиіс. Дей тұрғанмен бұл жағдайға жеке көзқарасым — Қазақстанда ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан тұратын Халықаралық консорциум жұмыс істеуге тиіс, — деді Президент

  • Бүгін мемлекеттің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданады – Қошанов

    Бүгін мемлекеттің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданады – Қошанов

    Ерлан Қошанов  № 163 сайлау учаскесіне келіп, өз дауысын берді.  Ол сөзінде дауыс беруге ерекше көңіл-күйде келгенін жасырмады.

    Бүгін ерекше мерекелік көңіл күйдемін.  Себебі, бүгін – мемлекетіміз үшін өте маңызды күн. Мемлекеттің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданады. Бастысы бұл шешімді халық қабылдайды. Негізгі мәселе – осы. Бүгін біз Мемлекет басшысы жариялаған конституциялық реформаны қабылдадық. Конституциялық реформасының негізгі мақсаты қандай? Ол – әр азаматтың мемлекеттің саяси өміріне еркін араласуы. Бүгін соның нақты көрінісі болды десек қателеспейміз, – деп түсіндірді Қошанов.

    Мәжіліс төрағасы халық тарапынан белсенділік өте жоғары деп отыр.

    Сіздер, біздер болып, барлығымыз бірге өз дауыстарымызды беруге келдік. Бізге әр өңірден ақпарат келіп отыр. Еліміздің әр өңіріндегі сайлау учаскелерінде халық дауыс беріп жатыр. Халық мемлекет болашағы үшін дұрыс шешім қабылдайды деген ойдамын, – деп қорытындылады Ерлан Қошанов.

  • Шетелде 12 мың адам дауыс береді

    Шетелде 12 мың адам дауыс береді

    Қазақстан азаматтары шетелде дауыс беруі үшін қажет жағдай жасалды. Біз міндетімізді толық орындадық. Дауыс беретін азаматтардың тізімі жасалды. Олардың жалпы саны – 12 485 адам. Сыртқы істер министрлігіне 12 611 бюллетень бөлінді. Қазақстанның 59 елдегі мекемесінде 74 учаскелік комиссия құрылды, –  деді елші Орталық референдум комиссиясы отырысында СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Алуа Нәдірқұлова.

    Айта кетейік, Таяу Шығыста жағдайдың ушығуына байланысты референдум учаскесі ашылмайды.

    Қазір Израиль, Ливан мен Ирандағы қазақстандық дипломаттар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Мұнда референдум учаскелері уақытша ашылмайды. Жалпы дауыс беруге құқығы бар азаматтардың саны: Израильде – 53 адам, Иранда – 132 адам, Ливанда – 43 азамат. Жалпы 228 азамат бар.

    Бұл елдерде тұрып жатқан қазақстандықтарға тұрып жатқан жерінен шықпау ұсынылды.

  • Үлкен ауылы тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр

    Үлкен ауылы тұрғындары референдумға белсенді қатысып жатыр

    Таңертеңнен бастап Үлкен ауылдық округінің 150-ден астам тұрғыны №332 референдум учаскесіне дауыс беруге келіп, белсенділік танытты.

    Бүгінгі референдумның маңызы зор. Бұл – халықтың ел болашағына қатысты шешімдерді өз қолына алатын сәті. Әрбір дауыс берушінің таңдауы маңызды. Өз таңдауымызбен біз мемлекетіміздің дамуына үлес қосамыз. Біз өз болашағымызға немқұрайлы қарамауымыз керек, – дейді ауыл тұрғыны Рахима Қайырбекова.

    Алматы облысының Жамбыл ауданында референдумға арналған 77 учаске жұмыс істеп тұр.

  • Қызылорда облысында 103 жастағы соғыс ардагері дауыс беруге келді

    Қызылорда облысында 103 жастағы соғыс ардагері дауыс беруге келді

    Сырдария ауданында тұратын Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Яхия Тасыров референдум күні алғашқылардың бірі болып өз таңдауын жасады.

    Бірлік әрқашанда маңызды. Мемлекеттің дамуы келешегіміз үшін қажет. Ұрпақтарымыз аман болсын, — деді майдангер.

    Облыста 492 380 адамның дауыс беру мүмкіндігі бар. Өңірде 380 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр, оның 126-ы Қызылорда қаласында, 254-і аудандарда орналасқан.

  • Үкімет басшысы АЭС бойынша референдумда дауыс берді

    Үкімет басшысы АЭС бойынша референдумда дауыс берді

    Үкімет басшысы Астанадағы Оқушылар сарайындағы учаскеде дауыс берді. Айта кетейік, Қазақстанда республикалық референдум өтіп жатыр, осы арқылы азаматтар атом электр станциясына қатысты шешім қабылдауы керек.

    Қазақстан заңнамасына сәйкес, референдум – маңызды мәселелер бойынша жалпыхалықтық дауыс беру. Оны «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заң реттейді, ал ұйымдастырумен арнайы құрылған комиссия айналысады.

  • Референдумда оң шешім қабылданса, АЭС-ті кім салады?

    Референдумда оң шешім қабылданса, АЭС-ті кім салады?

    Президент пікірінше, станция құрылысымен халықаралық консорциум айналысуы қажет.

    Бұл оңай мәселе емес. Үкімет талдау жасап, тиісті келіссөздер жүргізуге тиіс. Дей тұрғанмен бұл жағдайға жеке көзқарасым — Қазақстанда ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан тұратын Халықаралық консорциум жұмыс істеуге тиіс, — деді Президент

     

  • Ерлан Қарин: ТМД және Орталық Азияда референдум өткізіп жатқан бірден-бір елміз

    Ерлан Қарин: ТМД және Орталық Азияда референдум өткізіп жатқан бірден-бір елміз

    «Кез келген референдумға маңызды мәселе шығарылады. Бүгінгі референдумдағы АЭС салу мәселесі де өте маңызды. Қабылданған шешімге байланысты еліміздің экономикалық даму бағыты айқындалады. Референдумға шығарылып отырған мәселеден бөлек, референдумды өткізудің өзі де маңызды. Біз ТМД және Орталық Азия елдері бойынша референдум өткізіп жатқан бірден-бір елміз. Мұның өзі көп нәрсені аңғартады, яғни мемлекет пен қоғам арасында жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпалы бар», – деді Ерлан Қарин дауыс берген соң БАҚ өкілдеріне берген жауабында.

  • Қазақстанда АЭС салуға қатысты дауыс беру басталды

    Қазақстанда АЭС салуға қатысты дауыс беру басталды

    12 миллионнан аса азамат елде АЭС салу-салмауға қатысты дауыс бере алады. Референдумдағы учаске саны – 10 327. Азаматтардың тіркелген жері бойынша сайлау учаскесі – 9 709, уақытша – 618. Оның ішінде 78 сайлау учаскесі (63 елде) шетелде болады. Сайлау комиссиялары мүшелерінің саны – 70 049 адам.

    6 қазан – референдум өтетін күні дауыс беру сағат таңғы сағат 7:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жүргізіледі. Дауыс берушілерге ыңғайлы болу үшін аумақтық референдум комиссиялары өзге уақытты белгілеуі мүмкін.

    Ал бюллетеньде «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» және дауыс берушінің жауап нұсқалары «Иә, келісімен», «Жоқ, келіспеймін» деп жазылған.

    12 сағаттың ішінде дауыс саналады. Өңірлерге Орталық референдум комиссиясына дауыс беру қорытындысының жиынтық хаттамасын жинауға және жеткізуге 2 күн беріледі.

    Орталық комиссия 7 күн ішінде референдумның қорытындысын анықтап, ресми хабарламаны БАҚ-та жариялауға тиіс.

     

  • «Бетперде киген адам» Африкаға барып, құдық қазып берген

    «Бетперде киген адам» Африкаға барып, құдық қазып берген

    Instagram-да өзінің игі істерімен танымал болған бетпердедегі қайырымды адам Африкадағы балаларға көмектеспек ниетте.

    Бұл жолы ол өзінің күш-жігерін Африканың Сомали еліне сапар шегіп, Қазақстаннан тыс жерлерге бағыттады.

    «Бетперде киген адам» Барваако лагерінде жергілікті тұрғындармен видеоға түсіп, жариялаған. Онда ол мешіт, мектеп және тұрғындарды таза сумен қамтамасыз ететін жаңа құдық салып берген. Кадрдағы балалар балалар мен ересектердің қуанғанын көруге болады.

    Бетперде киген адам балалармен футбол ойнап, кітап сыйлаған. Қазақстаннан апарған шоколадты сыйға тартты.